Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ауылда.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру арысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін,ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін ауа райы қандай?
Айналада қандай өзгерістер бар?
Жылдың қай мезгілі?
Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Жазғы демалысты қайда өткіздің?
Ауыл (қала) сендерге несімен ұнайды?
Балалардың жауаптары.
Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды жөне көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.
- Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан
алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні,
өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.
Дәптерменжұмыс: Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.
Бейбарыс кімнің қасында болды?
Атасымен бірге не істеді?
Шолпан кімнің қасында болды?
әжесі екеуі не істеді?
Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?
Шолпан әжесі екеуі қайда барды?
Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?
Шолпан қайда кетті?
Бейбарыс ше?
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме құдықтан су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.
(Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».
Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.
Қорытынды:
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.