Асыл ана, жан анам
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың еңбегін бағалай білуге,
үлкенге ізетпен қарап, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ
қызына, ұлына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Жүргізуші: Бәріміз де ананың ақ сүтінен нәр алып өсіп-өніп жатырмыз.
Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы-Ана. Ардақты да, аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын ! Бөбектеріңіздің сіздерге
арналған шағын ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
1-бала:
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңіз зор екен,
Құтты болсын, апатай
Құтты болсын мерекең!
2-бала
Айналайын, анашым,
Көкте күн боп жанасың,
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
3-бала
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздаң тарайды.
4-бала
Сен жалықпай жетектеп
Мен жаттыға жетермін.
Айтқанынды екі етпей
Ақ сүтінді өтермін.
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Армысың. әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Жылулық шеңбері:
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық.
Таза ауада салайық,
Жүрек жылуын салайық.
Осы жақсы лебізді,
Аналарға сыйлайық.
Жүргізуші:
Шын жүрек, ақ көңілмен,
Алғашқы көктемгі күнім деген.
Балаларың сіздерді,
Құтықтайды сегізінші науырыз мейрамымен.
Хор: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
5- бала:
Таңым болып атасың,
Күнім болып батасың.
Мейірімді анасың,
Бәрімізге днасың.
6-бала:
Ұл-қызыңа ерген
Немереңбіз әже.
Немереңмен өрген
Шөбереңбіз әже.
7-бала:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым
Сегізінші наурызбен.
Жүргізуші:
Әсем кештің ажары,
Әсем бисіз кіреме ?
Кіп –кішкентай бишілер,
Мың бұралып билейді.
Бүлдіршіндер «Қамажай» биін орындайды
9-бала:
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаға.
10-бала:
Мерекелі күнің,
Қандай тамаша.
Кеудедегі гүлің,
Қалды жараса.
11-бала:
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған.
Бақшадан үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
12-бала:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші:
Береке, бірлік болсын деп,
Би билейік жаңаша.
Күшейтіп бірлік, білімді,
Ән айтайық тамаша.
Ән: «Балдырған»
13-бала:
Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегі де кетпейді.
14-бала:
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар мекен.
15-бала:
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің арайы,
Анамыздан тарайды.
Жүргізуші:
Әншілер бар біздерде қыздар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып кәнекей ән салайық,
Қол соғып демеу берер көрермендер.
Ән: «Мереке күніңмен» қыздардың орындауында.
16-бала:
Анашым менің анашым,
Көңілімді табасыі.
Сен ғой мені ойлайтын
Ерекшесің, панасың
17-бала:
Бәрімізге анасың
Біз үшін күйіп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Мені туған анашым.
18-бала:
Үлкейдім ғой мен енді,
Жудм бүгін еденді.
Аналарға арналған
Жаттап алдым өлеңді.
Жүргізуші:
Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар қонақтар! Сіздерге әрқашан
сыр бермес денсаулық тілейміз. Аналарға арналған «Асыл анам, жан анам»
атты мерекелік кешімізді тамашаладыныздар.