Работа с родителями по устному народному творчеству (каз. яз.)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ата-аналармен жұмыс:

Отбасымен тығыз байланыста болып, ертегілер арқылы баланың тілін дамытуда ата-аналармен төменгідей жұмыс түрлерін ұсынамын.

Отбасы – қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішірігім ұжым. Ол бала тәрбиесі мен дамуында басты роль атқарады. Сондықтан ата-аналармен жұмыста түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

Ата-аналарға: баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беруді, баланы қызықтыратын кітаптар алып беруді, кітап оқып беруді, баламен бірге уақытты көбірек өткізуді ұсынамын.

« [pic]

Ата-аналарға балалардың бақшада үйренген білімдік дағдыларын үйде баласымен қайталау үшін «Қәне, сөз іздесейік», «Сөзді кішірейтіп айт», «Сөз тіркестерін қысқартып айт», «Сөзге не қосылған» ойынын бос уақытта баласымен былай ойнатуды тапсырамын: тігін-тігінші, ән-әнші, дәрі-дәрігер. «Сөзді кішірейтіп айт» ойыны: бала-бал, ала-ал. «Қәне, сөз іздесейік» ойында суретте берілген заттардың атауын тауып, есте сақтауды қалыптастыруға дағдыланамыз. Осы ойындарды ойната отырып ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады.

Ертегілерден көрініс қою арқылы біз баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білу, есте сақтау, түсіну, рөлдерге бөліп, әдемі сөйлеу білу мәнерін арттырамыз. Сахналандырылған ойындар балаларды әр уақытта қуанышқа бөлейді. Ата-аналар кейіпкерлер сөйлейтін сөздерді жаттауға көмектеседі, соның бейнесін беретін бет перде, костюм әзірлейді.

Ата-аналарға арналған тренингтер – бұл ата-анамен жүргізілетін белсенді жұмыс түрі. Бұл тренингтер арқылы ата-ана баланың мінез-құлқын жақсы бағытқа бұруға, баланың ашылуына, өзіне деген сенімділікке тәрбиелейді. Ата-аналарға арналған тренингтерге отбасы толығымен қатысуы тиіс. Ата-аналар «Сүйікті ойыншықтар», «Менің ертегім», «Балалық шақтан естілік» т.б.тренингтердегі тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындайды.

Ата-аналармен жұмысымда мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім бері стандартының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының отбасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттарын басшылыққа алып, жұмыстанамын.

«Бір жылдығынды ойласаң арпа ек, он жылдығынды ойласан, тал ек, бүкіл ғұмырынды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөзден халқымыздың бала келешегіне аса мән бергенін аңғарамыз.

Бала – біздің болашағымыз десек, осы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналармен бірлесе жұмыс жасаудың орны ерекше. Тәрбие мен білім беруде ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластықты, түсінушілікті, бір-біріне деген шынайы сенімділікті арттыру – бала тәрбиесіндегі жұмысымның басты мақсаты болып қала береді.