(Ұйымдастырған Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекені, № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Кушекбаева Фериде Алментайқызы)
Тақырыбы: Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Ертегілер әлемі туралы түсіндіру.Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, рөлдерде ойнауға үйрету. Түлкі туралы ертегілер айтқызып, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа, достыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Аңдардың суреті
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу,сұрақ – жауап,дидактикалық ойындар,
Сабақтыңбарысы:
Психологиялық дайындық
Сегізінші наурызмерекесі келді
Бәрімізге шаттық сезім әкелді
Қуанышты күндерде
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді!
Балалар бәріміз терезеге қарайықшы қазір қай мезгіл? (Қазір көктем мезгілі)
Қазір қандай ай? (Қазір наурыз айы)
Бүгін наурыз айының нешесі? (Бүгін наурыздың 9ы )
Ауа райы қандай болып тұр? (Бүгін ауа райы жылы, шуақты болып тұр )
Бүгін аптаның қай күні? (бүгін 4 ші күн Бейсенбі)
Өте жақсы балалар. Балалар қазір көктем мезгілі көктем мезгілінде келетін қандай мерекелерді білесіңдер? (1 – наурыз Алғыс айту күні 8 – наурыз халықаралық аналар мен қыздар мерекесі. 22 – наурыз Ұлыстың ұлы күні). Тамаша балалар!
Балалар қазір мен сендерге өлең оқып беремін, ал сендер мұқият тыдаңдар.
Тал шыбықтай бұралып
Кербез сұлу қу бикеш
Алдыңнан шықса қуанып
Аңтарылып қалма кеш
Құйрығы ұзын әдемі
Көркіне сән береді.
Таңдандырып әлемді
Бізге де сол керегі
Ерінбей інін қазады
Өзі сылқым бұл анық
Қыстан тоңбай шығады.
- Бұл өлеңде не туралы айтылған?
- Түлкі туралы түсіндіріледі.(Түлкінің суреті ілінеді)
- Ол жыртқыш аң, өзінен ұсақ жануарларды аулайды. Оның кішкентай күшіктерін «Мыршай» деп атайды.(қайталау)
Балалар бүінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болмақ . Бүгін бізді түлкі ертегілер әлеміне қонаққа шақырды.. Ал Түлкінің ертегілер әлеміне жету үшін Түлкінің сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен. Алдарыңда мозайка жатыр сол мозайканы құрастырып маған суреттегі ертегінің атын айтып берісіңдер.
(балалар құрап ертегінің атын айтады)
Олай болса балалар
1 – топ Арыстан мен түлкі ертегісін сахналау.
2 – топ Түлкі мен Тырна ертегісі Суреттерді мазмұны бойынша орналастыру.
3 – топ Бауырсақ ертегісін сахналау
Түлкі мен тырнаертегісі
Түлкі мен тырна дос болыпты.бірде түлкі тырнаны үйіне қонаққа шақырыпты.
-Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын.
Тырна түлкінің үйіне қонаққа келеді. Түлкі ботқа пісіріп, жайпақ табаққа салып, тырнаның алдына қояды.
-Тамақ ал! Өзім пісіріп едім.
Тырна жайпақ табақты тұмсығымен шоқып-шоқып ештеңе жей алмайды.Түлкі болма, табақтағы ботқаны тілімен жалап-ақ тауысады.
Бәрін жеп болған түлкі:
-Айып етпе, бұдан өзге берер еш тамағым жоқ,- дейді.
-Осыған да рақмет.Енді сен маған қонаққа кел.
Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келеді. Тырна сорпа дайындап, оны мойны тар құмыраға құйып, дастырқанға қойыпты. Түлкі келгенде:
-Іш қымбаттым.Қысылма,- дейді.
Түлкі құмыраны ары айналып, бері айналып, сорпаны іше алмайды.Құмыраға тұмсығы кірмей қояды.Ал тырна ұзын тұмсығымен шоқи береді.Сөйтіп бірін де ішіп қояды да, түлкіге қарап:
Ренжіме, қымбаттым. Бұдан өзге берер тамағым жоқ,- деді.
-Бір аптаға тойып қайтқысы келген түлкі ренжіп, үйіне аш қайтыпты.....
Сұрақтар:
Түлкі құмырадағы сорпаны не себепті іше алмады?
Түлкі қулығын іске асыра алды ма?
АРЫСТАН МЕН ТҮЛКІ
Автор:Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғыдай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
Қоян.
-Тақсыр аурып қалды жүруге әлі жоқ. деп аңдардың арасында хабар таратады.
Автор:Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, біразырақ сөйлесейік.
