Мектепалды даярлық сыныбы бойынша ашық сабақ Төрт түлік мал ырысым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Төрт түлік мал ырысым.
Мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлары, әңгімелері арқылы танымын, жан жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту, балаларды тазалыққа, бірін -бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Таңертеңгі жиын.
 
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң,қайырлы күн.
Күлімсіреп шықты күн.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық, балалар. Біз жайлауға келдік. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен?
Балалар: Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
- Олар қалай дыбыстайды?
- Балалар, көк майсаға жайғасып отырайық, таза ауамен дем алып, кішкене тынығып алайық. Мұнда қараңдар бір қоржын жатыр ғой.Оның ішінде хат бар екен. Оқып көрейік.Хаттың иесін табу үшін біз сұрақтарға дұрыс жауап беру керекпіз.
1- сұрақ. Төрт түлікті ата, оларды қалай шақырады?
Назерке:
Жолға шықсам көлігім,
Жапанда жүрсем серігім.
Қамбар ата өсірген
Құлан атым менің қайдасың?
Құрау құрау.
Ислам:
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен жүнін тараған.
Көкке мұрнын шүйірген
Зеңгі баба өсірген
Әукешім менің қайдасың?
Аухау, аухау.
Жібек:
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным.
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың?
Пұшайт, пұшайт.
Жансая:
Жаңбыр жауса бақырған
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте малды бастаған
Шөре, шөре
Құрмет:
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай.
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсылқара баласы
Ботақаным, қайдасың?

Тәрбиешісі:
-Балалар ,өте жақсы. Ендеше қоржыннан келесі сұрақтарды алып оқиық.
-Төрт түлік мал туралы жаңылтпаш білесіңдер ме?
Нұрсұлтан:
Ақ лақ аппақ па?
Ала лақ апппақ па?
Ала лақ аппақ емес,
Ақ лақ аппақ.
Ақерке:
-Әй Айдарбай,
Айыр мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, тағы келесі сұрақтарды оқиық.
-Балалар, төрт түлік мал туралы жұмбақ шеше аласыңдар ма?
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бәр шыбыртқысы бар. (сиыр)
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Тәрбиеші: Келесі сұрақта санамақ білеме депті.
Бір дегенім- баспақ
Бұзауды жүр бастап.
Екі дегенім- ешкі
Ешкі қойдан есті
Үш дегенім- үйрек
Жем бер, қолға үйрет.
Анеля:
Төрт дегенім- тайлақ
Тайлақты қой байлап
Бес дегенім- бие
Құлынына ие.
Алты дегенім- атым
Мініп жүрсін атсам.
Алмат
Жеті дегенім -жорға
Жорғаны мін жолға
Сегіз дегенім -сиыр
Сиыр тұзға үйір.
Тоғыз дегенім- тоқты
Тоқты жемді соқты.
Он дегенім- осы
Төрт түліктің досы.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар келесі сұрақ төрт түлік мал туралы мақалдар білесіңдер ме? -деп сұрайды.
Жансая:
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Дәурен:
Нар жолында жүк қалмас.
Аружан:Семіздікті қой ғана көтереді.
Сиырдың сүті тілінде.
Айым:Жылқыда өт жоқ. Құста сүт жоқ.
Тәрбиеші: Қоржында соңғы сұрақ қалыпты.Төрт түлік жайлы ырым тыйым сөздер айту.
Балалар:
Малды теппе, ақты төкпе.т.б
-Жарайсыңдар, балалар, сендер жайлауға келген соң, бойымызды бір сергітіп алайық.
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Сергіті сәті.
Дөңгеленіп тұрамыз
Уықтарды құрамыз
Айналамыз, айналамыз
Киіз үйді құрамыз.
Тәрбиеші:
Төрт түлік ішіндегі ең шыдамдысы қайсысы деп ойлайсыңдар?
-Түйе.
 
-Дұрыс айтасыңдар, ең киелісі не?
-Жылқы.
-Бізге ол не береді?
Сүті дәрі, шипалы сусын, еті дәмді, терісі тон.
-Ат жарыс түрлерін білесіңдер ме?
Бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге алу,аударыспақ.
Тәрбиеші:
Осы жылқыны бағатын адамды кім деп атайды?
-Жылқышы.
Тәрбиеші:
Міне, енді таптық, бізге жасырылған сұрақтарды қоржынға жылқышы атай салып кетіпті.
Бізді жайлауға келіп қалар деп көп күтіпті, сондықтан атайға сыйлық әзірлейміз бе?
Балалар:
-Иә,иә.
Тәрбиеші:
Бұл өте дұрыс шешім,жылқышыны риза ету үшін ермексаздан құлыншақ мүсіндеп берейік.
Балалар мүсіндеуге отырады.
Тәрбиеші мүсіндеудің әдіс тәсілін көрсетіп, бағыт бағдар береді.
 
Тәрбиеші:Балалар,құлыншақтарың өте әдемі шықты.
Осы біздің жылқышы атайға сыйлығымыз болсын, жайлауға тағы келерміз.
Тәрбиеші:
-Балалар, сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Барлығың сабаққа жақсы қатысып отырдыңдар, жарайсыңдар!