Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
– Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. .
Ұстаздар шығарады кеменгерді,
Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.
Ду қол шапалақпен қарсы алайық,
Бүгінгі салтанат иелерін.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Тақпақтар
1 оқушы:Индира
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын
2 оқушы: Арина
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
3 оқушы: Нұрай
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
4 оқушы:Жанайым
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
4 оқушы:Нұралы
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
5 оқушы:Бейбарыс
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
6 оқушы:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз..
(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)
– Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен «Білімханшайымымын» балалардың мектепке барардағы білімдерін көріп,тамашалайын- деп келдім. Менің қолымда бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан
ІІІ тапсырма Математика сабағынан.
ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.
І тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан» туралы жаттаған өлеңдерің барма?
–Елбасымыз кім?
– ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
– Неше жыл мезгілі бар?
– 1 аптада неше күн бар?
– Бүгін аптаның қай күні?
Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !
ІІ тапсырма
– Дыбыстар нешеге бөлінеді?
– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
– Дауыссыз дыбыстарды ше?
– Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
– III тапсырма
– 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
– Берілген фигураларды атаңдар?
Төрт бұрышы бар пішін қалай аталады?
Үш бұрышы бар пішін?
Дөңгелекте неше бұрыш бар?
Сандардың көршілерін ата?
Есеп шығара білеміз бе?
Санамақ білесіңдер ме?
Тәрбиеші:Әрине біледі.
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді ,
Айтып берер санамақ.
(Санамақтар айтқызу)
1 саны-Арина
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2 саны-Амина
Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді-бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3саны- Рауан
Екіден соң арқашан
Үш санымен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4саны-Индира
Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5саны-Жанайым
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолымның саусағын
6саны- елнұр
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бестен басталып
нөлмен бітер аяғым
7саны-Нұрай
Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8саны-Асия
Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9саны-Бейбарыс
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламыз тоғыз
10 саны: Нұрайым
-өте тамаша.жарайсыңдар балалар!
Мен сендерге жалғыз келген жоқпын.өзімнің досым әліппеніде алып келдім.
Қане,бәріміз «Әліппені қарсы» алайық!
Әліппенің сөзі:тақпақ айту
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Енді сендерге арнап бір ән салып берейін.Қабыл алыңыздар.
Ән:Әліппе
Өте тамаша .Жарайсыңдар балалар!Білімдеріңді көрдік.Енді өнерлеріңді тамашалайық!
ІҮ тапсырма
Тәрбиеші:Онда сіз төрге шығып,біздің бүлдіршіндердің өнерлерін бір бірге тамашалаңыз.
(Өнерлеріңді тамашалайық)
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған,халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық-дей отырып кішкентай шығыстың ханшайымдарын қарсы алайық
Би: «: «Шығыс биі»
Тақпақтар: Рауан,Елнұр,Әлижан,Алинұр,Диас,Мансұр,Ерасыл,Бейбарыс
ӘН: «Ертегілер» орындайтын Ермұхаметова Амина
Сахналау «Мақта қызбен мысық» ертегісі
Тәрбиеші: Ендеше, қонақтарымызға Ыбырай Алтынсариннің Мақта қызбен мысық ертегі кейіпкерлерінің рөлін өздерің ойнап көрсетесіңдер.
Автор:Амина
Мақта қыз: Асия
Мысық:Жанайым
Сиыр:Нұрайым
Ағаш:Арина
Қыздар:Индира
Дүкенші:Нұрай
Тауық: Әлижан
Тышқан: Рауан
Тәрбиеші:
Рахмет балалар.Мен сендердің білімдеріңді,өнерлеріңді көріп риза болып отырмын.
Енді сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Ән: «Мен әдепті баламын» орындайтын Абрешова Асия
( Хормен барлық бала айтады.)
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Ән: Біз мектепке барамыз(хор)
Балаларға алғыс хат тапсыру.
Тәрбиеші: Мектепке енді кеттіңдер, алуға терең білімді.
Озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар.
Ата – ананың ақтап үмітін, білімді болып шығыңдар! – деп сендерге сәт сапар тілеймін.
Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім.
Маған қызық тілдерің.
Естен кетпес күндерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар!-дей отырып жақсы жетістік көрсетіп,биылғы оқу жылында балапан облыстық интелектуалды конкурсқа қатысып, 2 орын иеленген менің бүлдіршіндеріме алғыс айта отырып
Мына мақтау қағаздарын ұсынуға рұқсат етіңіздер.Сондай –ақ мектеп өміріне белсене қатысып,ат салысып жүрген ата-аналарғада алғыс хат ұсынамын.
Соңғы вальс (музыка қосу)
Тәрбиеші:
Құрметті менің түлектерім!
Әрқайсысың өзгешесің, дарасың
Бүгінен бастап алыстап менен барасың.
Білім деген теңіздің шығып бетіне
Өріне жүзіп, тұнығына қанасың!
Еркелікті бәрінде енді қоясың,
Білімнің шәрбәт сусынына тоясың
Білімнің кілтін талмастан іздеп талпынсаң,
Өмірде мынау толық адам боласың -
Қорытынды
– Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар ақ жол тілеймін!
Еркін микрофон.