Технологиялық карта, білім беру саласы: Музыка, тақырыбы: Балдырған әні

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімдері: Музыка.

Тақырыбы: «Балдырған» әні.

Мақсаты: балаларды жаңа ән үйренуге ынталандыру. Жаңа әнді меңгеру, әнді тыңдап түсіну, әуен мен қимылды бір - бірімен үйлестіруге тәрбиелеу. Ән мәтініне назар аудара білулерін және таза да түсінікті етіп айтуларын қалыптастыру. Музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Құрал-жабдық: муз.аспап билингвалдық компонент: балалар-дети,ән-песня.


Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка Тәрбиешісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіз бе!

- Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
- Музыка сабағында біз не үйренеміз?
- Жарайсыңдар!

Тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді.





Тақпақ айтады

Іздену-ұйымдастырушылық





-Балалар, музыка оқу іс-әрекетінде әдетте біз не істейміз?

-Дұрыс, дауыс қыздыру жаттығуын жасаймыз.

Балаларға дауыс қыздыру жаттығуын бірнеше рет қайталатады.


-Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
-Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане:
бәрі бірге: Домбырада – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, фабрикада - фа, Галяда - ля,
Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды.
-Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
-Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді)
-Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар?
-Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.

-Балалар, қазір біз жаңа ән үйренеміз. Әннің аты: «Балдырған»

Тәрбиеші «Балдырған» әнін балаларға бірнеше рет қайталап айтып береді.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Ойын: «Муз. аспаптың даусын анықта». Балалар көздерін жұмып тұрады, тәрбиеші музыкалық аспаппен ойнайды, балалар қай аспаппен ойнағандығын табуы керек.

Сұраққа жауап береді.


Дауыс қыздыру жаттығуын жасайды.










Ойын ойнайды.






Жаңа әнді тыңдап алып, тәрбиешімен қосылып айтады.



Сергіту жаттығуын орындайды.




Ойын шартын орындайды

Рефлексивті-түзетушілік



-Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

-Біз қандай ән үйрендік? Қандай ойын ойнадық?

Сұрақтарға жауап береді.

Болжамды нәтиже:

Білуі керек: өткен әндерді жатқа айту.

Қалыптасқан әдет: әнді әуенімен қайталап айту.

Істей біледі: көңіл көтеріп, ән айту.