МАДс тенологиялық картасы Денсаулық еліне саяхат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас»

Бөлімі: Айналамен таныстыру;

Тіл дамыту;

Валеология

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: - басты құндылықтардың бірі ретінде денсаулық туралы түсініктерін

қалыптастыру;

  • салқын тигізіп ауыру профилактикасы туралы білімді кеңейту;

  • салауатты өмір салты туралы түсінікке тәрбиелеу;

  • өз денсаулығыңды дұрыс тамақтануға (жемістер, көкөністер) ықыластандыру

Билингвалды құрауыш: қызуды өлшеуіш – градусник, сәбіз – морковь,

дәрумен – витамин

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:

  • градусник дайындау;

  • жеміс-жидектер суретін салу;

  • сауықтырушы құралдарды дайындау: лимон, бал, жемістер.

  • «Денсаулық» туралы тақпақтар жаттау.

Көрнекілік құралдар:

  • термометр-градусник (биіктігі – 1,5 м.);

  • профилактикалық іздер;

  • фармацевттерге арналған бас киімдер (колпактар);

  • көкөністер мен жемістер;

  • шырын, оны ішуге арналған түтікшелер, стақандар;

  • үлкейткіш шынылар (лупа);

  • шырынсорғыш


Ұйымдастырушы -қозғаушы






Армысыңдар, алтындарым!

Біз бүгін денсаулық еліне саяхат жасаймыз.

Балалардың назарын термометрге аударады.

  • Мына зат қалай аталады?

  • Ол не үшін қажет?

  • Кім пайдаланып көрді?

  • Қашан, қандай жағдайда?


-Сен ауырғанда өзіңді қалай сезіндің?

-Ал сен ше?


Қазір біз сендермен денсаулық іздері бойынша жүреміз,өзімізге ауырмау үшін қандай көмек көрсету керек екенін білеміз.






Сәлеметсің бе, «Ароматерапия» елі!


- «Ароматерапия» дегеніміз не?


Сәлемдеседі.

Балалар мұқият тыңдайды, термометрге қарайды, қолдарымен сипап көреді, белгілерге көңіл аударады.

  • градусник

  • дене қызуын өлшеуге

  • балалардың жауабы:

  • ауырғанда,

  • жөтелгенде,

  • дене қызуы көтерілгенде

  • маған ыстық болды,

  • жайсыз сезіндім

Балалар із бойынша жүреді – аяқтың табанына профилактика жасайды






[pic]

Сәлеметсің бе, «Ароматерапия» елі!

  • хош иістер,

  • емдік жұпар иістер.

Ұйымдастыру-ізденушілік











- Үстел үстінен не көріп тұрсыңдар?



- Лимонның дәмі қандай екен?

- Ал, балдың дәмі ше?



-Біз қазір сендермен фармацевт боламыз, өзімізге дәмді дәрі дайындап көреміз.(балды лимон шырынымен араластырамыз)

Әр бала үшін жеке дайындайды.

Практикалық жұмыс «Біз кішкентай фармацевттерміз».

Тәрбиеші балалардың киінуіне көмектеседі, лимонның шырынын шығаруға көмектеседі.

- Біз істеген дәріні қалай атауға болады?

-Мен «денсаулық эликсирі» деп атағым келеді. Бұл эликсир бізге жөтелден айығуымызға көмектеседі

-Ал, егер лимон бөліктерімен қолымызды сүртсек, оларды микробтардан тазартамыз.

- Қолымызда бір де бір микроб қалмады, лупамен қарайықшы.


- Балалар, біздің градусниктің қызуы төменге түсті, неге?

(ақырын, сосын шапшаң әуен ойнайды.)

- Балалар, біз «Әуенді терапия» еліне тап болдық.


- Мына іздер бізді басқа әлемге жетелейді.

- Мына жерден біз не көрдік?


- Біз дәрумендер әлеміне тап болдық.

- Қандай витаминдерді білесіңдер?




- Адамға витаминдер не үшін қажет?



- Көкөністер мен жемістерде қандай витаминдер бар?

