Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 08.01.2016 ж
Тақырыбы: «Қысқы көрініс»
Мақсаты: Қыс мезгілі жайлы білімдерін бекіту,сөздерді дұрыс жаза білуге үйрету
Міндеті: Сөздік қорын молайту,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Қыс мезгілі бейнеленген суреттер,кеспе әріптер,сйқырлы қалам,мантассори элементтері.
Алдын-ала жұмыстар:Қыс мезгілі туралы тақпақтар айту.
Блингвалдық компоненттер:қыс-зима,қар-снег.
Инклюзивтік әлеумет:Мансур мен Мехрнисаға қыстыың көрінісін баяндауды үйрету.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң Жер-ана!
Қайырлы таң достарым!
Балалар шеңбер болып тұрып өлеңді мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Балаларға жұмбақ жасыру.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
-Жарайсыңдар балалар,жұмбақты дұрыс шештіңдер.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Дұрыс айтасыңдар,енді осы айларды атап беріңдерші
Қыс мезгілінде болады
Қыс мезгілінде үш ай бар
-желтоқсан
-қаңтар
-ақпан
Ұйымдастыру-ізденушілік
-Қыста қандай табиғаттың ерекшеліктері болады?
-Ал енді мынау суретке қарап не көріп тұрғандарыңды айтып беріңдерші
-Енді осы «қыс» сөзін кеспе әріптермен жазып көрейікші.
-Ал енді «аққала» сөзін буынға бөліңдерші.
Сергіту сәті
Боран соқты,зу зу зу
Қатты қатты жел соқты,гу гу гу
Жапырақтар қол соқты,ду ду ду
Шыдай алмай жапырақтар,ах ах ах
Билеп кетті қалтырап,пах пах пах.
Д/о «Суретке қарап әңгіме құрастыр»
Мақсаты:Балалардың суретке қарап әңгіме құрастыру арқылы тіл байлықтарын дамыту.
-қар жауады
-күн суытады
-аяз болады
-қыс мезгілі бейнеленген,қар жауып тұр,балалар сырғанақ ойнап жүр,кей балалар аққала жасап жүр
Балалар «қыс» сөзін кеспе әріптермен жазады.
«аққала» сөзін буынға бөледі
Балалар өлең жолдарын мазмұнына сәйкес қимыл іс-әрекетімен айтады.
Балалар ойынды ынтамен ойнайды
Жетекші жөндеуші
-Балалар сендерге бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма?
-Жарайсыңдар екі топ та жақсы жауап бердіңдер.
-Сендерге арналған жұлдызшаларым бар
-әрине ұнады
Балалар жұлдызша алғандарына қуанып қалады
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Қыс айлары жайында.
Орындаушылық қабілеті: Суретке қарап әңгіме құрастырады,сұрақтарға жүйелі жауап береді.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 15.01.2016 ж
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Қыс кезіндегі құстардың тіршілігін әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру.
Міндеті: Қыстап қалатын құстарды атай білуге үйрету.Сөздік қорын молайту,жаңа сөзді енгізе отырып сөйлеу,ойлау,есту,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Құстарға деген аяушылық,сүйіспеншілік сезімдерін ояту,оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Қыстап қалатын құстардың,үй құстарының суреттері,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар:Табиғаттағы қыстап қалатын құстарды бақылау.
Блингвалдық компоненттер:құс-птица,ұя-скваречник.
Инклюзивтік әлеумет:Балаларды қамқорлыққа үйрету.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,балалар!
Балалар өлеңді бірлесе айтады
Ұйымдастыру-ізденушілік
Балаларға жұмбақтар жасыру
Олардың жауабын табуға көмек беру
Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп? (Тырна)
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш
Жұмбақтарды мұқият тыңдайды
-тырна
-қарлығаш
Ұйымдастыру-ізденушілік
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
-Жарайсыңдар балалар,жұмбақтардың шешуін өте дұрыс таптыңдар.
Д/о «Дауыстап санау»
о/ш:Балаларға қонып тұрған және ұшып жүрген құстарды дауыстап санауға үйрету.
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
-Балалар қыстап қалатын құстарға біздің көмегіміз көп қажет екен,оларға үйшіктер жасап беріп,жем шашып тұруымыз қажет екен.
-Үй құстарына қалай қамқорлық жасасақ қыстап қалатын құстарға да солай қамқор болуымыз қажет.
-Құстар біздің достарымыз екенін ешқашан ұмытпаңдар.
-тоқылдақ
Сергіту жаттығуын жасап сергіп қалады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Жетекші жөндеуші
-Құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек екен.
-Құстар бізге не болып келеді екен.
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Құстарды қорғау керек екенін біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Құстар біздің достарымыз екені туралы.
Орындаушылық қабілеті: Жұмбақтарды шешеді,ойынды қызыға ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 22.01.2016 ж
Тақырыбы: «Геометриялық фигуралар арқылы шыршаны әшекейлеу»
Мақсаты: Қыс кезінде болатын мерекелермен кеңінен таныстыру
Міндеті: Шыршамен,ондағы ойыншықтармен таныстыру.Геометриялық пішіндермен ойыншықтардың арасындағы ұқсастықтарды көрсету.
Көрнекіліктер:Түрлі ойыншықтармен безендірілген шырша суреті,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар:Жаңа-жыл,шырша жайлы тақпақтар айту.
Блингвалдық компоненттер:Жаңа-жыл-новый год,шырша-елка.
Инклюзивтік әлеумет:Аружан менАлтынбекке геометриялық пішіндерді ажыратуға үйрету.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері
Шаттанамын күлемін
Бақытты болып жүремін.
Қатар тұрар шеңберде,
Досың көбін білемін.
Балалар өлеңді бірлесе айтады
Ұйымдастыру-ізденушілік
Тәрбиеші балаларға жаңа жыл жайлы өлең жолдарын оқып береді.
Жаңа жыл,жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
-Балалар өлең жолдары не жайлы айтылған екен айтыңдаршы.
-Жаңа жыл мерекесінде біздер ене істейміз?
-Нені безендіреміз?
Өлеңді мұқият тыңдайды.
-Жаңа жыл мерекесі жайлы
-Өлең айтамыз,би билейміз.
-Шыршаны безендіреміз.
Ұйымдастыру-ізденушілік
-Шырша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
-Ал шыршадағы ойыншықтарға қараңдаршы,олар да геоиетриялық пішіндерге ұқсай ма?
-Ұқсаса қандай пішіндерге ұқсайды?
Д/о «Зат неге ұқсайды?»
Мақсаты:геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып жұмамыз.
Саусақты ашып,жұмамыз.
Содан соң қолды түсіріп,
Иықты кері жіберіп,
Алақанды соғамыз,
1-2-3-4-5.
-Шырша сөзін буынға бөліп көріңдерші,неше буыннантұрады екен.
-Шырша үшбұрышқа ұқсайды.
-әрине ұқсайды
-Шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыштарға.
Балалар сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қыймыл іс-әрекетімен жасайды.
-шыр-ша,екі буыннан тұрады.
Жетекші жөндеуші
-Шырша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
-Ал шыршадағы ойыншықтар ше,қандай геометриялық пішіндерге келеді екен?
-Шырша үшбұрышқа ұқсайды
-домалақ,төртбұрыш, үшбұрыштарға.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Шыршаның үшбұрышқа ұқсайтынын біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Шырша ойыншықтарының да геометриялық пішіндерге ұқсайтыны туралы.
Орындаушылық қабілеті: Тақпақтар айтады,ойынды ойнады.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 19.02.2016 ж
Тақырыбы: «Не артық?»
Мақсаты: Түрлі суреттер бойынша сипаттай әңгімелеуге дағдыландыру.
Міндеті: Қоршаған орта арқылы сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі суреттер,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар:Суреттер арқылы әңгіме құрастыру.
Блингвалдық компоненттер:артық-лишнее.
Инклюзивтік әлеумет:Шерзатты жақын ала отырып артық заттарды табуға мүмкіндік жасау.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері
Шаттанамын күлемін
Бақытты болып жүремін.
Қатар тұрар шеңберде,
Досың көбін білемін.
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
-Балалар балабақша туралы білетін өлең тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
-Балалар балабақшамызда да өз үйлеріміз секілді әр бөлменің өз атауы бар.Соған сай сол бөлмеге қажетті заттармен жабдықталған.
Ән залы,спорт залы,би залы,асхана,кір жуатын бөлме т.б.
-Ал енді үй бөлмелерін сендер атап беріңдерші.
-Осы бөлмелердің жиһаздарын атап беріңдерші
-Жарайсыңдар балалар
Балалар балабақша туралы өлең тақпақтарын айтады.
-ас бөлмесі,жатын бөлме,қонақ бөлме,жуынатын бөлме.
Балалар жарыса жауап береді.
Ұйымдастыру-ізденушілік
«Артығын тауып қорша» дидактикалық ойынын ойнайық.
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: әр бөлмеге тиесілі заттар қойылады,бірақ соның ішінен ол бөлмеге тиесілі емес затты тауып қоршау.
Мысалы:Қасық,тәрелке, қалам,ожау,қазан.
-Осы «қалам» сөзін буынға бөліп айтайықшы неше буын бар екен?
-Қой,ешкі,сиыр,қарлығаш,түйе.
-«Қарлығаш»сөзін буынға бөліп көріңдерші.
Жануарлар бейнеленген суретті көрсету.
-Балалар мынау суретке мұқият қараңдаршы нелер бейнеленген,оларды бір сөзбен ұалай атаймыз.
-Бұл жерде неше қоян бар?
-Неше маймыл бар?
-Қоян көп пе,маймыл көп пе?
-Маймылдан неше қоян көп?
-Салыстыру таңбаларын қойыңдар.
Сергіту сәті
Жел соғады соғады,
Құстар жерге қонады.
Көбелектер тығылып,
Дір-дір етіп тоңады.
Жел кенеттен тынады,
Күн де бұлттан шығады.
Шегіртекелер секіріп,
Аралар да ұшады.
-
Бұл ас үйге тиесілі заттар,қалам ас үй затына жатпайды.
-Қа-лам
Екі буыннан тұрады.
-қарлығаш артық өйткені ол құс.
-қар-лы-ғаш
Үш буыннан тұрады.
-жануарлар деп аталады
-Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қыймыл іс-әрекетімен жасайды.
-
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін әр заттың өз орны бар екенін білдік,солай емес пе?
-Қандай таңбалар қойдық?
-Жарайсыңдар балалар сендер бүгін өз білімдеріңді жақсы көрсеттіңдер.
-Ия
-Салыстыру таңбасын қойдық.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет:Сурет жайлы өз ойларын айта біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Артық,кем,Салыстыру таңбасы туралы.
Орындаушылық қабілеті: Тапсырмаларды бұлжытпай орындады.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 12.02.2016 ж
Тақырыбы: «Менің үйім»
Мақсаты: Балалардың өз үйлері жайлы түсініктерін қалыптастыру.Геометриялық пішіндерден,үшбұрыш,төртбұрыштардан композиция құрастыруға үйрету.
Міндеті: Сөздік қорын байытып,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі үйлердің суреттері,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар:Үйлерді бақылау
Блингвалдық компоненттер:үй-дом
Инклюзивтік әлеумет. Асылайға оз үйі жайлы әңгімелеп беруге жағдай туғызу.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Орнымыздан тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Апай айтқан әр сөзді
Ұғып тыңдап алайық
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр қалай шешуін табасыңдар ма?
Жұмбақ.
Төрт қанаты бар,
Бір аузы бар.
Балаларға жұмбақты шешуге көмек беру.
-Әр адамның,жан-жануарлардың,құстардың тіптен жәндіктердің де өз үйлері болады.
Мысалы: Құстың ұясы,аюдың апаны,иттің үйі,араның ұясы.
-әрине
-үй
Ұйымдастыру-ізденушілік
Дидактикалық ойын «Үйін тап»
О/ш: Тақтаға Адамның,иттің,құстың және араның суреттері және олардың үйлері ілінеді.Әрқайсысының өз үйін тауып орналастыру керек.
Д/о «Ия,жоқ»
О/ш: Мен әртүрлі сөздер айтаиын егер айтқан сөзім дұрыс болса сендер «ия» деп жауап бересіңдер,ал дұрыс айтпаған болсам «жоқ»деп айтасыңдар.
-Адам апанда тұрады.
-Аю үйде тұрады.
-Құс үйшікте тұрады.
Сергіту сәті.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
-Балалар қараңдаршы мынау сендер тұратын үйге ұқсай ма?
-Бұл үйге қараңдаршы қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Әрқайсысының өз үйін тауып орналастырады.
Тәрбиеші айтқан сөйлемдеріне «ия»,»жоқ» деп жауап береді
Балалар сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қыймыл іс-әрекетімен жасайды.
-әрине ұқсайды
-төртбұрыш және үшбұрышқа
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін нені білдік?
-Адамдар тұратын үйлер геометриялық пішіндерге ұқсайды екен?
-Әр адамның,жан-жануарлардың,жәндіктердің өз үйлерінің болатынын білдік.
-төртбұрыш пен үшбрышқа.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Үй және олардың түрлерін.
Қалыптасқан түсініктер: Өз үйлерінің геометриялық пішіндерге ұқсайтыны туралы.
Орындаушылық қабілеті: Жұмбақтың шешуін табады,ойындарды ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 26.02.2016 ж
Тақырыбы: «Екі үшбұрыштан бір төртбұрыш жасау»
Мақсаты: Балардың геометриялық фигуралар жайлы білімдерін анықтау.
Міндеті: Бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету.
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі суреттер,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: «ғажайып қапшық» ойынын ойнау
Блингвалдық компоненттер:үшбұрыш-треугольник,төртбұрыш-квадрат.
Инклюзивтік әлеумет:Мансур мен Мехрнисаға
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз қандаймыз,
Шұғылала таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді білмейміз
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Балалар біз бүгін үйшік ертегісін еске түсірейікші.Біз ертегіні еске түсіріп айтқан сайын,мынау фигуралардан үйшік құрастырылады екен.
-Олай болса бастайық,уйшікті бірінші не тауып алды?
Осы кезде үйшіктің іргетасы қойылады.
-Екінші үйшікке не келді?
Енді үйшігіміздің қабырғасы қаланды.
-Тышқаннан соң не келді?
Енді үйшіктің шатыры жабылды.
-Ал қояннан кейін не келді.
Үйшіктің терезелері қойылды.
-Ең соңында үйшікке не келді?
Жарайсыңдар,міне үйшігіміздің соңғы есігі де қойылды.
-Балалар ертегіні еске түсіруге келіседі.
-Үйшікті бірінші бақа тауып алды.
-Екінші тышқан келді.
-Тышқаннан соң қоян келді
-Енді үйшікке түлкі келді.
-Ең соңында үйшікке аю келді.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Дидактикалық ойын «шаршы құрастыр»
Мақсаты:Балаларды бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету.
О/ш:Қиылған үшбұрыштардан шаршы құрастыру.
Сергіту сәті.
Астанада бар жаңа үй,
Жаңа үйде тұрамыз.
Баспалдақтан жүгіріп,
Қабаттарды санаймыз.
1-қабат,2-қабат.
3-4-біз пәтердеміз.
-Балалар қараңдаршы мынау сендер тұратын үйге ұқсай ма?
-Бұл үйге қараңдаршы қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Әрқайсысының өз үйін тауып орналастырады.
Балалар сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қыймыл іс-әрекетімен жасайды.
-әрине ұқсайды
-төртбұрыш және үшбұрышқа
Жетекші жөндеуші
-балалар біз бүгін нені білдік?
-Қандай ертегіні еске түсірдік?
-Екі үшбұрышты біріктірсек төртбұрыш болатынын білдік
- «Үйшік» ертегісін.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Геометриялық пішіндерді біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Екі үшбұрышты біріктіргенде төртбұрыш шығатыны туралы.
Орындаушылық қабілеті: Ертегіні естеріне түсіреді,сұрақтарға жүйелі жауап береді,ойындарды ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 04.03.2016 ж
Тақырыбы: «Компьютер бөліктерімен таныстыру»
Мақсаты: Компьютер бөліктерімен таныстырып,танымдық қабілетін арттыру.
Міндеті: Компьютерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер:Слайдттар,компьютер бөліктері,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: «ғажайып қапшық» ойынын ойнау.
Блингвалдық компоненттер:пернетақта-клавиатура,жүйелі блок-процессор.
Инклюзивтік әлеумет:Шерзод пен Асадбекті жақын ала отырып компьютерге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн көк аспан
Қайырлы күн жер ана.
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Компьютерді орамалмен жасырып қойып балаларға ғажайып сәт туғызу.
-Балалар бері қараңдаршы сендерге көрсеттетін керемет бір затым бар.
Орамалды ашып балаларға көрсету.
-Балалар бұл не айта қойыңдаршы?
-Ия дұрыс айтасыңдар бұл компьютер.Бүгін біз компьютер бөліктерімен танысамыз.
-Міне мынау [pic] компьютердің маниторы.
Балалар қызыға қарайды.
Компьютерді көріп қуанып қалады.
-Бұл компьютер
Ұйымдастыру-ізденушілік
[pic]
-Ал мынау компьютердің миы яғни,жүйелі блогы.
[pic]
-Ал мынау болса,компьютердің пернетақтасы.
Сергіту сәті.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Дидактикалық ойын «Артығын тап»
Мақсаты:Балаларға компьютерге тән емес заттарды табу,компьютерді жетік тани білуге үйрету.
,
Балалар компьютер бөлшектеріне қызыға ынтамен бақылап отырады.
Сергіту жаттығуын жасап сергіп қалады.
Артық заттарды табады.
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін нелермен таныстық?
-Компьютер бөліктеріне нелер жатады екен?
-Жарайсыңдар!
- Компьютер бөліктерімен таныстық.
-Компьютер бөліктеріне манитор,пернетақта,
жүйелі блок жатады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Компьютердің не екекнін біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Компьютер бөліктері туралы түсінік қалыптасты.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,ойындарды ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 11.03.2016 ж
Тақырыбы: «Компьютер менің көмекшім»
Мақсаты: Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. Ересектермен әңгімелесу, телехабар, компьютерлік ақпараттар және олардың мазмұнына қызығушылығын қалыптастыру, арттыру. Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы туындату және тұлға дамыту
Міндеті: Компьютерге деген қызығушылықтарын арттыру,компьютердің жұмысымен таныстырып балалардың зейінін дамыту. Заттар әлемі қарапайым ақпарат көздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер:Слайдттар,компьютер бөліктері,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: Компьютермен ойын ойнату.
Блингвалдық компоненттер:пернетақта-клавиатура,жүйелі блок-процессор.
Инклюзивтік әлеумет:Шерзод пен Асадбекті жақын ала отырып компьютерге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Терезеден күн сығалап,
Бөлмемізге қарайды.
Қол соғамыз айғайлап,
Бойға шаттық тарайды
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
[pic]
-Балалар мынау ненің суреті қараңдаршы?
-Компьютермен көп нәрселер жасауға болады.
Мысалы:Жазу жазуға,ойын ойнауға,өлең тыңдауға,
Балалар қызыға қарайды.
Компьютерді көріп қуанып қалады.
-Бұл компьютер
Ұйымдастыру-ізденушілік
Кино көруге,қызықты оқиғаларды оқуға болады.Бұл заттардың барлығы компьютердің миында сақталады
Дидактикалық ойын «Адасқан сандар»
Мақсаты:балаларға компьютер арқылы адасқан сандардың өз орнын тауып қою. . Қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамытып, тіл байлығын , таным өнерін, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып,жұмамыз.
Содан соң қолды түсіріп,
Иықты кері жіберіп,
Алақанды соғамыз,
1-2-3-4
Ойынды қызыға ынтамен ойнайды.
Сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қимыл іс-әрекетімен айтады.
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін нелермен таныстық?
-Компьютер бөліктеріне нелер жатады екен?
-Жарайсыңдар!
- Компьютер бөліктерімен таныстық.
-Компьютер бөліктеріне манитор,пернетақта,
жүйелі блок жатады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Компьютердің не екекнін біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Компьютермен көп жұмыс жасауға болатыны жайлы.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,ойындарды ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 18.03.2016 ж
Тақырыбы: «Компьютерді қосу мен өшіру»
Мақсаты: Компьютер бөліктерімен таныстырып,танымдық қабілетін арттыру.Қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.
Міндеті: Компьютерге деген қызығушылықтарын арттыру.Компьютер қосар алдында үлкендердің көмегіне жүгіне отырып,жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекіліктер:Слайдттар,компьютер ,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: «ғажайып қапшық» ойынын ойнау.
Блингвалдық компоненттер:пернетақта-клавиатура,жүйелі блок-процессор.
Инклюзивтік әлеумет:Шерзод пен Асадбекті жақын ала отырып компьютерге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн көк аспан!
Қайырлы күн жер ана!
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
-Балалар компьютермен жұмыс жасау,онымен ойнау сендерге ұнай ма?
-Бірақ компьютерді қолданудың да өз ережелері болады.
Компьютерді өздіктеріңнен қосып өшіруші болмаңдар,өйткені ол қауіпті.
-Ия ұнайды
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Ұйымдастыру-ізденушілік
.Компьютердің алдында ұзақ отыруға болмайды,өйткені көзге зиян және өздеріңдей жас балалар тура отырмаса омыртқа сүйегі қисық бітеді
Дидактикалық ойын: «Болады болмайды»
О/ш:Балаларға тәрбиеші іс-әрекет бейнеленген сурет көрсетеді,оның дұрыс не бұрыс екенін балалар табады.
-1-суретте балалар үйде от жағуда.
2-суретте Балалар аулада ойнауда.
3-суретте Айнұр теледидарды тоқ көзіне жалғауда.
4-суретте Балалар көлік жүретін көшеде доп ойнауда.
5-суретте Балалар дастархан жасауда.
Сергіту сәті.
Кел балалар , кел бері
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрып ақ,
Жүгірейік бір уақ.
Бір-екі-үш!
Бір-екі-үш!
Екпіндей түс.
Аяқты оңға созайық.
Тік көтеріп қозғайық.
Оңға,солға қарайық.
Балалар компьютер бөлшектеріне қызыға ынтамен бақылап отырады.
-болмайды
-болады
-болмайды.
-болмайды
-болады
Сергіту жаттығуын жасап сергіп қалады.
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін нені білдік?
-Компьютерді ұзақ қолдануға бола ма?
-Жарайсыңдар!
- Компьютермен жұмыс істеу ережелерін.
-Компьютерді ұзақ қолдануға болмайды ол зиян.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Компьютердің не екекнін біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Компьютерді дұрыс қолдану туралы түсініктері.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,ойындарды ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 25.03.2016 ж
Тақырыбы: «Мен жаза білемін»
Мақсаты: Балалардың жазуға деген ынталарын ояту.
Міндеті: Жазу арқылы көп затқа қол жеткізе алуға болатынын түсіндіру.
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі суреттер,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: Тақтада таныс әріптерін жазу
Блингвалдық компоненттер: жазу-писать
Инклюзивтік әлеумет:Шерзод пен Асадбекті жақын ала отырып компьютерге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Шаттанамын,күлемін,
Бақытты боп жүремін.
Қатар тұрар шеңберде,
Досым көбін білемін.
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Д/о:Мен циркте болдым».
Ойын үшін әріптер мен буындар жазылған карточкалар керек. Оны екеулеп немесе топпен де ойнауға болады. Ойыншыларға әріп жазулы карточка таратылады немесе барлық карточкалар үстелде жатады. Ал ойыншылар кезек-кезек жақындап алады. Бірінші ойыншы әріппен немесе буынмен карточканы алады да айтады: «Мен циркте болып, ...», осы карточкада көрсетілген әріпке басталатын бір нәрсе ойлау керек. Тек қана зат есімдер ғана емес, сонымен бірге, мысалы, «с» әрпінен сайқымазақ, секіріп жүрген гимнаст, сары шымылдық және т.б.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Дидактикалық ойын: «Күн мен түн».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.
Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».
-Ұзын
-Биік
-Жуан
-Ащы
-«Тәтті» сөзін буынға бөліңдерші,неше буыннан тұрады екен?
Сергіту сәті.
Атам менің қауыншы,
Апам менің сауыншы
Шешем менің тігінші.
Әкем менің егінші.
Ағам болса,ол ұста.
Бәрі,бәрі жұмыста.
Отырмаймын мен текке,
Кеттім мен де бақшаға.
-Балалар енді «Ата» «Апа» сөздерін тақтаға жазып көрейікші.
-Қысқа
-Аласа
-Жіңішке
-Тәтті
-Тәт-ті,екі буыннан тұрады.
Сергіту жаттығуын жасап сергіп қалады.
Балалар «Ата», «Апа»
сөздерін жазады.
Жетекші жөндеуші
-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Жазу жазу сендерге ұнады ма?
-Жарайсыңдар,сендер мектепке баруға дайын екенсіңдер.
-Әрине ұнады.
-Ия өте қатты ұнайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Өтілген әріптерді таниды.
Қалыптасқан түсініктер: Жазу,оқу арқылы қызықты нәрселер білуге болатыны жайлы.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,ойындарды ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 06.05.2016 ж
Тақырыбы: «Жаяу жүргіншілер өткелі»
Мақсаты: Жол ережелерімен кеңінен таныстыру
Міндеті:Балаларға жол ережелері туралы түсінік беру.Жол ережелерін сақтап жүруге үйрету.
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі суреттер,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: Жолда жүру ережесі жайында әңгімелесу
Блингвалдық компоненттер: жаяу жүргінші-пешеход
Инклюзивтік әлеумет:Шерзод пен Асадбекке жолда жүру ережесін үйрету
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн көк аспан
Қайырлы күн жер ана.
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Тақтадағы суреттерді көрсете отырып, көшедегі жолдар ұзын, қысқа, кең және өте әдемі болатынын түсіндіреді.
- Көліктер қайда жүреді?
-Жолдар қандай болды?
- Көшеде тағы нелер бар?
- Жаяу жүргіншілер қайдан жүреді?
-
-көшелерде
-жолдар ұзын болады
-жол белгілері бар
-жаяу жүргіншілерге арналған өткелмен
Ұйымдастыру-ізденушілік
-Қимылдық ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер»
Шарты: балалар үш топқа бөлініп (қызыл,көк,жасыл), оларды түрлі шеңберге орналастырады. Олар машина жүргізушілер. Тәрбиеші қолына қағаздан жасалған бағдаршам көздері сынды картонды алады. Жасыл түсті дөңгелекті көтергенде, балалар бөлме ішінде бірін-бірі қақпай-соқпай машина болып гүрілдеп, әрлі-берлі қозғалады. Ал , қызыл картон дөңгелекті көтергенде машиналар
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын,қысқа жолдарды
Біліп біздер алайық.
Оң жақта да, сол жақта да,
Биік үйлер бар екен.
Д/о «Бағдаршам»
Мақсаты: балаларға жол ережелерін сақтап,оларды біліп жүруге үйрету.
Ойынды қызыға,ынтамен ойнайды
Сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қимылмен жасап шығады.
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін нелер жайлы білдік?
-Соның ішіндегі бізге яғни тікелей жаяу жүргіншілерге арналған нені білдік?
-Жарайсыңдар,сендер жол ережелерін жақсы біліді екенсіңдер.
-жол ережелері жайлы.
-жаяу жүргіншілерге арналған өткел жайлы білдік.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Жаяу жүргіншілерге арналған өткелді біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Көшенің кез-келген жерінен кесіп өтуге болмайтыны туралы.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,жол ережелерін біледі,ойындарды қызыға ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 13.05.2016 ж
Тақырыбы: «Бағдаршамды геометриялық фигураларды қолданып жасаймыз»
Мақсаты: Балалардың бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Міндеті:Бағдаршамның түстерінің қандай екнін ,оның қандай геометриялық фигураға жататыны туралы түсінік беру.
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі суреттер,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар: Жолда жүру ережесі жайында әңгімелесу
Блингвалдық компоненттер: бағдаршам-светофор.
Инклюзивтік әлеумет:Шерзод пен Асадбекке жолда жүру ережесін үйрету
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Шаттанамын,күлемін,
Бақытты боп жүремін.
Қатар тұрар шеңберде,
Досым көбін білемін.
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Үш көзі бар қаз- қатар
Кезек –кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрлі нұр шашады
-Бұл не екен балалар?.
- Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер?
- Бағдаршамның қызметі қандай?
- Қай жолмен жүреміз?
- Жиек жолмен жүреміз.
-Бағдаршам
- Көліктер өтетін жолдан көреміз.
- Жол тәртібін реттеуші.
- Жиек жолмен жүреміз..
Ұйымдастыру-ізденушілік
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
-Ал бағдаршамның көздері қандай пішінге ұқсайды?---Ал сыртқы пішіні ше?
-Олай болса келіңдер мынау геометриялық фигураларды қолданып бағдаршам құрастырайық.
-Қимылдық ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер»
Шарты: балалар үш топқа бөлініп (қызыл,көк,жасыл), оларды түрлі шеңберге орналастырады. Олар машина жүргізушілер. Тәрбиеші қолына қағаздан жасалған бағдаршам көздері сынды картонды алады. Жасыл түсті дөңгелекті көтергенде, балалар бөлме ішінде бірін-бірі қақпай-соқпай машина болып гүрілдеп, әрлі-берлі қозғалады. Ал , қызыл картон дөңгелекті көтергенде машиналар
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын,қысқа жолдарды
Біліп біздер алайық.
Оң жақта да, сол жақта да,
Биік үйлер бар екен.
Д/о «Бағдаршам»
Мақсаты: балаларға жол ережелерін сақтап,оларды біліп жүруге үйрету.
- Жер асты жолымен жүреміз.
-Аялдамадан отырамыз.
-дөңгелекке
-тіктөртбұрышқа
Балалар бағдаршам құрастырады.
Ойынды қызыға,ынтамен ойнайды
Сергіту жаттығуын мазмұнына сәйкес қимылмен жасап шығады.
Жетекші жөндеуші
-Балалар біз бүгін нелер жайлы білдік?
-Бағдаршам қандай геометриялық пішінге келеді екен?
-Жарайсыңдар,сендердің жасаған бағдаршамдарың маған ұнады
-бағдаршам жайлы.
-Бағдаршамның сырты тіктөртбұрыш,ал көздері дөігелек.
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Бағдаршамды,жол ережелерін біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Көшенің кез-келген жерінен кесіп өтуге болмайтыны туралы.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,геометриялық фигуралардан бағдаршам құрастырды,ойындарды қызыға ынтамен ойнайды.
Вариатиптік компаненттің перспективті технологиялық картасы.
Тобы: «Ақкөгершін» ересек тобы
Бағыты: «Иннавациялық»
Білім беру саласы: «Компьютермен жұмыс»
Вариативтік компонент: «Білгірлер»
Өтілетін күні: 06.05.2016 ж
Тақырыбы: «Ретімен айтып бер»
Мақсаты:
Міндеті:
Көрнекіліктер:Слайдттар,түрлі суреттер,сиқырлы қалам.
Алдын-ала жұмыстар:
Блингвалдық компоненттер:
Инклюзивтік әлеумет:
Тәрбиеші қызметі
Балалардың қызметі
Ұйымдастыру-шының қозғаушы қызметі
Шаттық шеңбері.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы күн көк аспан
Қайырлы күн жер ана.
Балалар өлеңді шеңбер болып мазмұнына сәйкес қимылмен айтады.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Ұйымдастыру-ізденушілік
Жетекші жөндеуші
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Жаяу жүргіншілерге арналған өткелді біледі.
Қалыптасқан түсініктер: Көшенің кез-келген жерінен кесіп өтуге болмайтыны туралы.
Орындаушылық қабілеті: Сұрақтарға жүйелі жауап береді,жол ережелерін біледі,ойындарды қызыға ынтамен ойнайды.
- Жұмбақ жасыру:
Жасыл көзі жүр дейді,
Қызыл көзі тұр дейді.
Сары көзі дайын бол дейді