Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Қарашоқат бекеті «Бәйшешек» балабақшасы Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі Ниязова Гүлнара Маратқызы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айна» (ертегі)
Мақсаты:Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым- қатынас әлемімен таныстыру. Сөйлеуге әңгімелей білуге жетелеу.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, мақал мәтелдер.
Әдістері: Көрсету, үйрету.
Күні: 12. 05. 2015 жыл
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Баланың
іс - әрекеті
Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі
Ұйымдастырушы ізденуші
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік.
Кел, балалар,күлейік,
Күлкіменен түлейік
Күлкі- көңіл айнасы,
Күліп өмір сүрейік.
Балалар сендер «Айна» ертегісін оқу, әңгімелеу, мазмұнын ашу.
Сергіту сәті:
Ал ,балалар, тұрайық,
Мойынымызды бұрайық,
Қолымызды бұрайық.
Жел сияқты қалықтап
Оңға, солға иіліп,
Денемізді бұрайық.
Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Ертегіде не жайлы айтылған?
«Айна» ойыны
Ойын шарты:әр бала айнаға қарап
Кірпідей жиырылады,
қояндай көздерін жыпылықтатады, керіктей мойындарын созады. Мұның бәрі бала үшін жаттығу.
Ертегі сахналау: Балалар атрибуттар киіп ертегіні сахналайды.
Шеңберге тұрып,
балалар өлеңді қайталайды.
Балалар өлең жолдарын тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Қимылдар жасайды.өздерін айнадан көріп, көңіл күйлері көтеріледі.
Рефлекстік - түзету
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай ертегімен таныстық? Жарайсыңдар балалар.
Сендер ойынға өте жақсы қатыстыңдар.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын
Нені меңгерді: Кейіпкерлердіңіс-әрекетін бағалай білуді, ертегінің мазмұнын айта білуді.