Білім саласы: Таным + Шығармашылық
Тарау: Қарапайым математика + Мүсіндеу
Тақырыбы: «Аққу Қаздар» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды беске дейін санауға ұйрету. Заттарды бір-бірімен беттестіру арқылы салыстыруға, геометриялық пішіндер туралы ұғымын дамыту. Қамырдың кесегінен мүсіндеуге және мүсіндеудің түрлі ширату, жалпайту, пішіннің шетін шымшып жалғастыру тәсілдерін қолдана отырып бейнелер жасауға ұйрету.
Көрнекіліктер:
Әдіс- тәсілдер: Әнгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Үйымдастыру кезеңі: ( шеңберге тұрамыз)
Таңертен біз тұрамыз.
Бойымызды жазамыз.
Терезені ашамыз.
Торғайларға жем шашамыз.
Күннің көзіне сәлем береміз.
Қонақтармен амандасамыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі күндерің қызықты, жақсы өтсін.
Баланың жылаған дауысы шығады. Жан-жаққа қарап, кім жылап отыр Аленушка.
Сәлеметсің бе Аленушка? Сен неге жылап отырсың? Аленушка балалармен амандасып,
Менің інім Иванушканы «Аққу - қаздар» алып кетті. Балалар маған інімді тауып алуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар Аленушкаға көмек көрсетейік, інісі Иванушканы іздейік, Аленушка да бізбен бірге іздейді. Ал ендеше жолға шығайық.
( Аққудың қанатын тауып аламыз, артында тапсырма жазылған )
Алманың үстінде алма, мүмкін емес санауға.
Бірақ бар екен дәлме-дәл екі алма.
Аленушкаға соны тауып жұлу қажет,
Кәнекей тезірек көмектес табуға.
(Салыстыру арқылы екі бірдей алманы табу керек)
2. (-Келе жатып тағы бір қанат тауып аламыз.)
Көмекшісі Мыстанның кір қожалақ, кәрі мысық.
Бағады екен үй сыртында марғауларын.
-Көзім нашар көреді міне бәле қырсықтың.
Марғауларымды санауым қиын болды.
Тәрбиеші: Балалар мысықтын көзі нашар көтеді екен , оған қмарғауларын санап берейікші. (марғауларды санаймыз)
Сергіту сәті: Екі қанат қазда бар,
Қаз іздесең сұға бар.
Екі қанат құста бар,
Мықты болсан ұстап ал.
Тәрбиеші: Балалар мынау сергіту сәтінде қазды іздесең қайда бар дейді? (суға)
-Дұрыс.
Су перісіне келеміз, оның бізге дайындап қойған тапсырмасы бар екен.
Арғы бетке өтетін,
Сынып қалды көпірім.
Пішіндерді аулап ап.
Құрастыршы көпірді.
Ал , арғы бетке өттік енді не істейміз . ( балалар қанат іздегн болады , бырақ таба алмайды)
Құстардың әуені қосылады: Тыныс алу гимнастикасы
Тәрбиеші: Келіп қалған болармыз, бәрекелді міне мыстан кемпірдің өзіде отыр ғой.
Мыстан кемпір: Сендер орманда не істеп жүрсіңдер, әлде біреуді іздеп жүрсіңдер ме?
Тәрбиеші: Иә, біз Аленушканын інісін Иванушканы іздеп жүрміз. Сіз оны көрген жоқсыз ба?
Мыстан кемпір: Ха-ха-ха ол менде бырақ оны жібермеймін.
Балалар: Өтінеміз Иванушканы жіберінізші.
Мыстан Кемпір: Менің бір ұсынысым бар, егерде сендер маған тәтті тоқаш істеп берсеңдер , мен оны жіберемін.
Саусақ гимнастикасы: Әуен ойнайды
Тәрбиеші: Балалар мыстан кемпірге қамырдан тоқаш жасап берейік, жасап болған соң пешке саламыз.
Балалар: Тоқаш жасап бердік қой Иванушканы жіберсеңші.
Мыстан кемпір: Рахмет. Тәтті тоқаштарын піскен соң өзім алып жеймін, ал сендер Иванушканы алып үйлеріңе қайта беріңдер.Сауболыңдар
Иванушка кіреді, Аленушка екеуі құшақтасады. Олармен қоштасамыз.