«Жігіт сұлтаны» ашық тәрбиелік шара наурыз мейрамына арналған.
Мақсаты: Балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық твлғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, жиналған қауым! Сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер.
Жиналған мерекеге бүгін халық,
Қарасын біздің жаққа көзін салып.
Жігіттің сұлтандары келіп қалды,
Өнермен тапқырлығын қатар алып.
Бүгінгі «Жігіт сұлтаны» сайысын бүлдіршіндеріміздің Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, төрлет Наурызым» атты көңілді әнмен бастасақ.
Ал енді төрт бөлімнен тұратын сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Мен қазақтың ұлымын».
«Өнерлінің өрісі кең».
Ханталапай ойыны.
« Қазақтың ұлттық ойындары»
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру).
1-сайыс:
Ақыл, көрік бойларында жетеді,
Әлі талайсынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға,
Сұлтандар өздерін таныстырып өтеді.
(Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.)
2-сайыс:
Би билеймін тынышыңды алатын,
Ән саламын жанның шөлін басатын.
Әсем әннің әуенімен өткізген,
Шіркін, шіркін, бұл өмірдің әр сәтін, - демекші келесі кезекті «Өнерлінің өрісі кең» сайысына берейік.
3-сайыс:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде, - демекші ханталапай ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру сайысы.
КММ «Чернова орта мектебі»
мектепалды даярлық тобы
«Жігіт сұлтаны» сайысы
Өткізгендер: Ракишева Ф.А. Утельбаева Б.Б.
2015-2016 оқу жылы