Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Таным,
Түрі: Құрастыру
Тақырыбы: «Автобус»
Мақсаты: автобус құрастыруға арналған құрылыс материалдарының аттарын атау (кірпіштер,төртбұрыш,дөңгелек, пластина т.б.) пішініне, көлеміне қарай құрылыс материалдарын дұрыс орналастыру арқылы автобус құрастыра білуге үйрету. Үлгі бойынша құрастыру және оны өз қалауы бойынша өзгерту, қоғамдық көлікте тәртіп сақтау, үлкендерге көмек көрсете білуге тәрбиелеу
Алдын ала жұмыс: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру, олардың жерде,суда,ауада жүретін түрлерін салыстырып әңгімелеу
Көрнекілігі: құрылыс материалдарының жиынтықтары, үлгі сурет
Билингвалдық компонент:
Әдіс тәсілдер; көрсету,сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: қоғамдық көліктер
Мотивациялық-қозғаушылық.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Шаттық шеңберін құру.
-Балалар, қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде автобус туралы болмақ
-Балалар автобус қандай көлік түріне жатады?
-Қандай қоғамдық көлік түрін білесіңдер?
-Тақтаға көлік түрлерінің суретін іліп, жеке-жеке тоқталу.
Ішінен автобусты таптыру
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкене ағаштар
Үлкен болып өседі
-балалар бой сергітіп алдық, енді құрылыс материалдарын пайдалануға бағыт беріп,орындалу ретін түсіндіреді.
-Өздерінің қалауы бойынша автобусты өзгертуіне, өз ойынан қосып ауыстыруына жағдай жасалады
Шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешінің іс әрекетін қайталайды
Балалар сұрақтарға жауап береді
Қоғамдық көліктерге: автобус,трамвай,пойыз т.б.
Қимыл-қозғалыспен орындайды
Автобусты өз әрекеттері бойынша құрастыруға талпынады
Рефлексивті реттеушілік.
Балалардың жасаған автобустарын өздерімен бірге талдау жасалады, мадақтау.
Балалар өз жұмыстары туралы әңгімелеп береді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көлік түрлері оның ішінде қоғамдық көліктер түрлері жайында
Игереді; үлгілерді талдау жасауды және қоғамдық көліктердің ерекшелігі туралы түсініктерді
Меңгереді: құрылыс материалдарынан автобус құрастыра алуды және шығармашылық тқрғысынан әңгімелей білуді