Тақырыбы: «Зоопаркке саяхат»
Міндеттері: Гим. орындық үстінен тартылуға жаттықтыру.
Допты лақтырып , қағып алу, арқан бойымен бір қырыннан жүру.
Иілгіштік, координациялық қимылдарын дамыту.
Стречинг жаттығуларын орындауға үйрету.
Жабайы жануарлар жайында түсініктер қалыптастыру,
қимылдарын салып жүруге үйрету, табиғатқа сүйіспеншіліктерін
арттырып, қорғауға тәрбиелеу.
Құралдар: гим. баспалдақ, арқан, доптар, орамал, музыка әуені, аңдар ойыншықтары.
Денсаулық сақтау технологиясы: тыныс алу жаттығулары, стречинг, емдік жолдары.
Оқу қызметі:
Балалар бір қатарда сап түзеп тұрады. Екі звеноға бөлінеді.
Нұсқаушы: Сәлетсіндер ме , балалар! Көңіл күйлерін жақсы ма?
Мен сендерді саяхатқа шақырғым келіп түр. Сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар саяхатқа аттанамыз.
Жұмбақ: «Ауыл маңын ториді
Түні менен ұлиды».
«Тұмсығында мүйізі бар, өзі үлкен дәу сиыр».
«Баласын қалтасына салып тасиды, өзі мықты, алысқа секіреді».
Жұмбақтын шешуін таптыңдар, енді саяхатқа аттанайық.
Сап түзел, оңға бұрыл. Орында қадам бас. 1,2,3- алға қадам бас.
Аяқ ұшымен жүру, қолды маңдайына қойып оңға , солға бұрылып қарау.
Жеңіл жүру, аяқ сыртымен, өкшемен, қолды желкеге қойып жүру. «Жаңбыр жауды, қол шатырды ашамыз». Зоопаркке дейін жүгіреміз. Жеңіл, жыланша жүгіру. Тыныс ала жүру, шашырап жүру.
Ритмика: «Аңдар биі».
Балалар қолдарын созып, шашырап тұрады.
1.Б.қ: тік тұру, қол белде;
1. өкшені кезекпен көтеру (4-5рет)
2. б.қ.
2. Б.қ: «Қонжық арқасын қасиды»
1. оң, сол иықты көтеріп, түсіру, қол дене бойымен; (4-5рет)
2. б.қ.
3. «Маймылдар банан жинайды»
1. б.қ. қол дене бойымен, оң, сол қолды алға созып , көтеріп түсіру.(8рет)
2. б.қ. келу.
4. «Керік»
1. б.қ. аяқ алшақ, қолды жоғары көтеріп, саусақтарды айқастыра ұстап, оңға, солға иілу.(8рет)
2. б.қ. келу.
5. «Жабайы мысық»
1. Б.қ. тізе бүгіп отыру, қол жанымызда;
2. қолды алға ұстап, созылу, басты көтеріп ұстап, арқамен иілу.(4рет)
3. б.қ.
6. «Айлакер түлкі»
1. б.қ. қолды артқа тіреп, тізені бүгіп отыру.
2. б.қ. бүгулі аяқты оң жаққа, сол жаққа еденге тигізе жеткізу.
3. б.қ. келу.
7. Демалу жаттығуы.
Негізгі жаттығу.
Екі звеноға бөліну.
1.«Маймылдар ағашқа өрмелейді» гим. орындық үстінен етбетімен жатып, екі қолдын көмегімен алға қарай тартылу.
2.Допты екі қолымен лақтырып, қағып алу.
3.Арқан бойымен , бір қырымен табанын арқан ортасына басып, тепе – тендік сақтап жүру.
4. Тыныс алу жаттығуы. «Әтеш» - ку- ка- ре-ку.
Ойын: «Жабайы аңдар»
Ойын шарты: Балалар жіп бойымен тізіліп тұрады, жабайы аңдарды атайды. Бір бала жабайы аң болып сайланады. Жіптен алға, артқа секіріп, жабайы аңның қолына түсіп қалмауға тырысады. Ойын бастаушы қолындағы орамалымен секірген балаларды соғуға тырысады. Орамал тиген бала ойыннан шығып отырады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
Жеңіл жүру.
Стретчинг жаттығуы.
«Жылан» жаттығуын шығыс музыка әуенімен орындау.
Аяқты созып еденге отыру, қол жанымызда.
Қолды аяқ ұшына жеткізе созылу.
Аяқ арасы алшақ, қолды созып оң, сол аяққа жеткізу.
Арқаны тік ұстап отыру, алақанды беттестіре, қолды ирелендетіп жоғары, төмен созыла көтеріп түсіру.
Саусақтарды беттестіре бастан жоғары көтеріп ұстау.
Мойынды алға, артқа қозғау.
Арқаны тік ұстап отыру, оң, сол қолымен оңға, солға иілу.
Қолды жоғары көтеріп, омыртқаны созып ұстап отыру.
Қорытынды:
Балалар сап түзеп тұрады. Саяхаттан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрап әнгімелеу, топқа қайту.