Ересектер тобында өткізілген «Жақсылық пен жамандық» ертегісін сахналау конспектісі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ересектер тобында өткізілген

«Жақсылық пен жамандық» ертегісін сахналау конспектісі


Дайындаған: Урисбаева Гулмира Бердихановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

әкімдігінің білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері.

Гумарова Кумис Смайловна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

әкімдігінің білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі.

Алтунина Римма Ивановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

әкімдігінің білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ән-саз жетекшісі.



Білім беру салалары: Қатынас, шығармашылық.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет, ән-саз.


Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету. Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығы туралы түсінік беру, жақсы қасиеттерге баулу. Балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету, шығармашылық қабілетін, тілдік комуникативтік құзіреттілігін дамыту. Ертегі арқылы адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: Киіз үй, киіз үй жабдықтары, бесік, домбыра, жақсылық пен

жамандық тауының макеті, суреттер, су бейнесі, қармақ, үнтаспа.

( Ортада қазақ үй, көрпешелер, сандық, кебеже, домбыра ұстап отырган Абыз ата, балалар)

Абыз ата: Балаларым, біз кейде айналамызда жаман әдетті, адамдардың жаман іс-әрекеттерін және олардың мінездерін көріп қаламыз. Жаман әдеттерден сақтанып оны болдырмаудың бір ғана амалы бар. Ол –қандай да бір жақсылық жасау. Қане, айтындаршы, үлкен қария көрсеңдер не істер едіңдер? Мысалы: оның қолыңдағы жүгі ауыр болады. (балалар жауап береді) Сендер кішкентайсыңдар, дегенмен білулерің керек. Науқас кісінің көңілін сұрап, жақсы сөз айтудың өзі де жақсылық болып есептеледі.

(Домбырамен шертпе, төкпе күй ойналады)

Абыз ата: Міне, балалар, домбыранын үнінен адамның көңіл-күйін байқап тұрсындар. Мынау мұңды күй. Қане, өздеріңнің сезімдеріңді көрсетіңдерші. Мынау көңілді күй. (Балалар, қуанышты сәт қандай болатынын көрсетеді)

Жүргізуші қыз бала: Ата біз «Жақсылық пен Жамандық» туралы ертегі білеміз. Біз сізге осы ертегіні сахналап көрсетсек қалай қарайсыз?

Абыз ата: Жарайды, қызым.

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда жердің бір қиыр шетінде биік екі тау болады. Оны мекен еткен жұрт бір тауды жақсылықтың елі, екіншісін жамандықтың елі деп атаған екен. Жамандық тұрғанда ол елде күлкі де болмапты, тыныш ұйықтай алмаған екен. Осы уақытта бұл ауылда бір кішкентай бала өсіп келе жатыпты. Ол баланың есімін Жақсылық деп атапты. Жақсылық бір күні балық аулау үшін теңізге барады.

(Арнайы балық аулауға арналған үлкен көк теңізге ұқсас матадан қауыз жасалады. Оның артында балық киімін киген қыз балалар отырады. Жақсылық балық аулап отырады. Бір кезде қармағына алтын балық ілінеді)

Жақсылық: Алақай, алақай, алтын балық, мен сені қазір ауылға апарамын.

Алтын балық: Сенің атың кім болады?

Жақсылық: Менің атым Жақсылық.

Алтын балық: Жақсылық сен мені босатшы. Мен сенің барлық тілегіңді орындаймын. Сенің бай болғың келеді ме? Әлде зәулім үйді армандайсыңба? Мүмкін сен патша болғың келетін шығар? Мен су асты патшалығының ханшайымымын. Мен қасымдағы достарыммен

көңіліңді көтеріп, би билеп берейін.

Жақсылық: Жарайды, мен ұзақ жол жүріп шаршадым. Бірақ билейтін билерің менің көңілімді көтеретін болсын.

Алтын балық: Қане, достарым, Жақсылықтың көңілін көтеріп, тамаша би билеп берейік.

«Алтын балықтар» биі

Жақсылық: Алтын балық, маған ешқандай байлықта, зәулім үйде керек емес. Патша да болғым келмейді. Менің бар тілегім елімізде жамандық болғанын қаламаймын, сондықтан да жамандық тауын жақсылық тауына айналдырғым келеді. Елімізде тыныштық, бірлік болсын деп, менің атымды Жақсылық қойған. Сен маған жамандық мекен ететін таудың қайда екенін айтып берсең болды. Сонда мен сені босатамын.

