8 – наурыз мерекесіне ертеңгілік
«Біз ананың гүліміз»
Балалар жабулы сахнаның ортында тұрады. Ер балалар қолдарына жапырақтар ұстап, қыз балалар гүл ұстап тұрады. Сахнаға тәрбиеші шығып құттықтайды.
1-жүргізуші: Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер.
Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі
8-наурыз аналар мейрамы құтты болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Жүздеріңіз жарқын болсын!
Балаларыңыздың жүрегінен шыққан
Жыр толған, ән-билерін қабыл алыңыздар!
Сахнаға екі сиқыршы шығады:
2-жүргізуші: Қалайша гүлге айналды? Мен сенбеймін.
1-сиқыршы: Олай болса жүріңіз көрсетейік.
2-сиқыршы: Ашыл сахна, ашыл.
(Осы кезде сахна пердесі екі жаққа ашылады да, ар жағынан қимылсыз қыздарымыз гүл ұстап беттерін жауып тұрады. Ұл балалар жапырақпен беттерін жауып қатып тұрады.)
1-жүргізуші: Мәссаған! Бұл қалай болды. Маған кім көмектесер екен? Сиқыршылардан күшті кім бар екен?
Күн: Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар! Мереке құтты болсын! Осы тойға аналарды құттықтауға келіп тұрмын. Балалар қайда екен?
2-жүргізуші:Сиқыршылар қыздарымды гүлге, ұлдарымды ағаш жапырақтарына айналдырып тастапты, не істерімді білмей тұрмын.
Күн: Жарайды, мен көмектесемін. Менің шуағыма жылынбайтын, нұрыма шомылмайтын ешкім жоқ. Шуағымды жайсам бәрі жанданады.
1-жүргізуші: Сиқыршылар, сендер қарсы емессіңдерме?
1-сиқыршы: Жоқ, біз күнге қарсы шықпаймыз.
2-сиқыршы: Күнге табынамыз, күнге бағынамыз.
Күн: Олай болса, шуағым менің шашыл,қыздарым мен ұлдарым гүл болып ашыл.
(Билеп балаларды таяғымен тигізіп айналып өтеді. Осы кезде музыка ойнап қимыл жасайды, балаларға жан бітеді, орныныа тұрады)
(Әуен ойнап көктем кіреді)
Көктем:
Наурыз айы көктеммін
Күлімдеп күмбез көкте күн
Жайқалған жасыл жапырақ
Жылулық нұрын төккенмін
Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіңдер ме, ақ жаулықты аналар, әжелер! Міне, мен де келдім мерекелеріңіз құтты болсын !
Жүргізуші:
Көктем келді табиғатты оятып ,
Күн күркірі нөсерімен тоя тұп
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып , - деп кезекті «Көктем келді» әніне береміз.
Ән «Көктем келді».
2- жүргізуші:Ақ жүрекке сақтаған,
Жарқын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам.
Біздің аналарға, әжелерге арналған тақпақтарымыз бар еді. Балаларды тыңдап көрейік!
1-бала Іңкәр:
Анамның түссе қабағы, шаттанып мен де күлмеймін.
Себебі мен анамнан, жақын жанды білмеймін.
2-бала Байсұлтан:
Сенсің ана жан күші, сендей болсын бар кісі.
Сендей болса бар кісі, шексіз перзент алғысы.
3-бала Жаннұр:
Бәрімізге анасың, біз үшін жанасың.
Құтты болсын мейрамың, құтты болсын анашым.
4-бала Аяулым:
Әлпештеген анамыз, біз бақытты баламыз.
Оқып, білім аламыз, жұлдыз болып жанамыз.
Өнерліболып өсеміз, өмір сырын шешеміз.
Өсірген ой мен сананы, қуантамыз-ананы!
5- бала Асылжан:
Теңдей жоқ данасың, арқа тұрар панасың.
Еңбегіңді ақтайын, аман болшы анашым!
6- бала Эрнис:
Сеннен өскен балалар, батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, құрметті аналар.
7- бала Сабина:
Сізге бүгін сый құрмет, жан анашым мейірім.
Қаласаңыз би билеп, әнді шырқап берейін.
8- бала Жанбота:
Күлімдеген көзіңнен, күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға, жақын жан жоқ өзіңнен.
9- бала Шыңғыс:
Әркім сүйер өзінің, мақтан етер анасын
Бәрі жақсы ананың, бәрін сыйлау керек-ау
Бірақ әрбір баланың, өз анасы бөлек-ау.
