Күні : ___________
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі : Экология
Тақырыбы : Бөлме өсімдіктері алоэ мен аспидистра
Сабақтың мақсаты: Жанды табиғат бұрышындағы еңбек түрлерін атқарту барысында ересектермен,құрдастармен жағымды қарым-қатынас орнату белсенділіктеріне қолдау көрсету .
Міндеттері:
1. Алоэ мен аспидистра өсімдіктерін салыстыра отырып, олардың айырмашылығын көру.
2. Өсімдіктердің өсуіне қажетті ауа,су жарық, ылғал туралы айтып беру.
3. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптауға үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап әдісі. әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты суреттер.
Билингвальдік компонент:
І.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңберге тұрғызады .
Қуан,шаттан алақай.
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң,қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін.
Алақай! Алақай! Алақай!
Балалар шаттық шеңберге тұрып шаттық шеңбердің тақпағын қимылмен қайталайды.
ІІ. Ұйымдастурышылық –ізденістік
Жұмбақ
Қысы-жазы жасыл боп,
Терезе алдында тұрады.
Шанды өзіне жұтып ап,
Ауаны да тазартады.
Ол не балалар?
Тәрбиеші гүлдер патшайымына айналады.
Балалар, мынау гүлдің аты – алоэ, ал мына гүл –аспидистра. Кәне қайталаймыз.
Балалар, мен сендерге осы екі бөлме өсімдігін күтіп-баптасын, қамқор болсын деп алып келдім. Мен қайтадан гүлдер әлеміне баруым керек. Себебі: онда мені көптеген өсімдіктер күтіп отыр. Сендер өздерің осы екі бөлме өсімдігімен жақсылап танысып алыңдар. Егер де осы өсімдіктер туралы сұрақтар болса үш рет алақандарын соғып «гүлдер патшайымы »деп айтсандар мен келемін.
Алоэ өсімдігі бізгі Африкадан және Мадагаскар аралынан келген екен. Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас көп өсімдіктер кездеседі. Алоэ өсімдігінің жапырақтары сүйір,шырынды,қатты қалын қабықты,шеттері өткір тікенді болып келеді.
Аспидистра жапырағы ұзын,түсі қою жасыл,қабығы жылтыр болады. Аспидистра жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де өсе береді. Қыста ауа температурасы 15 оС төмен болғаны дұрыс. Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай,жиі суғару қажет.
Сергіту сәті:
Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен аналарға сыйлаймыз
Балалармен «Ғажайып гүл» ойының ойнау.
Шарты: бірінші өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті заттардың суретін іріктеу, екінші өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қою.
Балалар гүлдерді ұстап, олардың жапырағы мен сабағына т.б. бөліктеріне мән беріп қарайды.
Балалар тындап отырады.
Сергіту сәтінің сөзін қайталап, қимылдарын көрсетеді.
Балалар өсімдіктің өсуіне қажетті ауа, су, жарық,топырақтың суретің іріктейді.
ІІІ. Рефлексиялық қозғаушылық
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналасқандарын сұрайды.
Сабақтағы көңіл күйлерін айтады.
Күтілген нәтиже
Біледі: Өсімдіктердің құрылысын айырмашылығын айтады.
Игерді: Алоэ,аспидистра өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын .
Меңгерді: Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды, оларға қамқорлықпен қарауды.