Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.Тақырыбы: Киіз үймен танысу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Сәулетай» тобында ұйымдастырлған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным Бөлімдер: Қоршаған ортамен таныстыру Күні:

Ұйымдастырлған оқу іс- әрекетінің тақырыбы : Киіз үймен танысу Мақсаты:. ;Халықтық салт-дәстүрімізбен таныстырып,өз халқының дәстүрін,салтын мәдениетін,әдет-ғұрпын құр-меттей білуге баулу. Жас ұрпақты өз ұлтының дүниетанымын, сұлулықты сезіне білуге,адамгершілікке имандылыққа халқымыздың рухани байлығын игеруге ұлттық озық дәстүрлерден үлгі алуға машықтандыру. Оқушыларды еңбекқорлыққа ,белсенділікке,ұлттық бұйымдар мен заттарды сақтай білу Сурет арқылы әңгіме құру арқылы сөздік қорларын жетілдіру. Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне, табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптасытру. Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап ,әңгімелесу. Көрнектіліктер: Салт-дәстүрге байланысты плакат,суреттер,альбом киіз үй макеттері ыдыстар т.б.

Ұйымдастырушылық қозғаушылық


І .Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу рәсімі

Балалар шеңбер жасап тұрып:

« Еліміз, жеріміз аман болсын! » - деп бір – біріне тілек айтады. Балаларға әнұранды айтқызу.

Балалар шеңбер жасап, бір – бірінің қолдарынан ұстап, тербеледі. Орындарында тұрып, оң қолдарын сол жақ кеуделеріне қойып, әнұранды педагогпен қосылып орындайды.

Ұйымдастырушылық –ізденістік

ІІ.Негізгі бөлім

Ұлттық салт-дәстүрлер тарихи көне процесс.Бүгінгі күні егеменді ел болып жанымызбен қанымызда қалған ұлттық болмысымыз оянып,санамызға сәуле шуағы тарап,салт-дәстүріміздің,әдет-ғұрпымыздың,тіліміздің жанданып қайта оянып келешек ұрпағымызды рухани байлығымызды  ата-дәстүр,асыл қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу дәстүр-лерін жалғастырып ,қайта жаңғыртып бүгінгі күнге дейін дамытып келеді. Киіз үй көшпенділердің ежелден кележатқан  тұрғын үйі. Киіз үй тек баспана ғана емес,сәулет,құрылыс қолөнер сияқты  бірнеше өнердің басын құрайтын туындысы.Олбір жерден екінші жерге түйемен тасымалдауға,тез жығып,тез тігуге өте қолайлы болған. Оны талдан,қайыңнан бір жыл немесе алты ай жасайды.Қысы-жазы көшіп-қонып жүргенде өте қолайлы болған.Киізүй жабулары үзік,туырлық,түндік,белдік деп аталады. Оның сүйектері шаңырақ,уық,кереге ,есіктерден тұрады. Киіз жабуларын киізден жасайды.Кигіз үй ішінде кебеже ,сандық,ағаштөсек,жүк аяқ,адалбақан т,б. Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды.Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау. Киіз үйдің ішкі баулары.Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

2. Сергіту сәті.

Біз бақытты баламыз. Ғ.Қайырбеков.

Отан - біздің анамыз,

Әлпештеген, өсірген,

Өмір нәрін аламыз,

Оның жұпар төсінен.


Балалардың жауаптары тыңдалады.






Балалар жауаптарды қайталап айтады.


















Балалар қайталап айтады.











Балалар суретке қарап, педагогтің көмегімен бірге әңгімелейді.

















































Балалар әнді билеп тұрып орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Сұрақ – жауап арқылы пысықтау. қорытындылау:

Қ.Р – ның астасы: ( Астана)

Киіз үй сүйегі – ( уық)

Баланың төсегі – (бесік)

Киіз үй жабуы – (туырлық)

Шаңырақ жабуы – (түндік)

Уық жабуы – (үзік)

Ежелден келе жатқан салт – (дәстүр)

Киіз үй сүйегі – (кереге)

Киіз үй жабуларын ата: (Туырлық, үзік, ши, іргелік, түндік


Балалар жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:Киіз үй бөліктерін біледі; суреттерге қарап 2 – 3 сөзден тұратын сөйлем құрай білу дағдыларын игеред

Отанын, туған жері мен оның табиғаты туралы мағлұматтарды меңгереді.