Яя және Юю дыбысы және әріпі.
Сабақтың тақырыбы: Я және Ю дыбысы және әріпі.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылырға Я , Ю дыбыстары және
әріптерімен таныстыру.
2. Я, Ю дыбыстарының қосарлы дауысты
дыбыстар екенін түсіндіру.Әр түрлі ойын
ойнату, логикалық ойын дамыту.
3.Достыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ , жауап тусіндіру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткен сабақты қайталау.
3.Жаңа сабақ өту.
Психологиялық сәт:
Көгілдір аспаны
Бақытты боламыз
Өмірдің дастаны
Еңбекқор боламыз.
Балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз. Орманға барамыз. Ол үшін бізге автобус керек.Біз автобусқа міну үшін үй жұмысын сұраймын.Балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік.
Гг дыбысын және әріпін.
Гг дыбысы қандай дыбыс? Не үшін дауыссыз дыбыс?
Гг Гг
Білесің бе?
[pic] нұр , [pic] сім.
Гг ден келетін сөздер: Гүлжан, Шеген, Гүлнұр.
Ал енді балалар біз саяхатымызды бастайық.Балалар біз бүгін жаңа сабақ өтеміз.
Жаңа сабақ: Яя Юю дыбыстары. Ауаға жазамыз.
Яя Юю и + а Я, И + У Ю
Балалар енді оқимыз ян аю
Яқ ою
Яр ұю
Яз ию.
Балалар енді орманға келдік. Бізге қоян кездесті. Қоян тапсырма берді. Пияз , қоян деген сөзді буынға бөліңдер.
Пи - яз қо – ян
Аюда тапсырма берді. Аю , ою.
Қоян мен аюдың тапсырмасын орындадық. Қоянға арнап сергіту сәтін жасап жіберейік:
Қоян ,қоян жан қоян
Ертемен тұршы
Бетіңді жушы
Айнаға қаращы
Шашыңды тарашы
Ал , енді бізді қушы.
Ал енді түлкі тапсырма берді.Суретке қарап ойлан тап ойынын ойнау. Қоян не жегенді ұнатады?
Қоян сәбіз жегенді ұнатады.
Аю не жегенді ұнатады?
Аю балл жегенді ұнатады.
Балалар жарайсыңдар.
Ал енді қасқырдың тапсырмасын орындайық.Ол бізге
Яя Юю әріптерін дәптерге жазу.
Аюға арнап сергіту жасайық:
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
А дейді , Б дейді
Р – ға тілі келмейді.
Балалар біз бүгін не істедік? Саяхатқа шықтық.
Немен шықтық? Автобуспен шықтық.
Қоян , аю , қасқырлардың тапсырмасын орындадықпа? Ия орындадық.
. [pic] [pic]