Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту: Тақырыбы: Шырша өлеңі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Шырша» өлеңі

Мақсаты: Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, бір шумағын жаттату. Шыршаның түсі қысы-жазы бір түсте болатындығын айтып өту.Шырша туралы толық мағлұмат беру, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: «Тәй-тәй» технологиясы, таңғажайып сәт, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, ойын.

Көрнекілігі: Шырша, кітапша, шырша ойыншықтары

Сөздік жұмыс: Шырша, мереке, қыс

Билингвизм: Шырша – ёлка

Мотивациялық қозғаушы
















Іздену ұйымдастыру








































Рефлексивті коррекциялау

Таңертеңгі жиын.

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келген екен, қанеки сәлемдесейікші.

-Жарайсыңдар, балалар орындарыңа жайғасыңдар. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрс айтасыңдар, қыс мезгілі басталды.Ал балалар енді маған айтыңдаршы, сендер сыйлық алғанды ұнатасыңдарма?

-Олай болса, мен сендерге бір сыйлық алып келдім. Ішінде не бар екенін білгілерің келеді ма?

-Қанеки онда жұмбағымның жауабын шешіңдер.

Тікен, тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. Ол не?

-Жарайсыңдар, балалар бұл шырша екен.Ал қанеки ашып көрейікші.

-Балалар,шыршаның түсі қандай?

-Шыршаның жапырақтары ине сияқты қатты болады екен.Шырша қыста да, жазда да бір түсте болады екен.Шыршаға жаңа жыл мерекесінде біз түрлі ойыншықтар іліп, безендіреміз.

Билингвизм:

Шырша – ёлка

-Балалар, бүгін біз Есентай Ерботин ағамыздың «Шырша» өлеңімен танысамыз.

Балаларға өлеңді оқып беремін.

Шырша

Жасыл шырша төрдегі,

Дейді: «Бәрің көр мені!»

Кеткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып.

Түрлі түсті шамдары,

Түнде ғажап жанғаны.

Көргендерді елітеді,

Керемет бір ертегі.

-Балалар, осы «Шырша» өлеңінде шыршаны ойыншықтармен безендірсең әсем болып шығады деп айтылған екен.Олай болса біз бүгін шыршаны безендіріп те, өлеңді жаттап та алайық. Енді белсенді орталықтарға барып жұмыс жасайық.

Әдебиет орталығы:

Тақырыбы: «Шырша» өлеңі

Мақсаты: Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, бір шумағын жаттату.

ΙΙ-тапсырма Кітапшамен жұмыс

Тақырыбы: Шыршаны боя

Мақсаты: Суретті бояу арқылы саусақтарының икемділіктерін арттыру.

Үстел-үсті ойын орталығы:

Тақырыбы: Шыршаны құрастыр

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді пайдаланып, шырша құрастыру арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Балаларды ортаға жинап,сұрақтар қою.

-Балалар, бүгін біз қандай өлең жаттадық?

-Шыршаның түсі қандай екен?

-Жарайсыңдар, балалар.Бүгін сендер жақсы жұмыс жасадыңдар.Енді мен сендерге бүгін сыйлыққа не әкелдім?Онда осы шыршаны безендіруге көмектесесіңдер ме?

-Жарайсыңдар, балалар шыршамыз әдемі болып шықты.Сендерге көп рахмет.Келген қонақтармен қоштасайық.




-Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер.


-Қыс мезгілі



-Ия



-Ия



-Шырша




-Жасыл







Балалар қайталады.








Балалар өлеңді мұқит тыңдап отырды.

























-Шырша өлеңі

-Жасыл



-Шырша




-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже: Шыршаның түсі қысы-жазы бір түсте болатындығын білді.Шырша туралы толық мағлұмат алды.