Бөлімдері: Тәрбие сабағы
Уақыты: 29.11.2016ж.
Тобы: «Балауса» ІІ кіші тобы.
Тақырыбы: « Менің тұңғыш Президентім»
Мақсаты: Балаларға еліміздің тұңғыш президенті туралы түсінік беру. Президенттің елімізге жасаған еңбегін айтып құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: жұмбақтар, тақпақтар
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, слайд көрсету.
Көрнекі құралдар: Слайд, шарлар,суреттер жинағы, альбом суреттері.
Балалар бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Жоғарға қарап күн көрдік,
Төменге қарап жер көрдік,
Оңға, солға қарадым,
Тәуелсіздік ел көрдік
Баллар шаттық шеңберді қимылмен орындайды
Ұйымдастыру ізденістік
Балалар мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін шешуін табуға тырысыңдар,
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Айтатын әнұран
Қай елдің баласы?
Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар,
Қыран ұшқан қалықтан,
Кімнің туы біліп ал,
Біздің қай Республикада тұрамыз?
Тәуелсіз еліміздің Президенті кім?
1желтоқсан « Алғашқы Президент күні.»
Қазір біз музейге саяхаттаймыз. Кәне бәріміз пойызша тізіліп жол жүрейік.
Міне мына жер балабақшамыздағы тұңғыш президентімізге арналған.
Мұқият тыңдайық, қараңдаршы мына суреттегі
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, м әртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Елбасының бастауымен Қазақстан Республикасы әлемге танылды. Еліміздің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Елбасымыздың құрметіне арнап ән шырқап жіберейік.
Ән: «Елбасымыз ақиық».
Балалар Еліміздің рәміздерін кім айтады?
Рәміздерге сипаттама жасап айтуға суреттер жинағын пайдалану.
Туған жеріміз біздің Отанымыз.
Туған еліңді сүйе білуің керек.
Өз еліңнің жерің, тілің, табиғатын құрметтеуіміз қажет.
-Кім тақпақ айтқысы келеді?
Сергіту сәті
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Ал баалалар осымен елбасымыз туралы танысып, көп мәлімет алдық, енді тобымызға қайтайық.
Қазақ елінің баласы
Қазақстап туы
Қазақстанда
Н.Ә: Назарбаев
Музейге келеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қиялы ұшқыр , ойлы адам.
Ту, Елтаңба, Гимн.
Суретке қарап айтып береді
Азиз:
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші ,Атамыз.
Айзере:
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала,
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Мансур:
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.
Сергіту сәті.
Балалар күндей күледі
Гүлдей өседі
Қолдарын құсша сермейді
Көбелектей қонамыз.
Топқа келеді.
Рефлексиялық түзетушілік
-Балалар бүгін қайда саяхаттадық?
-Музей кім арналған?
-музейге
- Елбасымызға арналған музей.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Президент күні туралы.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан Республикамыз дамып, өркендеп келе жатқан ел екендігі туралы.
Меңгерген қандай дағдылары мен іскерліктерін қолданды: Елінің патриоты болуға тәрбие дағдылары қалыптасты.
[pic]
[pic]
№50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК
Тақырыбы:
тәрбие сағаты.
«Балауса» тобы
2016-жылы.