Балалардың күлкісі көркі сәні әлемнің
Жүргізуші:
Балалар, бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық ,жылуберетінкүн келу керек еді.бірақ күніміз қйын бір жағдайға душар болған сыйақты. балалар біз күнімізге көмектесемі бе?Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдарма?(«күн» кастюмін киген қыз, төтр бұлт бала шығып, күнді жан-жақтан жауып тұрады) -Күнге нелер кедергі болып тұр?Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін барлығымыз сыйқырлы сөздерді айтайық:
Көк аспанда күн күлсін.
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін
Жерге ұдайы нұр құйсын
(«Бұлттар» екі жаққақарай ашылады,күннің деккорациясы ортаға әкелінеді, жарық жағылады, «Күн- қыз» музыка ырғағымен ортада тұрады.
Күн-қыз.
Сәлем, гүлім
Сәлем, жерім
Сәлем саған- тұған елім!
Бір шаңырақ астында
Сен тұрасың
Ол тұрады
Мен тұрамын
Біз тұрамыз
Жүрек жылуын
Берем саған
Берем сізге
Берем мен бәріңізге
Жүргізуші: Күлімде күн,Күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Беибіт болсын болашақ!
Күлімде күн,Күлімде
Жер жасарып көгерсін
Жаз келді деп қуанып
Шаттанады бүлдіршін!
Би «Балалық шақ»
Жүгізуші:
Бала деген бал дерсің ел еркесі.
Әрбір үйдің шаттығы берекесі
Бүгінгі күн мінекеи балғындардың
Қуанышқа кенелер мерекесі.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар ата-аналар, балалар!
Сіздерді және де кішкентай бүлдіршіндерімізді Халқаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз!
Балалар аман болсын әр үидегі,
Таусылмасын ананың әлдилері.
Би билеп ән айтып томпаң қағып
Мейрімнің шуақты сәбилері
Келесі кезекті әнге береміз «Әнші балапан»
(осы кезде көбелектерді қуалаған қоян шығады)
Жүргізуші:
Қоян ау көбелектерді неге қуалап жүрсің?
Қоян: олар өте әдемі. Ұстап алып үиіме апарып іліп қоямын
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы көбелектерді ренжітуге болама?
Қоян: Ендеше гүлдерді жұлып алып йскеиін
Жүргізуші: Гүлдерді жұлуға болмайды.
Қоян: Жарайды, мен гүлдерді жұлмауға ,көбелектерді қумауғаУәде беремін.
Бірақ мен кіммен ойнаймын?
Жүргізуші:
Сен алдымен балалардың өнерін тамашала.
Тақпақтарға кезек береміз
Аяжан:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
Жансая
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
Әсел Ж
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
Аягул
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Жүргізуші:
Өз бойында күллі арман
Әуені ерке жыры гүл
Мейірленіп нұрланған,
Балалардың күні бұл,--дей келе кезекті әнге берейік
Келесі кезекті ойынға береміз
«Мектепке Жыйналу»
Келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз
Лия
Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын,
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Әсел А
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз,
Біз осы үйдің гүліміз.
Біз осы үйдің сәніміз.
Нұрсұлтан
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй,
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Алма
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз,
Өнер –білім үйреткен,
Бақшамызды қимаймыз.
Әділжан
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Жүргізуші:
Сүйкімділер періштелер сендерсің,
Қандай бақыт өздеріңе тең келсін
Данышпанда ,ғарышкерде, ғаламда
Ең алдымен балалықты меңгерсін
Жас өскенде және солар өнерлі,
Ертеңіне халықтың мол сенері
Бүлдіршіндер асыр салса даламда
Менде оларды қорғап жүргім келеді
Тағыда бір әнге кезнк берейік.
Ән «
Ойын «
Тақпақтарға кезек береміз.
Амир
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен,суретпен.
Тәрбиеші тәтеміз.
Айша
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.
Батыр
Менде кітап аламын,
Мен де оқуға барамын,
Жаман бала дегізбей,
Жақсы оқитын боламын
Ата –анамызға еріп біз,
Келіп ек саған еріксіз,
Мерзімді уақыт біткенде,
Келмей тұр енді кеткіміз.
Толғанай
Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында,
Көп оқыдық көп білдік,
Ел мен Отан жайында
Әнге кезек береміз «
Ойынға кезек береміз «
Тақпақтарға кезек береміз.
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Балабақша есігін
Үшке толмай ашқанбыз,
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді бақшамыз.
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық,
Ашып мектеп есігін,
Өзіңменен қоштасайық.
Аяжан
Білуге де құмармыз,
Мазада алған шығармыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке бізде барамыз.
Әділжан
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз,
Қоштасып балабақшамен,
Дайындыққа барамыз.
Сіздерді сирек көреміз,
Құрметтеп көңіл бөлеміз,
Сыртымыздан жағдайды,
Жасап жүр деп сенеміз.
Жүргізуші:
Қымбатты ата-аналар, қонақтар, ендігі кезекте Сіздерді ертегілер әлеміне саяхатқа шақырамыз.( Ертегі Қойылымы саханаланады.
Ертегілер әнімен балалар ортаға шығып билейді).
Жүргізуші:
Құрметті Қонақтар ,ата-аналар!осымен бүгінгі мерекелік ән шашуымызды аяқтаймыз. Кездескенше күн жақсы. Ел тынышболсын,балалар әрқашанда аман болсын!
Ключевой орта мектебі ММ
Шағын орталық
Ертеңгілік.
Тақырыбы: Балалардың күлкісі-
көркі сәні әлемнің.
Дайындаған: Кайнешова.Б.
Нурпейсова .Б.
Ключевой 2013 жыл.