Ашық сабақ Менін отбасым Білім саласы -Қатынас, тіл дамыту.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]

«Жұлдыз-ай » Тамды бөбекжай- балабақшасының әдіскері








Ашық сабақ.

Тіл дамыту. Қатынас

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: отбасы мүшелерінің аты- жөнін қазақша айтқыза отырып, сұрақ жауап әдісімен қысқаша сөйлем құрай білуге үйрету. Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: отбасылық суреттер, тақпақтар, жұмбақтар,ойындар.

Әділ-тәсіл: көрсету, сұрақ- жауап, әңгімелеу,ой бөлісу.

Өткізілу формасы: жеке, топтық, ұжымдық.

  1. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

Шаттық шеңбері:

Балабақш, бармысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың!

Құшақтасып алайық.

  1. Ұйымдастыру –іздестіру.

Тәрбиеші: - Балалар, сендердің әрқайсыңның өздеріне жақын адамдарың бар. Олар сендерді жақсы көреді және сендердің бақытты болуларың үшін барлығын жасайды. Ол сендердің отбасындағы ата –аналармен, бауырларың.

Тәрбиеші: - Балалар енді сендер менің сұрағыма жауап беріңдерші.

  1. Отбасы деп кімдерді айтуға болады?(балалардың жауаптары)

  2. Отбасыларында неше адам бар? (оларды атандар)

  3. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдаршы (қайда жұмыс істейді)

Ал енді кім маған ана туралы тақпақтар айтып береді?

Дастан: Мамам, мамам ақ мамам

Мен өзіндей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын,

Жұмсағанда барамын.

С.Адина: Мейірімді, сымбатты,

Қадірменді, қымбатты.

Ең жақын жан балаға.

Кім десеңдер, ол – Ана!

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар, сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсындар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсындар, сергіту сәтін жасайық.

Бас аяқты топ-топ,

Шапалақпен хоп-хоп,

Бір оңға, бір солға

Өз өзіңді айнала.

Тәрбиеші: - Балалар, сендердің ата –әжелерің бар ма? Сендер ата – әжелеріңді сағынған боларсыңдар? Ата- әженің үйіне қонаққа барайық.

Балалар: Иә апай барайық.

Тәрбиеші: Онда ата- әжелеріңе қонаққа барып келейік, үлкен кісілермен амандасып.

Әже: Саламатсыздар ма, балаларым! Үлкенді сыйлап сәлем беріп,келгеңдеріне қуанып қалдым, қарақтарым. Осындай тәртіпті болып өсіңдер!

Мен сендерге бүгін « жеті шелпек» пісіріп қойып едім,ауыз тиіңдер.

Тәрбиеші: Ал ата- әже біздің балалар сіздерге тақпақтар айтып береді.

Ақсезім: Аппақ күміс сақалды

Жақсы көрем атамды.

Шахматтан ол бүгін

Меннен тағы мат алды.

Мерует: Менің әжем әлі де

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді

Керек болса бәріне.

Әже: Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.

Ойын: «Жіппен»

Жіпті тарқатып тыстайды, ал екі бала оны жинайды.

Тәрбиеші: Әже рұқсат болса біз қайтайық. Біздің бақшамызға қайтатын уақыт болды.

Әже: Ой, балаларым, сендердің аман- саулық сұрасып келгендеріңе бір шалқайып қалдым, өркендерің өссін! Мерейлерің үстем болсын! Мен сендерге дайындаган сыйлықтарым бар еді келе қойыңдар. (сыйлыө тарады)

Ата: Балаларым мен сендерге батамды берейін.

Мен батамды берейін.

Үстем болсын мерейің.

Хақ қолдасын ісіңді.

Қайда жүрсеңде есен бол!

-Аумин!

Тәрбиеші: Әже- ата сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар! Балалар қоштасады ата-әжемен.

Бас бармақ

Балан үйрек

Ортан терек

Кішкене бөбек

Шылдыр шөмек.

Қуыр-қуыр қуырмаш балапанға бидай шаш.

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды. Балалар бүгін біз отбасымыз туралы әңгімелестік. Балалар біз кімге қонаққа бардық айтындарш? Ата- әже бізге не берді? Қандай ойын ойнадық? Сендерге сабақ ұнады ма?

-Біз бүгін отбасында туыстардың, жақын адамдардың бірін-бірі жақсы көретіні, сыйласып, тату болатыны, бір-біріне әрқашанда көмектесіп, қамқор болатыны туралы білдік. Отбасы мүшелері бір- біріне түсіністікпен, сүйіспеншілікпен қараса, барлығы бақытты болып, отбасында татулық орнайды.

Балалар қонақтар мен қоштасайқ.

















[pic]

[pic]

[pic] [pic]