Бекітемін:….................
«Достық» б/б меңгерушісі
Ш.У.Ералимова
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі торғай»
Мақсаты : құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту, саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал –жабдықтар: құстар суреті, үлестірмелі материал, ермексаз, стектер,тақтайша,моншақтар,шемішкінің дәні сулық.
Алдын ала орындалатын жұмыс: құстар туралы әңгіме жүргізу.
Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қырылдайды шықылықтайды.
Билингвальді компонент: әдемі-красивый, торғай-воробей, қанат-крыло, ұя-гнездо
ҰОҚ барысы:
Балалар залға кіреді.
Шаттық шеңбер
Алтын күннің шуағы,
Бақыт үшін туады.
Қайырлы таң балалар!
Жарық күннің шуағы.
Тәрбиеші: Балалар,далада жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз.
Тәрбиеші: -Күз мезгілінде қандай өзгешіліктер болады?
Балалар: Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар түседі,құстар жылы
жаққа ұшып кетеді т.б.
Тәрбиеші:Балалар,бүгін көңіл күйлерің қандай?
Балалар: Жақсы.
Тәрбиеші: Менің де көңіл күйім өте жақсы,және сендермен өзімнің
мейірімімен,жылуымен бөліскім келеді. Кане алақандарыңды
тосайық бір-бірімізге.
- Алақандарың жылыды ма? Ал аналарың сендерді құшақтап,сипағанда жылуын силайды.
-Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды.
Білесің бе айта ғой,
Танисың ба? (торғайды)
Тәрбиеші:-Дұрыс, торғай.Бүгін біздер торғай туралы әңгімелесеміз.
-Айтыңдаршы көп құсты қайдан көруге болады?
(далада,паркте,орманда) Ал құстардың бәрі бар ма?
Балалар: жоқ, олар жылы жаққа ұшып кетті
Тәрбиеші:--Ал сендер серуенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші: -Онда, мен сендерді саябаққа серуенге шақырғым келеді.
Бәрің жұптасып тұрыңдар,жолда адасып қалмайық.Ол үшін мына сиқырлы баудан ұстап алайық. (әуен ойнайды)
-Балалар, мынадай сиқырлы сөздерді айтайық:
1,2,3 повернись, в нашем парке окажись! (құстар дауысы фонограмма)
-Балалар, тындайықшы қандай әдемі дауыспен құстар әндетіп жатыр екен.
-Саябақ қандай әдемі,жапырақтардың түстері қандай?
-Мынау қандай ағаш?
Балалар: шырша.
Тәрбиеші: - Дұрыс шырша екен,шыршада қандай құс қонақтап отыр?
Балалар: Сауысқандар.
Тәрбиеші: дұрыс,сауысқандар ,нешеу екен? Қане санайық.
Балалар: 1,2;
Тәрбиеші: енді орысша 1,2;
-Балалар, жан жағымызға қарайық жапырақтар көппе? Түстері қандай?
Балалар: Сары.
Тәрбиеші:-Қараңдаршы, төменде қандай құстар бар кім біледі аттарын?
Балалар: Көгершіндер.
Тәрбиеші:- Нешеу ?
Балалар: екеу (орысша,қазақша санау)
Тәрбиеші:- Мына ағаштың жоғарысында қандай құстар бар?
Балалар: -Қарғалар
Тәрбиеші:-Кане неше қарға бар екен жоғарыда?
Балалар: үшеу (орысша 1,2,3)
Тәрбиеші:-Балалар мынау не ?
Балалар: Жемсауыт
Тәрбиеші: -Мында не отыр?
Балалар: Торғай.
Тәрбиеші:Торғай нешеу?
Балалар: Біреу (орысша- один)
Тәрбиеші: Балалар, жемсауыт не үшін керек?
-Дұрыс оларға қыста жем салып көмектесеміз.
-Ал мына торғай жалғыз болғасын көңілсіз болып, тонып отыр.
-Оған көмектесеміз бе? Жарайды оған достарын –тағы көп торғайларды мүсіндеп береміз бе?
-Енді тағы сиқырлы сөздерді айтайық: «1,2,3, повернись, в нашей группе окажись»
-Орындарымызға отырайық,қолдарымыз тонып қалды жылытып алайық.
(ысқылап жылыту)
(Қауіпсіздік ережесін еске алу,моншақ стек пен қалай жұмыс жасау керектігін)
-Балалар барлық құстарда не болады?
Балалар: 1)денесі,2)басы, 3)тұмсығы, 4)аяғы, 5)қанаты
Тәрбиеші: 1)Біріншіден үлкен кесекті алып одан жұмыртқа тәріздес сопақша жасаймыз.
2)екі бірдей кесек қалды 1-унен бас-домалақ; 2-нен қанатты домалатып жапырамыз да екіге бөлеміз.Денесіне басын қосып,және қанаттаррын қосамыз.
-Кане кішкене сергіп алайық.
Сергіту:
Шыр,шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп кішкентай торғайлар,
Бақшамызды қорғайды.
Тас пен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Енді не жетіспей тұр?
Балалар: көзі,тұмсығы
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, көздерін моншақтан,тұмсығын шемішкінің дәнінен жасаймыз.
-Құстарымыз әдемі торғаларға ұқсайды ма?
Балалар: Иә, өте әдемі.
Тәрбиеші: Енді мына көңілсіз торғайдың қасына қосайық,олар бірге көңілді болып жүрсін,қараңдаршы көп достары бар.
-Сендер торғай туралы тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді?
Арсен: Скачет,скачет воробей,
Кличет маленьких детей.
Киньте крошек воробью,
Я вам песенку спою:
Чик-чирик!
Аз қимылды ойын: «Торғайлар мен мысық»
-Балалар бүгін біздер қайда бардық? (саябаққа)
-Сендер қандай құстарды кездестірдіңдер?
Балалар: сауысқан,көгершін,қарға,торғай.
Тәрбиеші: оларды қандай құстар деп атаймыз?
Балалар: Қыстайтын.
Тәрбиеші:-дұрыс,оларға қыста біздер қамқорлық көрсетеміз,нанның қиқымын жинап береміз. Бүгін өте жақсы еңбектендіңдер,рахмет.Бәріміз қандай торғай мүсіндедік?
Балалар: «Әдемі торғай». Балаларды мадақтау.
Тәрбиеші:- Ендеше, қонақттар мен қоштасайық
«Көріскенше күн жақсы, сау саламат болайық!»