Конспект урокаШай қайнату білеміз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы

«Балдәурен» МдҰ II санатты тәрбиешісі

А.А. Кабашева

Тобы: «II-кіші Еркем-ай»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Шай қайнатуды үйренеміз»

Мақсаты: Тағам және шәй ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: Ыдыстар-посуда, аспаз-повар.


Мотивациялық қозғаушылық




Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы

Сәлем-сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Шаттық шеңберге тұрады Қимылмен орындайды

Ұйымдастыру

шылық-іздестіру






































-Балалар, сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме?

Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

-Шай ішкенде үстелдің үстіне не қояды?

-Қазір біз сендермен шай жасап үйренеміз

Қане ендеше мына үстелге жайғасып отырайық.

Жұмбақ

Кесе, шыны, пияла,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?

(Ыдыстар)

-Балалар үстел үстіне не жайылған?

Дастархан үстінде шай ішуге арналған қандай ыдыстар тұр?

(шәйнек, құман,кесе, қантсауыт, қасық)

-Балалар, мына қорапшаның ішінде не бар екенін көрейік.

Мұнда шай мен сүт бар екен

Шайды қайда саламыз?

Құманға шайды салғаннан кейін үстіне не құямыз?

Дұрыс керегінше су құямыз

Қандай су құямыз ыссы су ма, әлде салқын су ма?

Суымыз қандай ыдыста тұр?

Енді осы құмандағышайды кесеге құямыз. Алдымен кесеге сүт құямыз, содан кейін шайды құйып, керегінше қант салып қасықпен араластырамыз. Енді осы шайларымызды суытып ішеміз.

-Балалар, оны бізге кім даярлайтынын білесіңдер ме?

Дұрыс аспазшы

Мен сендерге Қ.Ыдырысовтың «Аспазшы» өлеңін оқып берейін.

Біздің гүл бақшада

Бар әсем асхана

Бар онда аспаз

Ақкөңіл жақсы апа

Тұрады ортада

Тәп-тәтті тағамы

Апай-ас маманы

Пісіре білгенге,

Астың жоқ жаманы

-Бұл өлең кім жайлы екен?

Ия, балалар, аспаз апай бізге шай, тамақ дайындап береді екен.

Балалар, сендер аспазшы апайлардың есімдерін білесіңдер ме?

Бізге аспазшы апайымыз келген екен қане амандасайық.

Дастархан басына шақырып шай берейік.

Аспазшы апайымыз бізге бүгінгі түскі ас мәзірін айтады.

Енді апаймызға рахмет айтып шығарып салайық

Аспаз - ас даярлайтын апай.

Сергіту сәті

Дастарханды жаямыз

Ыдыстарды қоямыз

Тағамдарды әкеліп,

Дастарханға қоямыз

Ыдыстар-посуда, аспаз-повар

«Орнын тап!» дидактикалық ойны

(үлестірмелі материалдармен жұмыс)

Әр затты бір-бірімен сәйкестендіру.

Ия


Балалар жауабы



Балалар дөңгелене отырады


Жұмбақ шешімін табады





Дастархан

Балалар атайды



Қорапшаға назар аударады


Құманға

Су



Ыссы су құямыз


Шәйнекте

Балалар өздеріне шай құйып алады.







Өлеңді тыңдайды











Аспазшы



Есімдерін атайды


Амандасады


Дастарханға шықырады шай ұсынады

Аспазшыны тыңдайды

Қоштасады




Қимылмен жасайды



Қайталайды


Тапсырманы орындайды



Рефлексивті-түзетушілік


-Балалалр, бүгін біз сендермен не жасап үйрендік?

Мынау ыдыстар қалай аталады?

Шайды құманға салғаннан кейін қандай су құяды екенбіз?

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ыдыстарды дұрыс қолдана білуді

Қандай түсініктерді игерді: Шай әзірлеудің ретін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Шай ішуге арналған ыдыстарының аттарын