«Менің тәрбиешім» 12.10.16о.жыл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Өзін-өзі тану
Тақырыбы:«Менің тәрбиешім»
Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға тәрбиешінің, ата-ананың, үлкендердің, өмірдегі «Тәрбиеші» екенін түсіндіру;
- тәрбиешілер еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
- ұстаздарды бағалауға, сыйлап - құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жан жылуы:
Кел,балалар,күлейік.
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек,
Күліп ойнап жүрейік.
Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтарды шақырдым.
Ол қонақтар, сендердің шағын топта мектепке бейімделуге үйреткен тәрбиешілерін.
Қонақтармен сәлемдесу.
Ой қозғау: Әңгімелесу
Тәрбиеші мен шәкірт арасындағы сыйластықты қарым-қатынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
- Тәрбиеші деп кімдерді айтамыз? [pic]
- Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз деп санайсыңдар?
- Тәрбиешілерінді қалай қуантар едіңдер?
Ойын:
Тәрбиеші еңбектің мәні рөлдік ойын.
Мақсаты: Балаларға өз тәрбиешілерін құрметтеуге,сыйлауға,еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың тәрбиеші еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мақсатында өлең оқу ұсынылады. «Ұстаз» өлеңі (А. Сопыбеков)
Жүректен-жүректе: Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Саусақтарды біріктіре.
Жүректі біз құрайық,
Жүректегі жылулықты.
Досымызға сыйлайық.
Тәрбиеші ой пікірлерді толықтыру және оқушылардың өз ойларын пайымдауларын байқау үшін «Суретке қарап, ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер»
Жаңа сабақ.
Оқулықта берілген «Жаңа тапсырманы» талдау арқылы тәрбиешінің балалардың өміріндегі маңызы орын алатыны түсіндіріледі.
Оқушыларға тәрбиеші еңбегінің маңызын аша түсетін жаңа оқу іс-әрекетімен танысу ұсынылады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:
Балаларға тәрбиеші еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіну үшін «Менің тәрбиешім» негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.
Қорытындылау
Жүректен жүрекке
Балалар тәрбиешіні ортаға алып, өз тілектерін арнап, ұстаздарымен қосылып ән айтады
Тәрбиеші:Ергебек Жазира [pic]
№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
«Менің тәрбиешім»
(о «в»сынып)
Тәрбиеші:Ергебек Жазира
2015-2016 о.жыл
«Бірлігіміз жарасқан» 15.02.16о.жыл
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан
Мақсаты : «Бірлік» ұғымы,оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жан жылуы.
Сәлемдесу.
-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар шаттық шеңберін құрайықшы.
Біз шаттық шеңберінде күнді бейнелейік
Күн бейнесін бәріміз, қалай шығардық?
[pic] [pic]
-Бірлесе,жарасымдықпен.
Бүгінгі оқу іс -әрекетіміздің тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан». Бірлік туралы ұғымды талқылау. Сұрақтар: -Балалар, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелесу. М.Байділданов «Құмырсқа» әңгімесін оқып беру.
Сұрақтар:
-Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді? -Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?
Ойын: «Кім зейінді»
Мақсаты : Балалар ертегі туралы толық түсінік бере алу.Рөлдік.
Дәйексөз. Халық мақалы: «Бірлік болмай, тірлік болмас».
Түсіндіру. -Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз. Бірлік, ынтымақ болса, береке болады .
Ойын. «Бесінші артық». Бұл ойын бірлікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.
Тыныштық сәті.
Ветер дует нам лицо.
Закачалось деревчо,
Ветер тише-тише,
А дерево выше-выше.
Дәптермен жұмыс: -Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер. -Суретті бояңдар.
Ғажайып сөздер: «Бірлік бар жерде қуаныш бар».
Қорытындылау:
Жүректен –жүрекке.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта бірлік туралы білдік. Бірлік деген сөз – бәрі бірдей жұмыла, бірлесіп бір істі бітіру. Бірлік, ынтымақ бар жерде береке, татулық, сыйластық болатынын білдік.
-Балалар, күн бізге не береді?
-Олай болса, қолымызды созып, сол жылуды қабылдап, бір бірімізге жіберейік!
Бірлігіміз жарасып,тату-тәті екенімізді, жүрек бейнесін құрастыра көрсетейік.
[pic]
Тәрбиеші:Ергебек Жазира.