Казакстан Республикасынны Рамиздери туралы малимет

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Желтоқсан айы 14 күні 2015 жыл

Білім беру саласы: Таным.

Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері. »

Мақсаты:

БМ:Қазақстан Республикасының рәміздерін танып,біліп,айтып беруге үйрету.

ДМ: Қазақстан Республикасының Гимніне рәсім жасауды үйрету. .ТМ: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар. Алдын ала жұмыс: Қазақстан Республикасының Гимнін жаттау. Әдіс-тәсілдер:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.

Билингвальді компонент: Рәміздер-символы(страны,Республики ),ту-флаг,елтаңба-герб.

Балаларға бүгінгі жиынды Қазақстан Республиканың Гимнін орындаудан бастайтығынын айту. –Балалар сендер неге гимнді орындағанда қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойдыңдар? Балаларға гимнің әні мен сөзін кім жазғаны туралы ақпарат беру.сөзі:Н.Назарбаевтікі,әні:Шәмші Қадаяқовтікі.Және гимнді орындау немесеестіген кезде орындарынан тұру керектігін айту. Мемлекеттік ту,тудың түсі,туда бейнеленген күн,қыран құс,ұлттық өрнектің қандай мағына беретіндігі туралы қосымша ақпараттар бере отырып,оны ресми түрде Қазақстан Республикасының Мемлекттік Туы деп айтылатындығын түсіндіру. –Балалар,енді елтаңба туралы не білесіңдер,соны байқап көрейік. –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген? -Қалай ойлайсыңдар,елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу жазылған? -Елтаңбаның ең жоғарғы жағынан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? -Ал осы сендер,айтқан шаңырақ,уықтар,қанатты ат,жұлдыз не үшін бейнеленгені және қандай мағынаны білдіретіндігі туралы білесіңдер ме? Қазақстан Республикасының мемле-кеттік рәміздері туралы толықтырып түсіндіру және оларға құрметпен қарау керектігін айту. Балаларды екі орталыққа бөлу. Бірінші орталықтағы балаларға күннің суретін салуды,екінші орталықтағы балаларға «Арайлы менің-Астанам» тақырыбында суретке қарап әңгіме құрастыруды.





Сергіту сәтін өткізу. Орталықтағы балаларға орындарын ауыстыру керектігін айту. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәптерде берілген тапсырманы түсіндіру.


Гимнді қолдарын жүректерінің тұсына қойып орындайды. Өйткені біз мемлекетім-ізді жүрегімізбен жақсы көреміз.






-Аспан түстес көк, көгілдір. –Күн және қыран құстың суреті. –Ою-өрнек бейнеленген.



-Елтаңбада шаңырақ, уықтар,қанатты аттар бейнеленген. –Қазақстан деп жазылған. –Жұлдызды бейнесін.







Балалар өздерінің тәжірибелеріне,естігендеріне сүйеніп жауап береді.





Бірінші орталықтағы балалар өздерінің күннің суретін салып,салған суреттері туралы әңгімелеп береді.Екінші орталықтағы балалар суретке қарап Астана қаласы туралы әңгімелеп береді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды. Орталықтағы балалар орындарын ауыстырып жұмыс жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық- түзетушілік


«Дұрыс-бұрыс » -ойыны. Балаларға Қазақстан Республикасы-ның мемлекеттік рәміздеріне байланысты сұрақтар қою.Мысалы, Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрау.


Балалар рәміздерге байланысты қойған сұрақтарына жауап береді. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.



Күтілетін нәтижелер:


Біледі:Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп,айтып беруді;Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін жатқа айтуды.

Игереді:Қазақстан Республикасының рәміздері туралы;Гимнді жатқа айтады. Меңгереді: Қазақстан Республикасының Гимніне рәсім жасауды. Қолданған әдебиет: Қоршаған ортамен таныстыру 4+ әдістемелік құрал.


Тәрбиеші: Сапакова Ш.С.