Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты: __________________
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдер: Сауат ашу
Тақырыбы: Сөйлеммен танысайық
Мақсаты: Балаларға сөйлем туралы түсінік беру, сөйлем құрау, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін туралы түсінік беру.
Білімділік: Сөз, сөйлем жайында түсінік беру. Сурет арқылы сөйлем құруға үйрету. Сөйлем. Сөйлемдегі сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдай білуге үйрету. Сөздік қорындағы сөздерді сөйлем, әңгіме құрауда пайдалана білуге үйрету.
Дамытылушылық: Балалардың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын
Жаңа сөздер:«далада», «әдемі», «гүл», «өседі»
Қолданатын көрнекіліктер: суреттер, жұмбақтар, буындар, ойыншықтар, суреттер
Әрекетті туындату, түрткі болу
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Өзі сондай нәзік, су құйсақ кетеді
Алақанын жазып
-Балалар бұл не?
-Дұрыс. Бұл гүл екен. Мына суретті қарайық. Енді осы гүл сөзін пайдаланып сөздер айтайық.
-Дала. Гүл. Ашылды. Әдемі. Бақ, т.б.
-Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып айтып көрейік.
Далала гүл өсіп тұр. Гүл сондай әдемі. Гүлдің барлығы ашылып, жайқалып тұр. Гүлдерге қарап тұрып менің де баққа гүл отырғызғым келіп кетті.
-Гүл қайда өседі?
-Гүл қандай?
-Енді осы сөздерді біріктіріп айтамыз.
-Далада әдемі гүл өседі.
Сөздер бірігіп келіп белгілі бір аяқталған ойды білдіреді. Осы сөйлем төрт сөзден құралған. Олар «далада», «әдемі», «гүл», «өседі» деген сөзлдерден құралған. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.
Сергіту жаттығуы:
Алма, алма, көп алма
Қызыл, сары, көк алма.
Теріп алып келейік,
Атамызға берейік!
Үлестірмелі қима-қағаздармен жұмыс.
-Балалар мен сендерге суреттер таратып бердім, енді сол суретке қарап сөйлем құрайық.
Жұмбақ жасыру.
Жұмбақтың жауабын тауып, сол сөзге сөйлем құрайсыңдар.
1.Көк-ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді (Қарбыз)
2.Аспай піскен
Қайнамай түскен (жеміс)
Сауат ашу. Әліппе-дәптер бойынша жұмыс. Суреттерге қарайық. Сөйлем құраймыз.
«Балалар доп ойнады»-деген сөйлем үш сөзлен құралған. Осы сөйлемдегі сөздерді буынға бөлейік. Ба-ла-лар доп ой-на-ды.
Осы құраған сөйлемдеріңде қанша сөз бар?
Гүл
Берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрап тәрбиешіге айтып береді.
Жұмбақтың жауабын тауып, сол сөзге сөйлем құрайды.
Берілген схема бойынша сөйлем құрайды.
Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)
«Кім шапшаң?» ойыны бойынша сабақты қорыту.
-Сөйлем неден құралады?
Сөйлем сөзден құралады.
Біледі: Балалар сөзерді , сөйлем құруды біледі.
Түсінігі : Балалардың сөйлем жайында түсініктері бар.
Орындай алады: Балалар берілген суреттер, схемалар бойынша сөйлем құрай алады