Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру. Тақырыбы: Ұшақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Технологиялық карта

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Ұшақ

Мақсаты: Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау, аспан денелерін ажырата білуді үйрету. Ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыра білуді үйрету, жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: Әуежай бейнеленген картинаны талдау, суретке қарап әңгіме құрастыру. Көлік түрлері жайында әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, ойын, «Фребель» ойыны, сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: Үлестірмелі материалдар, дайын апликация үлгілері, сүрткіш.

Билингвизм: Ұшақ – самолет, аспан – небо

Мотивациялық

қозғаушы














Іздену

ұйымдастыру
















































Рефлексивті

коррекциялаушы







Таңертеңгі жиын

«Сәлем!» - дедік күнге біз,

«Сәлем!»-дедік жерге біз.

Сәлемдесіп достармен,

Бірге ойнап, бір күлген.

-Жарайсыңдар балалар, сәлемдесіп болсақ орнымызға жайғасайық.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Жарайсыңдар балалар,енді айтыңдаршы қыс мезгілінің басқа мезгілдерден қандай ерекшелігі бар?

-Дұрыс айтасыңдар, қар жауып, күн суытады.

-Балалар, біз кеше оқу іс-әрекетінде қандай көлік түрлерімен таныстық. Қане кім айтады қандай көлік түрлері бар екен?

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай көлік жайында өтетінімізді білгілерің келеді ме?

-Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын шешіп көріңдер.

Жұмбақтар:

  1. Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)

  1. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

-Дұрыс айтасыңдар.Балалар, біз қандай көлік жайында өтеді екенбіз?

Билингвизм:

Ұшақ – самолет

Аспан – небо

-Балалар ұшақтар қайда ұшады?

-Ал сендердің ұшқыш болғыларың келеді ме? Ұшқыш болу үшін не істеу керек?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар ұшқыш болу үшін білімді, тәртіпті болу керек екен.

-Ал балалар, енді жұмысымызды белсенді дамытушы ортал ықтарында жалғастырайық.

Өнер орталығы

Тақырыбы: Ұшақты жапсыру

Мақсаты: Балаларға қағаздан ұшақтың бейнесін жапсыруды үйрету, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Құрылыс орталығы

Тақырыбы : Ұшақты құрастыру

Мақсаты: «Фребель» құралдарымен ұшақтың бейнесін құрастыруды үйрету,қызығушылықтарын арттыру.

Балалар белгілер бойынша бөлініп, орталықтарда жұмыс жасайды.


Балаларды белгі бойынша ортаға жинап, сергіту жаттығуын орындау.

Аспан,аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын

Өз қалаулары бойынша орталыққа бөлініп жұмыс жасау.

Балаларды белгі бойынша ортаға жинау.

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай көлік түрін әңгімеледік?

-Қандай жұмыстар жасадық?

-Ұшақ қай көліктің түріне жатады екен?

-Балалар, сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?

-Ендеше қазір «Ұшады,ұшпайды» ойынын ойнайық.

-Ойын ұнады ма сендерге?

-Балалар, сендер тапсырманы да, ойынды да жақсы орындадыңдар.Сендерге көп -көп рахмет.Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.



Күтілетін нәтиже:

Ұшақтың бөліктерін рет-ретімен жапсыруды,ұшақтың әуе көлігі екенін, аспанда ұшатынын, тапсырман тыңғылықты орындауды