10-бала Аида:
Тыңдаймын анам сөзіңді, қатемді әркез кешірген.
Өйткені сенсің өзімді, ақ сүтіңмен өсірген.
11- бала Айбек:
Анашымды сағынам, оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан, бөбегі де кетпейді.
12- бала Қаракөз.
Жақсы көрем күлкіңді, айналайын ақ мам
Менің мамам сүйкімді, бәрінен де жақсы адам.
13- бала Рахман:
Ойнаймыз, күлеміз, жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз, айтқанын тыңдаймыз.
14-бала Аруна:
Бал бөбегін баптаған, анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді, көп жасасын жақсы анам!
15-бала: Томирис:
Бізді өсірген апатай, еңбегің де зор екен,
Құтты болсын, апатай, құтты болсын мерекең!
16-бала Нұрайым:
Мәпелейсің мені анам, қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам, құшағыңда қысылмай.
17-бала Дарина:
Сен жалықпай жетектеп, мен жаттыға жетермін
Айтқаныңды екі етпей, ақ сүтіңді өтермін.
18-бала Ислам:
Анашым анам, келгенше шамам
Үмітіңді ақтап, азамат болам.
19-бала Інжу:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын.
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай, сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағына сыбырлайын.
20-бала Рақымжан:
Ана өмір шуағың, бала оның шырағы
Ана деген сол бір сөз, жүрегімде тұрады.
21-бала Динара:
Анашым анам,ыстықсың маған
Тәрбие бердің, көп алғыс саған.
22-бала Жасмин:
Анашым анам, ризамын саған
Тіліңді алам, ақылды болам
23-бала Мәлике:
Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.
24-бала Мәди:
Әжемдей данаданн, ертекке қанамын
Шақырса даладан, жүгіріп барамын.
Көктем: Мен қыздармен көктем биін билегім келіп тұр. Қыздар менімен би билеңдерші. Менімен бірге жылулық пен әсемдікте келді. Сендерге деген сыйлығым бар. Мен қызғалдақтарым жайқалып, би билеп берейік.
Би: «Гүлдер» биі.
1-сиқыршы: Менің де сендерге әкелген өнеррлеріміз бар. Балалар, мен сендермен бірге көңілді жүргенді ұнатамын. Мен ойын ойнағанды жақсы көремін. Бүгін мерекеге аналарымыз келген екен. Олай болса, ойынды ата-аналармен ойнап, көңілдерін көтерейік.
Ойын: «Кір жайу»
1-жүргізуші: Ал, енді балалардың әжелеріне де арналған әндері бар, қабыл алыңыздар.
Ән: «Сағындым әже, сағындым»
Күн: Бүгін қыздардың мерекесі ғой, ұлдар бізде қыздарға, аналарға арнап барлығымыз би билеп берейік. Қане ұлдар ортаға шығайық.
Би: «Біздің жігіттер»
2-жүргізуші: Қазір сіздерге арнап жеке ән орындауға «Балбөбек» тобының бүлдіршінін ортаға шақырайық.
Ән: «Ана»
1-жүргізуші: Арайлап атты таңымыз
Жайнайды бақша-бағымыз
Гүлдердей құлпырып,
Би билейміз тағы біз.
Қыздарымыздың орындауында шығыс биін қабыл алайық.
Би: шығыс биі .
2-жүргізуші: біздің бүлдіршіндеріміздің орындауында ағылшын тілінде «I love you!» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «I love you!»
Ән: «Ай дидарлы анашым»
1-жүргізуші: балаларды ортаға шақырып, бір ойын ойнатып жіберейік. Қане сиқыршы, көктем, күн сендерде ойынға көмектесіңдер, бірге ойнайық.
Ойын: «Қарындасын киіндіру»
2-жүргізуші: міне, балалар, аналарымызды бәріміз мейрамымен құттықтаймыз. Бәріміз қосылып ән салайық.
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
1-жүргізуші: Жаңбырменен жер көгерер,
Өнерлі бала сүйкімді көрінер,
Аналарды құттықтап мейрамымен
Би билеп, бүлдіршіндер дөңгеленер.
дей отырып, бүлдіршіндер биін қабыл алыңыздар.
Би: жұптасу
2-жүргізуші: Өмірге ана-бұлақ, ана-пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана! Ол біздің елде ардақты адам
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Балалардың өздеріңізге әзірлеген сыйлығын қабыл алыңыздар.
Осымен «Біз ананың гүліміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!