Алтын балық: Бұл өте қиын, жамандық тауын білемін. Бірақ, жамандықтың өзі еш адам білмейтін жерде тұрады. Жамандық тауының алдында үлкен үңгір бар. Сол үнгірдің алдында қара тас бар, оның үстінде күмістен жасалған кебеже бар, кебеженің ішінде бір шыбын бар, жамандықтың жаны осы шыбында.

Жақсылық: Рахмет, саған алтын балық. Сен маған жамандыққа баратын жолды көрсеттің, ризамын.

(Осы кезде алтын балық достарын ертіп кетеді, Жақсылық әуенмен аулына жол тартады.)

Жүргізуші: Сөйтіп жақсылық сарбаздарымен жорыққа шығады.

(Жақсылық бір топ сарбаздарымен, би қимылымен жорыққа шығады, жамандық томарда отырып ұйықтап отырады, жамандықтың жанында үлкен қара тас тұрады, тастың қасында кішкене кебеже көрінеді)

Жақсылық: Ал, сарбаздарым, мына кебежені біз алып қашуымыз керек. Көріп тұрсыздар ма? Мынау жамандық тауы. Біздің енді ептілігімізді, күштілігімізді көрсететін кез келді.

Сарбаздар: Әміріңізге құлдық!

1-ші сарбаз:Мен ептілігімді көрсетемін.

2-ші сарбаз: Мен күштілігімді көрсетемін.

3-ші сарбаз: Мен батыр екенімді көрсетемін.

4-ші сарбаз: Мен кебежені алып қашуға дайынмын.

Жақсылық: Мен сендерге толықтай сенемін. Қане, күшімізді, ептіліктерімізді көрсетуге дайындалайық.

Би: «Сарбаздар»

(Би біткен кезде 4-ші сарбаз кебежені алып қаша жөнеледі. Осы кезде Жамандық оянып кетеді, ортада оларды күйдің әуенімен қуалайды. Сарбаздар кебежені бір-біріне беріп Жамандықтан қашады.)

Жамандық: Әкеліңдер, бұл менікі. Қап, әттеген –ай, сендер қандай епті едіңдер, қағып ала алмадым-ау. Ой, шаршадым, демалып алайын, сосын сендерді ұстап аламын. (отырады)

(Осы кезде өрмекші келеді де, өзінің торын құрып жамандықты алып кетеді)

Жақсылық: Сарбаздарым, сендерге мен өте ризамын. Сендер ептіліктеріңді көрсеттіңдер.

(Жақсылық сарбаздарымен теңізге келеді)

Жақсылық: Алтын балық, алтын балық, қайдасың? (Сол кезде алтын балық бишілермен қайтадан шығады.)

Алтын балық: Әміршім, мен сені тыңдап тұрмын.

Жақсылық: Алтын балық, мен өзің айтқандай жамандақтың жанын әкеліп тұрмын, әрі қарай не істерімді білмеймін. Маған көмектес.

Алтын балық: Әрине, мен саған көмектесемін. Қане, кебежені жайлап ашайық.

(Жақсылық кебежені ашқан кезде, артынан шыбын болып киінген қыз бала ұшып кіреді, алтын балық шыбынды ұстап алады да, шығып кетеді)

Жақсылық: Керемет, мен бақыттымын. Алтын балық арманымды орындады. Алтын балық саған рахмет. Енді жамандық тауы жақсылық тауы болады. Елімізде тыныштық, бірлік болады. Мен өте бақыттымын.

Жүргізуші: Міне осылайша жамандық келмеске кетті, Жақсылық болса алтын балыққа рахметін айтып, ауылына келеді. Сол күннен бастап жақсылықтың елінде еш қайғы-қасірет болмаған екен.

Жақсылық: Ата, сізге ұнады ма?

Абыз ата: Қандай, ғажайып ертегі. Өте жақсы ойлап тапқан екенсіңдер. Өркендерің өссін, батамды беріп тұрайын.

( Абыз ата балаларға батасын береді)

Бата: Жамандықты көрмеңдер,

Жалған сөзге ермеңдер.

Жамандықтан алыс бол,

Жақсылыққа жақын бол.

Ең бастысы әрқашан,

Жақсылық жасап жүріңдер.