Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік Күз мереке,күз береке

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
                     Сары шашты жар
қын жүз.
                      Мол
өнімді ісімен
                      Та
ңдандырып халқын күз.
                       Армысыздар ағайын!  Сәлеметсіздер ме, қадірлі 
 
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән: «Жапырақтар»

 Алихан:         Алтын сары,қызыл көк.
                        Алуан –алуан жапыра
қ
К
үзгі бақта күлімдеп,
                        К
өз тартады атырап.

Тұрсынай:       Күздің қазан айында,
                        Алма,алм
ұрт піседі
                        Жапыра
қтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр т
үседі.

Нұрсәт:         Көктемде егін егетін,
                        К
үзде жиып беретін.
                        Бізді
ң дала бай дала,
                        Бізді
ң дала бай дала.

Әдемі; Сау-сау етіп жапырақ,
                       
сабағынан үзілді.
                       
Қоңыр тартып атырап,
                        К
өкке құстар тізілді!

Мырзабек: Алтын нұрдай тамшылап,
                       
Жапырақтар төгіліп
                       
Біздің өмір таң шуақ,
                        Бізді
ң өмір көңілді!

Медина: Жемісі мол теретін,
                   
Күз дос екен бізбенен                       

Бәрін тауып беретін

                  Жомарт екен күз деген.

Ж:                   Сендерді бір көрмекші.
                         
Әуелі жұмбақ жасырам,
                         
Қулығымды асырам.
                          Таба алса
ңдар шешімін, қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ:        Жиып-теріп болатын,
                         
Қамбаға астық толатын.
                         
Қызыл қырман ойнайтын,
                         
Қай мезгіл деп ойлайсың? -Күз

Дұрыс, күз мезгілі.  Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балаларды
ң жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді  шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын к
үз келіп кіреді,қолында көкөніс толы себетімен).
Алтын к
үз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
                    С
әлеметсіздерме ме, қонақтар!
                    Мен - Алтын к
үзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
                   О
ған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,
                   Ойын ойнар т
үр-түрлі!

Ж: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз!  Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер
қарап тұрмаңдар.
Жапыра
қпен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

(Ойын «Көкөністерді ажырат»).
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
           
                                Тағы қандай өнер бар?

Ж:Алтын күз біздің балақайлар шеттерінен өнерлі.Бірі би билесе бірі ән салады,тақпақты да айтады.Ал енді «Алтын күз ханшайымы - 2016»сайысын бастайық.

Сайыс бес бөліммен тұрады:

1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі сән (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
 
5. Күзгі сыйы.(Күзде пісетін жеміс,көкөністерден тағам)

Балабақша директоры: Джереншиева Акмарал. Балабақша әдіскері:

Әділқазылар әр бөлім сайын өз бағаларыңызды бере отырыңыздар,сайыс соңында қорытындылап « Алтын күз ханшайымы-2016» марапаттаймыз.

Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
 
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды-дей отырып «Алтын күз ханшайымы - 2016»атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.


Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.(Өздерін таныстырады)

1-ші ару: Азаматқызы Айару

2-ші ару:Қожас Адеі

3-ші ару:Сансызбай Фариза

4-ші ару:Манат Медина

Ж: «Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.Алтын күз саған арнап біздің балалар ән шырқамақшы.

Ән «Жау-жау жаңбыр»

Ж: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.

Ж: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
      Ма
қтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!
( Орта
ға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Пияз:      Асханадан шы
қпаймын,
           
   Атым - пияз, бұқпаймын.
               К
өзден жасты шығарам,
               Т
ұмаудан бірақ сақтаймын!

Қызанақ:  Тал шыбығым бұралып,
                  Ба
қшаларда қызарып.
                  Т
ұрған ол мен- қызанақ,
                  К
үнге қарап ұялып!

Қос картоп:   Картоп- біздің атымыз,
                       Жер астында жатырмыз.
                       Бір тамырдан тара
ған,
                       А
ғайынбыз бәріміз!

Сәбіз:            Өсіретін бойыңды,
                      Дамытатын ойы
ңды.
             
        Қоянға да азықпыз,
                      С
әбіздерміз жазықсыз!

Би: «Жапырақтар»

Ханшайымдарымыздың өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік. «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ

3 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.

4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша

.5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс.

Ж: Бәрекелді,Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын к
үз: Білмейді екем...
Ж: Ендеше тамашала
ңыз. Би: «Часики»


Ж: Жарайсы
ңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі сән» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

«Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі көкөністерден жасап әкелген салаттарын бағаласаңыздар , жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.Сөз кезегін балабақша директорына береміз.(Жеңімпаз ханшайымды марапаттау)

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі!Ханшайымдардың өнері өрге жетсін. Балақайлар,менің басқа балабақша  бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.  Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше! Ж: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Ж: Алтын к
үздің сыйы- жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.