[pic]
Аташева Ардах Батыровна.
Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.
«Бәйтерек» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Жапырақтардан жасалған балықтар»
Мақсаты: Білімділі: Су асты патшалығы жайлы білімдерін кеңейту, су жәндіктерін жапырақтан жасалу жолдарын көрсете отырып, балықтың бөліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Ұқыпты жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Тәрбиелілік: Өзара көмек беруге тәрбиелеу
Алдын-ала жүргізілетің жұмыстар: Жапырақтардан жасалатын заттар туралы әңгімелесу.
Көрнекі құралдар: Көгілдір түсті қағаздар, кепкен жапырақтар, үлгі суреттер, желім, ұсақ бұтақтар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету, әңгімелеу,ойын.
Сөздік жұмыс: Кепкен жапырақтар, қарақұмық, бұршақ.
Қос тілділік компонент: Жапырақ-лист, қарақұмық-гречка.
Балалардың
іс-әрекеті:
1
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Жылыулық шеңберіне жиналу.
Күнге қарайық,
Қолымызды созайық.
Қуанайық,күлейік,
Күнен шуақ алайық.
Балықтардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп, әңгімелеу, және аквариумдағы балықтар туралы өз ойларын айтқызу. Балаларға үлгі сурет бойынша талдау жасату.
Балалар жылулық шеңберіне жиналып, қимылмен көрсетеді.
Балалар балықтардың аттарын атап, аквариумдағы балықтар туралы әңгімелейді.
2
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі
Суда жүзген балықты кепкен жапырақтан жасау оңай әрі ыңғайлы.Ол үшін бізге көк немесе көгілдір қатты қағаз керек болады. Сонымен қатар бірнеше әртүрлі пішіндес кепкен жапырақтар, қарақұмық, бұршақ, скотч, түрлі түсті қағаз және фломастер қажет.
-Таңдап алған көк түсті қатты қағаздың астыңғы жағын ПВА желімімен желімдеп, үстіне қарақұмық пен бұршақты араластырып себеміз. Кепкен жапырақты қағаздың ортасына көлденең жапсырамыз, балықтың құйрығын жасау үшін бір ұзын, бір кішірек жапырақты таңдап аламыз да, оны бір-біріне жартылай беттестіріп жапсырамыз. Балықтың денесіне теректің немесе қайыңның жапырақтарын, ал құйрығына емен немесе үйеңкінің жапырақтарын аламыз, ал балықтың қанаттарына кішірек жапырақтар таңдаймыз. Балықтың көзін қара фломастермен бояп жасаймыз. Су астының өсімдіктерін, ағаштың ұсақ бұтақтарын желіммен жапсыру арқылы келтіреміз.
Сөздік жұмыс: Кепкен жапырақтар, қарақұмық, бұршақ.
Қос тілділік компонент: Жапырақ-лист, қарақұмық-гречка.
Балалар бойларымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасайық.
Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Бір, екі, үш,
Жоғары қолды созамыз.
Балалар кепкен жапырақтарды балықтың пішініне ұқсата отырып, тәрбиеші көрсеткен үлгі бойынша құрастырып қойып алады да оны ретімен желімдейді. Кепкен жапырақтармен ұқыпты жұмыс жасауға көңіл бөлуі керек.
Балықтардың дене бөліктерін жапырақтарды таңдай отырып, өздері үйлестіріп құрастырады.
Балалар қайталап айтады.
Қимылды жаттығулар жасайды.
3
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
-Балалар біз бүгін кепкен жапырақтардан нені құрастырдық?
-Балықты құрастыру үшін қандай жапырақтар қажет?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау, мадақтау, мақтау.
Балықты құрастырдық.
Балық құрастыру үшін әртүрлі пішіндегі жапырақтар қажет.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балықтардың түрлері және оны табиғи материалдардан жасауға болатынын;
Қандай түсініктерді игерді: Балықты кепкен жапырақтардан жасауды;
Меңгерген іс-әрекет дағдылары мен іскерліктері:Табиғи материалдармен жұмыс жасауды.