Ұйымдастырылғын оқу әрекетінің технологиялық картасы №1
«Астана»I кіші тобы
«3»Қыркүйек 2015ж
Білім беру саласы:«Қатынас»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Жеміс жыры»
Мақсаты:Коммуникативті дағдыларын дамыту. Жемістерді (алма, өрік, қар өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығын ажырата білу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс:Жемістер өлеңімен таныстыру.
Қостілдік құрам:Жемістер-фрукты, алма-яблоко.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап
Іс- әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
-Балалар, бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналып тұрамыз.
«Күз-жомарт» әнін орындайық:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
«Күз жомарт»,-дейміз біз.
Жемісін жейміз біз.
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап қайталайды.
Ізденушілік
Ұйымдастыру-шылық
-Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?
-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?
-Қандай жемісті білесіңдер?
-Ал, енді, балалар, мен сендерге жемістер туралы өлең оқиын, сосын бәріміз жаттаймыз.
Алма:
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киініп.
Тілді балдай үйірем.
Өрік:
Уылжыған өрікпін,
Мен бау-бақшаға көрікпін.
Қара өрік:
Қара өрік деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге
Кейде менің хақым бар.
Сергіту сәті.
Алма, алма, көп алма
Қызыл, жасыл, көк алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Жемістер, көкөністер болып бөлінеді.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім т.б жатады.
Көкөністерге: қызанақ, картоп, сәбіз т.б жатады.
Оларда көптеген дәрумендер бар.
Дидактикалық ойын: «Ажрат»
Мақсаты: Ортаға жемістер мен көкөністерді араластырып, балалар ажрату керек.
Күз, күз мезгілі.
Алма, шие, өрік.
Балалар қолдарымен жемістерді ұстап, көлімін, түсін анықтайды. Оларды қарап, бір-бірімен салыстырады.
Тәрбиеші балаларға сурет арқылы түсіндіреді. Жемістерді, көкөністерді жуып жеу керек екенін білді.
Ойынды қызығушылықпен ойнады.
Рефлексивті-
түзетушілік
Тәрбиеші балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алаған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерен сұрайды.
Балалар жемістер туралы өлең үйренгенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуді.
Үйрену:Жемістер туралы түсініктерді.
Меңгеру: Үлкендердің еңбегін бағалай білуді. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіскер:____________ Тәрбиеші: Кужиева Б.К.