Түлкі:
- Мен сізге жақын барар едім-ау, бірақ сіздің үңгіріңізге кірген із бар да, шыққан із жоқ! – Автор:деп түлкі жүріп кетіпті.
Сұрақтар:
Арыстанның көңіл күйі қандай болды?
Арыстанның жағдайын сұрап келген аңдардың жайы не болды?
Түлкі қалай арысттаннан құтылды?
Түлкі қу дегенге қосыласыңдар ма?
Бауырсақ.
Автор:Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне бауырсақ пісіріп беруін сұрайды. Кемпірі қамбадағы соңғы ұнды сыпырып алып бауырсақ пісіріп терезе алдына суытып қояды. Бауырсақ терезеден домалап орманға қарай қаша жөнеледі. Домалап келе жатып алдынан қоян шығады.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
Бауырсақ: мені жемеші мен саған өлең айтып беремін. Атамнан қаштым апамнан қаштым міне енді сененде қашып кетемін – Автор:деп бауырсақ ары қарай домалап кете беріпті. Кенет алдынан қасқыр шығады:
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
Бауырсақ: мені жемеші мен саған өлең айтып беремін. Атамнан қаштым апамнан қояннан қаштым міне енді сененде қашып кетемін – Автор: деп бауырсақ ары қарай домалап кете беріпті. Кенет алдынан аю шығады
Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
Бауырсақ: мені жемеші мен саған өлең айтып беремін. Атамнан қаштым апамнан қояннан қаштым, қасқырдан қаштым міне енді сененде қашып кетемін –Автор деп бауырсақ ары қарай домалап кете беріпті. Кенет алдынан түлкі шығады
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
Бауырсақ: мені жемеші мен саған өлең айтып беремін. Атамнан қаштым апамнан қояннан қаштым, қасқырдан қаштым, аюдан қаштым міне енді сененде қашып кетемін –
Түлкі: Мен қартайдым құрағым да дұрыс естімейді өленіңді тұмсығыма шығып айтып бере қойшы
Автор:Бауырсақ түлкінің тұмсығына шығып өлеңін шырқай бастағанда оны бас салып жеп қояды.
Сұрақтар: Түлкі қулығын іске асыра алды ма?
Өте жақсы балалар тамаша! Балалар біз бүгін түлкі туралы ертегілер еліне саяхат жасадық енді сыныбымызға оралу үшін түлкі бізге тағы бір тапсырма даярлап қойыпты. Экранға назар аударайық. (Экраннан күншіл үйрек ертегісінің суреті шығады)
Бұл суретте қандай ертегі кейіпкерлері бейнеленген?(Күншіл үйрек)
Олай болса балалар түлкінің тапсырмасы ертегінің мазмұнын айту.
КҮНШІЛ ҮЙРЕК
Автор:Ертеде бір сүңгуір үйрек болыпты. Ол көлдегі екі аққуды көре алмапты.
Автор:Кенет түлкіні көріп :
Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің?-
Олардың ұйқтайтын жерін маған көрсетші.
Жарайды көрсетейін олар ана қамыстардың арасында ұйқтайды.
Автор:Уәде бойынша сүңгуір үйрек аққулар ұйқыға кеткен кезде, түлкіні ертіп келеді. Мұны сезген қос аққу оянып кетіп, терең суға жүзе жөнеледі.Ісі сәтсіз болып қарны ашқан түлкі сүңгуір үйректің өзін бас салады.
«Біреуге ор қазссаң, өзің түсесің» деген осы
Тамаша рахмет балалар. Сендерге бір сұрақ қойсам балалар«Біреуге ор қазссаң, өзің түсесің» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сүңгуір үйрек дұрыс істеді ме?
Біреуге жамандық ойласаң не болады екен?
- Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде түлкі туралы ертегілерге тоқталдық. Түлкінің түрлі қасиеттерін білдік. Ертегілер барысында түлкінің қандай қасиеттерін байқадық? (Қу,мақтаншақ, алдағыш) Түлкі сияқты іс - әрекеттерді қайталауға бола ма? (Жоқ болмайды) Бұл қасиеттер сендерде бар ма? (Жоқ) Мақтаншақ болу, бәрін алдап жүру сендерге ұнайды ма? (Жоқ ұнамайды)
Ендеше балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізді мынадай мынадай өлеңмен аяқтайық.
Серуендесең орманда
Қу бикешке алданба
Ісіңе берік батыл бол
Жақсылық саған табар жол
Ұрының ісі оңған ба
Өнеге ал пайдаң сол
Өтірік айтып лаң салма
Беделді бол ортаңда
Кір келтірме атыңа
Сай болсын ісің затыңа
Балаларды ауызша бағалап өту.
4