Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет
Мақсаты: Балалардың өз Отанына, туған жеріне, отбасына, достарына туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін шығармашылық іс-әрекет үрдісіне көрсете білу дағдыларын қалыптастыру. Түрлі-түсті бояулармен сурет салуға үйрету, бояуға деген қызығушылығын арттыру, ата-аналармен бірігіп сурет салуға баулу. Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру.
Шаттық шеңбер: еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, бәріміз дос блайық.
Тәрбиеші: балалар біз қай Республикада турамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасындар тұрамыз
Тәрбиеші: біздің президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Біздің ел ордамыз қай қала?
Балалар: Астана қаласы
Тәрбиеші: балалар кім Астана туралы тақпақтар біледі?
Тақпақтар
Елдорам менің-Астанам
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп, Айым
Көрікті сондай жас қала
Астанама қарашы, Елімнің жас қаласы
Неткен ұлы, неткен кең, Сайын
Қазағымның даласы!
Ардақталды астанам
Мәртебелі жас қалам, Ален
Көркейе бер күн сайын
Алға қарай бас қадам
Алтын күннің астында
Желбірейді туымыз
Қазақ деген халықтың
Ұлы менен қызымыз
Ару қалам Астанам! Алинур
Бой көтерген жас қалам
Бәйтеректің биік шыны
Ерекше ғой басқадан
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге ата –аналаарымыз келіп отыр. Біз бүгін ата-аналармен бірігіп Астана күніне аранлаған «Менің Қазақстаным» атты тақырыпқа суретсаламыз.
Қазақстанның кең байтақ даласы, көк байрағын, көлін, тауын, жерін саулға болады.
Ойын: «Қазақстан Республикасының қалаларын атап бер» ата-аналарының көмегімен. Ана-аналар балалармен бірге сурет саулға кіріседі.
Жалпы суреттерден көрме ұйымдастыру.