Тақырыбы: «Тұғыры терең Тәуелсіз-Қазақстан!»
Мақсаты:
1.Білімділік: Ертеңгілік арқылы балаларға Тәуелсіздік мереке жайлы түсініктерін кеңейту.
2.Дамытушылық: Әндер, билер, ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Отанға, Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Патриоттық тәрбие беру.
Кейіпкерлер: Айдаһар, Самұрық, Батыр.
Атрибуттар: Бәйтерек, 2 шар, 2 шаңырақ, ленталар,
Барысы:
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар қолдарына көк, сары ленталарды ұстап «Қазақстан» әнімен кіріп, 3 қатарға тұрады.
Жүргізуші: Әр жыл сайын тәуелсіздік таңы атты,
Топқа бардық, тойға мініп ақ атты.
Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,
Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты!
Армысыздар, құрметті қонақтар!!! Бүгінгі 16 желтоқсан тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тамыры терең Бәйтерек» тақырыбындағы ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздігіміз тұғырлыда, ғұмырлы болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Тақпақтар:
Аружан: Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен-тәуелсізбін, азатпын.
Балнұр: 16 желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Люба: Көк байрақ, көк аспан,
Алтын күн нұр шашқан.
Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан.
Максим: Қазақстан-киелім,
Қияға ұшар ұланмын.
Еркіндікті сүйемін,
Мен-тәуелсіз ұланмын.
Зарина: Мақтанам-Қазақстан Отаныма,
Сан ұлтты тату-тәтті тұрып жатқан.
Мақтанам-Қазақстан Отаныма,
Тәуелсіздік ғасырын құрып жатқан.
Әділбек: 16 желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ол тоқсан,
Шырқатып ән салған күн.
Глеб: Құтты болсын ағайын,
Тәуелсіздік мереке.
Тілейміз біз сіздерге,
Ырыс, бақыт, береке.
Аянат: Жасасын, жаса азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
Саша: Анамыздай тілеу-ақ,
Отан бізде біреу-ақ.
Ол-біздің Қазақстан.
Илья: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлық той.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» (балалар отырады)
Астана туралы сұрақ-жауаптар.
Балалар, біздің Елордамыз қай қала?
-Астана.
Астананың символы не?
-Бәйтерек.
Онда біз осы Бәйтерек туралы аңыз тыңдап, көрініс көреміз.
Ерте заманда биік «Бәйтерек» ағашы басына Самұрық құсы жұмыртқалапты. Сапарға шыққан батыр, ағашқа өрмелеп бара жатқан Айдаһарды көріп, өлтіріп, Самырұқтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалыпты.
«Бәйтерек» туралы көрініс.
Тақпақтар: Астана туралы (Артем, Даша, Милана)
Артем: Жасаған ел есінде,
Ел басы өзі бастама.
Сарыарқаның төсінде,
Бой көтерген Астана.
Дарья: Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Милана: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Бас қалам-Астанам.
Ән: «Астана»
Ойын «Бәйтерек»
Қайрат пен Ләззат туралы мағлұмат.
Әлихан: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Назерке: Он алты жасында от болып,
Жарқырап жанған шоқ болып.
Ұмытпас атын ұрпақтар,
Жарқ еткен жұлдыз Ләззаттың.
Би: «Сапқа тұр»
Рәміздер туралы мағлұмат (Назерке, Алихан, Дем. Аружан)
Айжұлдыз: Тәуелсіз еркін елде біз,
Дүниеге келгенбіз.
Көк ту мен Елтаңбамыз,
Бар біздің өз теңгеміз.
Жиында тұрып айтатын,
Бар біздің әнұранымыз.
Тақпақтар:
Айым: Елімде бейбіт, тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.
Елімнің ел ағасы, елбасшысы,
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Алан: Еркімен кәрі жасымыз,
Дауыс беріп сайлаған.
Бар біздің ел басымыз,
Халық қамын ойлаған.
Әділет: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Никита: Ән-ұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Би: «Ағатайым ай»
Ойын: «Жігіттер мен қыздар»
Жүргізуші: Ер адам боп жаралады өмірде,
Нағыз ер боп қала бермес бәріде.
Қазақ ері батыр, әрі батылда,
Абыройлы жігіт деген аты да
Би: «Шабандоздар»
Ойын: «Өз тобыңды тап»
Би: «Шашу»
Ертеңгіліктің соңы.