«Күз»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін тереңдету. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тіл байлықтарын дамыту.
Сабақтың барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Қуандырып біздерді. Берекелі күз келді. Рақмет айтып біз Күзге Тоямыз біз көкөніспен, жеміске
-Балалар, қазір қай мезгіл? (Күз мезгілі)
Күз мезгілінің айларын атайықшы (қыркүйек,қазан,қараша)
Дидактикалық ойын: «Көкөніс пен жемісті ажырат»
Балалар ойын шартын орындайды.
-Балалар, күз мезгілін неліктен Алтын күз дейді. Себебі ауа райы салқындайды, ағаштар сары түске айналып жапырақтар жерге түседі, айнала сары түске айналды, сондықтан Алтын күз дейді.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Нұржан: Күзім-ау, күзім-ау.
Мінезің суық –ау
Жаңбырдың сіркіреп.
Келгенің қызық-ау.
Аманат: Көкті қара бұлт басты,
Жапырақтар сарғайды.
Құстар ұшып барады.
Алтын күзде басталды.
Кәусар: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ойын: «Дәміне қарай ажырат»
Шарты: туралған түрлі жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін айтып беру.
Сергіту сәті: Ағаштарын жапырақтар үзіліп,
Бірі ұшып,бірі жерге қонады.
Жаңбыр жауып, күн күркіреп
Суық желі соғады.
Осындайға шыдамаған құстарым
Жылы жаққа тобымен ұшады.
Қимылды ойын: «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әуен басталғанда билейді, әуен тоқтағанда жапырақтар жинап себетке салу керек. Қай топ көп жинаса, сол жеңіске жетеді.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінен не туралы білгендерін, естерінде ненің ерекше қалғанын сұрап, жақсы қатысқандары үшін балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды.