Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алдаркөсе мен бай»
Мақсаты:
Көркем шығарманың мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету. Халық ауыз әдебиетінің туындыларын түсіне білуге қызығушылығын арттыру.
Ертегі тыңдау қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын , байланыстырып сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қайырымдылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Билингвистикалық компонент: тон-шуба, тымақ-шапка
Мотивациялық қозғаушы
Ой қозғау
«Ертегілер әлемі» өлеңін жіберіп балаларға тыңдату.
Слайдтан ертегілер көрсету.
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- Қаптесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, түлкібике.
- Келесі ертегіміз бізді неге тәрбиелейді
- Достыққа тәрбиелейді:
- Ал, бұл ерегіде не туралы айтылған?
- Тырна мен түлкінің достығы туралы айтылған.
- Ал бұл ертегіден біз нені ұғындық, қандай қасиеттерді бойымызға
сіңірдік?
- бірге болуды.
Ішке жүгіріп жаршы бала кіреді:
- тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, әлемде бір қызық болыпты. Біреу бір ақымақ байдың тоны мен астындағы атын алдап алып кетіпті.
- Балалар, сендер білесіңдер ме кім екенін, кім туралы айтып тұрғанын.
- Ал білмесеңдер мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Мүмкін содан кейін естеріңе түсер.
Әлсіздерді жақтайды,
Сараңдарды алдайды
Шайтанды да алдады
Білесіңдер ме? (Алдарды)
- Алдарды
-Дұрыс айтасыңдар, бұл Алдар көсе.
Алдар көсе әлсіздерді жақтаушы, ел үстінен күн көруге машықтанған жемқор саудагерлер мен дүмше молдаларды, сараң байларды аямай алдап соғып, келеке етуші болған.
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Алдаркөсе мен бай» ертегісін өтеміз. - Ал сендер ертегі көргілерің келе ме?
- Иә, көргіміз келеді.
- Ендеше, жаршы бала, сен де бізбен бірге отырып тамашала
Аудио-ведиозапись көріп тыңдау.
(балалар етегіні көріп, тыңдайды.)
-Балалар, ертегі кім туралы? (Алдаркөсе)
- Алдаркөсе қандай адам? (балалардың жауабы: қу,мейірімді, ақкөңіл)
- Алдаркөсе келе жатып кімге кездеседі? (байға)
- Байды қандай адам деп ойлайсыңдар? (балалардың жауабы: сараң, жалқау, алыпсатар )
- Бай Алдарға не деді?
- Сен, немене тоңған жоқсың ба, үстіңдегі тоның шұрық – тесік?
-Алдар көсе не деп жауап берді?
- Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді дейді. Бір тесіктен кірген суық екінші тесіктен шығып кетеді. Ал жылу менің бойымда қалады.
- Байдыі үстіндегі киімі қандай?
- Байдың үстінде қалың тон, басында түлкі тымақ, астында жүйрік ат.
- Алдаркөсенің киімі қандай еді?
- Алдаркөсенің үстінде шұрық-тесік тон, басында жұқа телпек, астына мінгені арық ат.
-Алдаркөсенің арманы. Ол арманына жетті ме?
- Байдың қалың тоңын алдап өзіне алу. Оның арманы орындалды.
Белингвистикалық компонент:
Тон-шуба, тымақ- ,шұрық-тесік - дырявый
- Кәнеки балалар біраз отырып қалған болармыз, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Байды қалай алдаймын деп,
Қу Алдар жүр сығалап.
Сиқырына жете алмай,
Байекең жүр домалап.
- Балалар, қалай бір сергіп қалдық па. Енді орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар бүгінгі тақырыбымызға байланысты (байлық, жомарттық, сараңдық) туралы мқал- мәтелдер айтайықшы, кәне кім біледі?
1. Бай аузында семіз сөз.
2. Қасекеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екеніңді табағыңнан танимын.
3. Қолы ашықтың, жолы ашық.
4. Бай – балпаң келер,
Жарлы – жалаң келер.
5. Сараңның қолы қалтырауық.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Алдарындағы карточканы жаңылмай тауып көрсету.
-Балалар бүгінгі ертегі сендерге ұнады ма?
-егер ұнаса қорытындылап жіберейік.
Балаларға ертегі желісі бойынша мнемотехника әдісін пайдалана отырып сұрақтар қойылып жауаптар аланады.
- Балалар, қазіргі таңда бай да ,жарлы да жоқ. Адамдардың бәрі сауатты, білімді. Бәрі бір-бірімен дос-бауыр. Ендеше «Дос болайық бәріміз» өлең жолдарымен бүгінгі сабағымызды аяқтайық.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз,
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№8 «Ақбота» шипа – жай типтібөбекжай – балабақшасы
№3Педагогикалық кеңес
Ашық шара
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті. Көркем әдебиет
Алдар мен бай
Дайындаған: №9 «Күншуақ» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Аманиязова З.С
Атырау 2015ж
Бай - сараң, жалқау, алып-сатар
[pic] [pic] [pic] [pic]
Алдаркөсе - айлакер, қу, мейірімді
[pic] [pic]
1. Бай аузында семіз сөз.
2. Қасекеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екеніңді табағыңнан танимын.
3. Қолы ашықтың, жолы ашық.
4. Бай – балпаң келер,
Жарлы – жалаң келер.
5. Сараңның қолы қалтырауық.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз,
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз