Алматы облысы
Балқаш ауданы
Ақдала ауылы
«Балауса» балалар бақшасы
«Үміт» ортаңғы топ тәрбиешісі
Тукубаева Салтанат Маликовна
Технологиялық карта
Күні:11.09.2015
Білім беру саласы: « Қатынас »
Оқу іс- әрекеті: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Бау – бақшада, бақтарда»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту, ойлау қабілетінің ерекшелігін арттыру.
Билингвальді компонент: Бау- бақша- сад, көкөністер- овощи, жемістер- фрукты.
Сөздік жұмысы: бау- бақша, бақ.
Технологиялық қамтамасыз ету: Жемістер мен көкөністер муляждары, мнемотехника, ТРИЗ әдістеріне арналған суреттер.
Ұйымдастырушылық - оятушылық Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Шаттық шеңбері
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін жақсысын
Досымызға сыйлайық.
Балаларға күз пейзажын көрсету.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгіліекенін қалай білдік?
Балалар күз мезгілінде бау- бақшадағы жемістер мен көкөністер піседі. Оларды жинайтын мезгіл күз.
-Ал балалар күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністерді атайықшы.
Мнемотехникалық кесте:
Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап.
Кім алманы табады,
Сол бақшаға барады.
-Жарайсыңдар балалар!
Енді барлығымыз ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын:
Жемістер мен көкөністерді ажырату.
Ойын мақсаты: Балалар жемістерді көкөністердент ажыратуға баулу.
Шарты: Бір себеттегі көкөніс пен жемістерді ажыратып, екі себетке салулары керек.
Монтессори технологиясы:
Сергіту сәті
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар.
Төмен басты иемін.
ТРИЗ технологиясы.
Оқу іс- әрекетін қортындылап, балаларды мадақтау.
Балаларға алма тарату.
Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Тәрбиешінің қайталатуымен шаттық шеңберін айтады.
Суретке қызығушылықпен қарайды.
-Күз мезгілі.
-Жапырақтар сарғаяды, күн суытады.
Балалар өздері білетін көкөністер мен жемістерді айтады.
Балалар тақтадағы түрлі- түсті суреттерге қызыға қарайды. Тәрбиешілермен бірге тақпақты қайталайды.
Балалар ойынға қызығушылық танытады. Бір себетке көкөністерді, Бір себетке жемістерді салады.
Балалар қимыл қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.
ТРИЗ кестесі ілінген тақтаға қызығушылық таныта қарайды.
Нені білу керек: Жемістердің көкөністерден айырмашылықтарын жылдам айта білу керек.
Нені игереді: Көкөністер мен жемістерді ажыратуды игереді.
Нені білді: Тез ойланып, тез жауап беруді білді.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:
Тукубаева Салтанат Маликовна