Спорттық ойын-сауық Спорт - өмір көркі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Спорт - өмір көркі.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжымнын денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт залы 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер,ысқырық, шенбер, қапшық,хоп доптар, секіртпе,тенге,3орамал,3 жастық.

Жургізуші:Құрметті әріптестер бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер! 
Көңілді жарысқа 3 топ қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
 

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:


1- Тәрбиеші Құдайбергенова Гульдана Дуйсенбаевна.


2- Тәрбиешінін көмекшісі Үмітжан Оразбековна.


3- Кладовщик Жанар Кенесовна.

 
- Спорттық сайсымыз
6 упай баллдық жүйемен бағаланады.

ІІІ-орын:марапаталады диплом,2 мын тенге

ІІ-орын:марапаталады диплом,3 мын тенге

І-орын:Эстафеталық кубок 2015 ж,5 мын тенге


Қатысішілармен жаттығу орындалады.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

І-кезен.Таныстыру.

1-топ:

2-топ:

3-топ:

Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді. 


1. «Қапшықпен секіру». (қапшіқ и кели)

Екі аяқпен капшыққа киіп,мәреге секіріп бару.


2. «Тарақандар жарысы» (жалаула)

Қолды артқа тіреп,екі аяқтарды алдыға қойып жүгіру. Белгінін қасындағы жалауларды алып артқа тез жүгіру.


3.«Кім бірінші» (доптар и құрсау).  

Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3  м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады, ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.


4.  «Секіртпемен секіру» (секіртпе и доп)

Біріншісі секіртпемен белгіге секіріп,артқа допті басымен домалатып қайтады.Келесі ойыншы белгігедин допті домалатады,артқа секіртпемен секіріп қайтады и т.б.


-Жанкүйерлермен ойын (5 қатысуші ортаға шығады,шарды қлатпай урлиді) (5 шарик)


5. «Тенге алу»Ойыншылар хоп доптарымен секіріп тенгені шенберден алу, қайтадан артқа секіру.


6.«Шенбердін ішінде қазақша күрес».Үш команданін ойыншыларі бір бірден шығып шенбердін үстінен жастықпен бір-бірін итеріп құлату керек.Қай команданың ойыншыларі көп құласа, сол командада ұпай аз болады.


7. «Қаранғы тунель» Капитан жарысы.

Қозді жаұып,заттардын арасынан кегли қлатпай өту.

8.«Бақа» ойыны. үш топтың ойыншыларі бірінің артынан тізбектеліп тұрады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады. Белгі берісімен алдында тұрған ойыншылар екі-екіден, бір-бірінің үстінен бақа әдісімен секіреді,белгіге жақындағанда кіші допты басымен қысып жүгіреді. Бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.(Мерген,шапшан,жылдам) (кіші доп)


Би: «Көңілді жаттығу»Флешмоб

ІІІ. Қорытынды бөлім: 

Көрсетті міне өз өнерін әріптестер,

Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!