- Көкөністердің, жемістердің қандай пайдалы әсерлері бар?





- Көкөністер мен жемістерден қандай тағамдар дайындауға болады?

- Сендер шырынды жақсы көресіңдер ме? Оны қалай дайындайды?

- Иә, ол өте пайдалы, сондықтан сендер күнделікті ішесіңдер.

- Мынау шырын сорғыш. Ол бізге

қазір апельсиннен шырын шығаруға көмектеседі.

Тәрбиеші өзі бастап көрсетеді.

- Шырын өте пайдалы, сондықтан да сендер күнделікті ішесіңдер.

Тәрбиеші балаларды «Витаминка» кафесіне шақырады.

(үстел сұлу әшекейленген, орамалдар, гүлмен ваза, тұрбашықтармен стақандар).

Медбике келіп, балаларға:

- Сәлеметсіңдер ме, мен сендерге күндегідей дәрумендер әкелдім. Сендердің денсаулықтарын мықты болсын, сергек болсын.

Балаларға дәрумен таратады.

- лимон, бал

(балалар лимонды, балды иіскейді, дәмін көреді).

- қышқыл, қышқылтым

- тәтті

(беттерімен тыжырынғандары, тамсанғандары - өзіндік уқалау).





Балалар бастарына колпак киеді, қолдарымен лимон шырынын сығып шығарады, балмен араластырады.

Алған өнімдерінің дәмін көреді.


- тәттірек, қышқылтым және т.б.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды: «денсаулық эликсирі».


Балалар лимонмен қолдарын ысқылайды.


Балалар лупаны алады, саусақтарының арасын қарайды.

- Біз емдік эликсир іштік;

- Емделу курсын өттік.


Балалар жан-жағына қарайды, аяқ астында жатқан іздерге қарайды.

Балалар ізбен жүреді.


- көкөністер, жемістер.

[pic]


- А, В, С, Д, Е



- тәбеттің ашылуы үшін,

- денсаулықты күшейту үшін,

- олар ұйқыны жақсартады,

- көңіл-күйді көтереді.


- А, Д, Е - витаминдері

- пияз көздің көруін жақсартады,

- шаштың өсуіне көмектеседі,

- қырыққабат күш береді,

- денсаулық береді,

- сәбіз бойды өсіреді.

- борщ, салаттар,

- ботқалар, кисель, йогуртқа қосады, түрлі тағамдар, рагу т.б.


- иә, жақсы көреміз,

- біз күнделікті ішеміз.


Балалар тәрбиешіден кейін шырынсорғышпен дербес шырын сорады.


Балалар апельсин шырынын ішеді







Сәлеметсіз бе!

Балалар амандасады.




Рефлексивті түзетуші




- Мен сендерге хош иісті шөптері бар сиқырлы дорба сыйлаймын, керуерттеріңнің басына іліп қойыңдар.

-Шөптер сендерге жақсы ұйықтауға, жақсы түстер көруге көмектеседі.

Тәрбиеші балаларды градусниктің қасына жетелейді.

Бұл дені сау адамның қалыпты температурасы.

- Біз барлық тапсырманы жақсы орындадық, деніміз сау, көңіліміз көтеріңкі.

- Десаулық туралы не айта аласыңдар?








- Ендеше өз денсаулығымызға салют атамыз

Балалар сиқырлы дорбаны алып, керуерттерінің басына іледі.




Балалар тәрбиешімен бірге градусниктің қасына келіп, қызудың 36.6 көрсетіп тұрғанын көреді.


- Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

- Басты байлық – денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

- Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Балалар сабын көпіршіктерін алып, шарлар үрлейді.


Д [pic] енсаулыққа салют!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: сөздік қор, жеміс-жидекті дұрыс атай білу, диалог құра білу;

Игеру керек: дені сау болуды, сергектікті, мықты болуды;

Үйрену керек: шығармашылық жұмыста өзінің әсерлі сезімталдылығын

көрсете білуді.
























«Денсаулық еліне саяхат»









Тәрбиеші:У.А.Абдуллина