Ертеңгілік Аналар асыл қазынам

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


"Аналар-асыл қазынам!"

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді «Еркетай»балабар бөбек бақшасының әдіскері: Тауекелова Алтыншаш Кизатовнаға береміз.

Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Тақпақтар
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем айдай»
(Қоңырау дыбысы естіледі).
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (есіктен Кузя кіреді)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі, 
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге
.( қоңырауды сыйлайды)
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен аналарға балалар би билейді
Би: «Көктем келді»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
(Ән әуенімен Кикимора кіреді)
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз аналар күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, сені де мерекеңмен!

Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой (әуенге билейді)
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.
Би: «Лучики»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым...
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Айналайын мама»

(Аналарға балалар сыйлықтарын таратады)
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Ойын «
Гүлдерді жина»
Би: «Гумми бер»

Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

 Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше

 Осымен концертіміз аяқталды.-деп келе Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!
































Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын .

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған немір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

«Құлыншақтар» тобының балалары