Дем алу гимнастикасы балабақша.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дем алу гимнастикасы

  1. «Ботқа піседі»

Отыру, бір қолды ішке, бір қолды кеудеге қою. Ішті тарту, кеудеге ауа жинау – дем алу. Кеудені жіберіп отырып, ауаны біртіндеп жіберу және ішті алға шығару – демді шығару. Осы кезде «ш-ш-ш-ш-ш» деген дыбыс шығару. (4-5 рет қайталау).

  1. «Өзінді құшақта»

Тік тұру, аяқты сәл ашып қою, қолды екі жаққа созу – терең дем алу. Екі қолмен иықты құшақтап - жылдам дем шығару және «ф-у-у» деген дыбыс шығару (6-8 рет қайталау).

  1. «Малту» (Шомылу)

Тік тұру, аяқ сәл ашық. Екі қолмен шомылу (малту) әрекетік жасау. Қолды алмастыру кезінде «ф-у-у» дыбысын шығару (алға 5-6рет, артқа 5-6рет қайталау).

  1. «Тауда шаңғы тебуші»

Тік тұру, қол білекте сәл бүгілген, жұмырдық түйілген. Дем алу – қолды жоғары биік көтеру, яғни таудан түсу әрекетін жасап көрсету, «таяқпен итеріп» қолды төмен түсіру, отыру – демді шығару «ф-у-у-у-у».

  1. «Ағаш жарушы»

Тік тұру, аяқты сәл ашу, қолды (саусақты) «құлыпқа салу» қолды жоғары көтеру – дем алу. Алға еңкейю жылдам қолды түсіру (ағаш жару). Демді шығару кезінде «у-у-х-х-х» дыбысын шығару.

  1. «Насос»

Тік тұру, аяқ бірге, қолды дене бойымен бірге қою. Дем алу денені бір жаққа еңкейту. Дем шығару – қолды дене бойымен сырғанатып, қатты «ссссссс!» - деп дыбыс шығару. Тік тұрып – дем алу, келесі жаққа еңкейіп жаттығуды 6-8 рет қайталау.

  1. «Шаңғышы»

Шаңғымен жүру әрекеті. Мұрын арқылы демді шығару және «мммммм» дыбысын шығару 1,5-2 мин.