Әлібекова Гүлмира Сүлейменқызы
«МҚКК - № 3»
Тәрбиеші, 2 санат.
«Эколого-дидактикалық панно арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Мектепке дейінгі жас-адамның өзіндік логикасы мен ерекшелігі бар даму кезеңі, бұл өзінің тілі, ойлау түрі, әрекеттері бар ерекше әлем. Біз мектепке дейінгі балалық шақтың әлемін қалайша танимыз?Ал бала айнала қоршаған ортаны қалай таниды? Баланың дамуына әсер етуін қалай танимыз? Ең алдымен, түрлі балалар ойыны арқылы, баланың экологиялық тәрбиесін жоғарлатуға болады,өйткені экологиялық тәрбиені , мектепке дейінгі балалардан бастау керек. Себебі, ойын – балалар табиғатына үйлесімді келетін, саған жақын құбылыс.Біздін балабақшаның міндеттерінін бірі,иновациялық технология бойынша айнала қоршаған орта туралы балалардың экологиялық тәрбиесін белсендіру. Неге десек, ойын барысында бала өзі біле алмағанын танып, істей алмағанын істеуге дағдыланады. Ойын – тек көңіл көтеру ғана емес, ол сондай-ақ балдырғанның шығармашылығы, шабытты еңбегі, оның өмірі болып саналады. Ойын кезінде бүлдіршін айналадағы әлемді танып қоймай, өз-өзін танып, бұл әлемде өзінің орнын табуға тырысады. Бала ойнап өз білімін жетілдіреді, ойлау мен елестету қабілетін дамытады, сонымен бірге туған тілін меңгеріп, қарым-қатынас жасауға үйренеді. Сөз сөйлеудің дамуы баланың ойлау, не елестету қабілеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Сөз сөйлеудің белсенділігін арттыру маған балаларды ойын әрекетіне тартуға көмектеседі. Кез келген ойынды өткізуде балалардың қызметін ұйымдастыру мен басқарудың басты ережесін естен шығармау керек екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл – балаға ыңғайлы және қызықты болғаны шарт. «Эколого-дидактикалық панно арқылы мектепке дейінгі балалардың сөз сөйлеу белсенділігін арттыру» тақырыбын алған себебім, балалардың сөз сөйлеу қабілетін дамытуға өте маңызды.
Мақсаты: Балалардың сөз сөйлеу сапасын белсендіру.
Міндеттер – Сөз сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сөз сөйлеудің грамматикалық тізбегін қалыптастыру, сөздік қорды толықтыру.Табиғатты сүйюге және айнала қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру.
Гипотеза: Егер дидактикалық панноны белсенді ойнау әрекетінде қолданса, сол мезгілінде ойындарға және сабақтарға балалардың қызығушылығы өседі, сөздік қоры байыйды.
Әр балабақшада фланелеграф деген әдістемелік құрал бар, мен балалардың іс әрекетін бақылап өз ойымнан осы «дидактикалық панноны» шығардым, төрт рет қыйылған сәйкес келген суреттерден құрастырдым, неліктен осы суреттерді мен қыйдым? Себебі осы әдіс суретті ұзартады және суреттің ішіне кіргендей боласың. Панно қолдануда өте оңай және жеңіл панноны айнала қоршаған ортада, математика, тіл дамыту сабағында және мониторинг өткізген кезде жие қолданамын.
Панно театралдық іс әрекетінде өте қолайлы. Айнала қоршаған ортада, ойындар барысында, баланың ойлау қабілетін қалыптасуына, топтасуына шексіз көмектеседі.
Сабақтарда дидактикалық ойындарды қолдануда мен осы міндеттерге сүйеніп отырамын:
Бүкіл ойындарды бір неше топқа бөлдім, себебі ойындағы бір басты мәселені шешу бағытымен, бірақ осы мәселелер шешумен басқа міндеттер де аттқарылып отырады. Төменде мен ойлау қабілетін белсендіруге бағытталған сөз ойындар мен жаттығулардың жүйесін ұсынамын.
Өткізілген жұмыстын сараптамасы;
Ұйымдастырылған оқу әрекетінде дидактикалық панноны қолдануда, балалардын
Бір белгілі білім- дағдыларының қалыптасуына себепші болды; ол заттарды бір-бірімен салыстырып- теңестіруі, талдау жасау біліу. Дидактикалық панноны өз жұмысыма қолданғанда балалардың сөйлеу барысында көрінеді, балалар тапсырманы қызықты және мазмұнды өз ойларын айтып, қуанып және уақытта тез жылдам өтеді.
Көңілсіз сабақтар қызықты сабақтарға айналады.
Шығармашылық қабілетін дамыту-ойындардын картотекасы
«Егер мен..»
Балалар әр түрлі жәндіктерге, аңдарға,құстарға сиқыр бойынша айналады.Мысалы егер мен жауын құрт болсам, мен жердің астын терен қазушы едім, құстардан және адамдардан қорғану үшін.
«Өлі табиғат, тірі табиғатқа қалай көмектеседі?»
Балаларға судың, тастын, күннін суреттерін ұсыну.
«Осылай болама?»
Балалармен әңгімелесу осы санырауқұлақтар, жидектер ағаштың үстіне қалай түскенін анықтау, мүмкін тиын сол жерде ұмытып кетті.
Тіл дамыту, айнала қоршаған орта әрекетінде қалай осы панноны қолдануға болады? Қарапайым, ой жүктемелі, мазмұнды, қызықты әңгімелерді құруына сөздерді грамматикалық және байланыстыра сөйлеуін үйренуіне жол ашады.
«Керісінше айт»
Ересек адам панноға нұсқау объектіні атайды, ал бала бұған антонимді тауып айтуы керек.
Мысалы; жуан бұтақ –жіңішке бұтақ, жұмсақ тері- тікенек инелер.
«Аз-көп» (Біреу –бірнешеу) айтады.
[pic]
аспазшы
[pic]
дәрігер
[pic]
құрлысшы
[pic]
хатшы
[pic]
сатушы
[pic]
Полиция қызметкері
[pic]
Өрт сөндіруші
[pic]
шаштараз