Күні: 01.10.2015жыл.
Тақырыбы: «Балабақша қызметкерлері»
Тіл дамыту
Тақырыбы:
Ф. Оңғарсынова «Тәрбиеші» өлеңін оқып, жаттау.
Мақсаты:
Шығармашылық тілді дамыта отыра өлеңді жатқа айтуға үйрету.
Міндеті:
Өлеңді оқып, жаттау барысында балаларды балабақша қызметкерлерінің аты-жөнімен, мамандық атауларымен таныстыру, олардың еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Суреттер. Ойыншықтар. Тірек сызба.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс –әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушы
Қол ұстасып, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір-бірімізге қарайық,
Жылы сөздер айтайық!
Шаттық шеңберіне тұрады.
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Дидактикалық ойын: «Қайсысы кімдікі»
Мақсаты:Балалардың танымдылық процестерін дамыту
Шарты: мамандықтардың суреттері ілулі тұрады, балалар заттардың қайсысы кімдікі екенін тауып алу керек.
Т: Ф. Оңғарсынова «Тәрбиеші» өленің жаттату.
Менің жақсы апайым (қызметкерлер мен танысу)
Сурет салып, ән айтуды
Би билеуді, ойнауды
Үйретеді әрқашан
Тәрбиеші апайымыз.
М:Өлеңді оқып, жаттау барысында балаларды балабақша қызметкерлерінің аты-жөнімен, мамандық атауларымен таныстыру, олардың еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қорап»
Мақсаты: Балаларды мамандардың өз ара ажыратуға үйрету. Аталған құралдардан жалғауларды дұрыс жалғауға үйрету. Сөзден байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету.
Шарты: Қорапшаның ішінен қолмен сипап сезу арқылы заттың атауын табады және ол құралдар кімнің құралы екенін және ол не үшін қажет екндігін атады.
Мысалы: фен- шаштаразшыға, ол шашты кептіреді, әшекелейді
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Мақсаты: түрлі мамандық иелері құралдарын (тәрбиеші, дәрігер, аспазшы, көмекші) басқаратыны туралы түсініктерін кеңейту.
Құралдар: ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинанын рулі.
Шарты: Балаларды үстелдін үстінде (ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинанын рулі) тұрған ойыншықтарға жақындатып сұрайды: (мына заттардың ішінен кімнің заты? кімге жұмысына не қажет?) деп сұрайды.
Тапсырма: мамандықтарға байланысты заттарды атап, қоржынға салады.
Тәрбиеші: әр баладан жауап алады. Қоржынға салған заттын атын сұрап бекітеді.
Заттарды орналастырады.
Тәрбиешінің сонынан ілесіп өлеңді жаттайды.
Сиқырлы қораптағы ойыншықтарды сезіп, сипап атауын атайды.
Түрлі мамандық иелеріне не керектігін айтып береді.
Рефлексивті-түзетуші
Балалар біз қандай мамандықтармен таныстық?
Балалар біз кім туралы өлең жаттадық?
Балаларды мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Өлеңді жатқа айтып білулері керек. Нені игереді:
Жаңа сөздердің мағынасын түсініп игереді.
Нені біледі:
Дыстарды естуге, дұрыс анық айтып білуге үйренеді.