ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№22 «Балбөбек» бөбектер бақшасы КМҚК
Әдістемелік орталыққа арналған тіл дамыту сабағынан ашық сабақ
«Мирас» ортаңғы тобы
Тақырыбы:
«Жылқы –малдың патшасы» немесе
«Жеті қазынаның бірі – жылқы»
Тәрбиеші: Рахимжанова А. Б.
Екібастұз қаласы
2015 – 2016 о/ж.
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Жылқы - малдың патшасы» немесе «Жеті қазынаның бірі – жылқы»
Сабақтың мақсаты: Балалардың тіл дамыту сабағына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін әрі қарай арттыру. Балалардың жылқы туралы білімдерін бекіту. Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Үстел үсті театры (суретті –конусты), эйлер шеңбері: «Жылқы –жеті қазынаның бірі», жылқы суреттері, қимылды ойын «Теңге алу», дидактикалық ойын «Жылқының пайдасы»
Қуаныш шеңбері -Балалар, адамдар бір –бірімен амандасқанда қол береді. Ал біз бүгін ерекше амандасамыз. Біз амандасқанда бір –біміздің қолымыздан, мұрнымыздан, құлағымыздан ұстап, аяқтарымыз бен арқамызды қағыстырып амандасайық.
Балалар бір –бірінің қолынан ,
мұрындарынан, қолдарынан ұстап, аяқтары мен арқаларын қағыстырып амандасады.
Ұйымдастырушылық –ізденушілік
Жылқы туралы әңгімелеу
Суретпен жұмыс «Жеті қазына»
Билингвалды компонент
Дидактикалық ойын Эйлер шеңбері:
«Жеті қазына»
«Жылқы мен қасқыр» ертегісі
Үстел үсті суретті театр арқылы ертегіні мазмұндау
Сұрақ –жауап арқылы ертегінің мазмұнын сұрау
Қимылды ойын «Теңге алу»
«Жылқының пайдасы»
-Балалар, жан –жағымызға қарайықшы, нелердің суретін көріп тұрмыз?
-Жылқы – үй жануары ма, әлде дала жануары ма?
-Балалар, мына жерге келіп отырайық
-Балалар, жылқы малы адам үшін өте пайдалы мал. Жылқыны адамдар ғасырлар бұрын қолға үйретіп, пайдасына жаратқан. Жылқының етін жейміз, сүтінен қымыз жасап ішеміз, үстіне мініп, мал бағамыз, баратын жерімізге барамыз, қыста шана жегіп, жазда арба жегіп керегімізді тасып аламыз. Сонымен бірге жылқымен ойналатын ұлттық ойындарымыз бар.
Жылқы туралы ертегілер де көп.
-Балалар, сонымен бірге қазақ халқы жылқыны «Жеті қазынаның бірі» деген.
-«Қазына» деген орысша қалай болады?
-Бұрын аталарымыз аңшылықпен өмір сүргесін, «Жеті қазынаға» 1 Ер жігіт
2Сұлу әйел
3 Жылқы
4 Ит
5 Бүркіт
6 Білім
7Мылтықты кіргізген
-Кәне, қайталаңдаршы
-Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз, көк шеңберге-жеті қазынаға жатпайтын адамдарды, қызыл шеңберге жеті қазынаға жатпайтын жануарларды, ал ортасына жеті қазынаны салыңдар
-Балалар, бүгін біз жылқыға байланысты «Жылқы мен қасқыр» ертегісімен танысамыз.
-Баяғыда ашқарақ қасқыр болыпты. Бір күні қарны ашып келе жатса, алдынан қой кез болыпты. Қасқыр көп ойланбай, оны жеп алыпты. Әрі қарай келе жатса, сиыр кез болады. Сиырды да қасқыр бас салып, жеп алады. Әрі қарай келе жатса, алдынан түйе шыға келіпті. Ашқарақ түйені де жалмап жеп алыпты. Әрі қарай келе жатса, алдынан жылқы кездесіпті. Қасқыр жылқыға жақын келіп, бас салайын десе, оған жылқы:
-Тоқтай тұр, қасқыр, көптен бері өзіңді тосып жүр едім, мені жемей тұрып, артқы тұяғымнан өзіңе арнап, тығып жүрген сыйлығымды ал. Сосын мені жей бер, -депті.
Қасқыр сыйлық деген сөзді естіп, дәмеленіп, артқы сирағына жүгіріп келгенде, жылқы артқы қос сирағымен қасқырдың арандай ашылған аузынан
теуіп келіп жіберіпті. Арандай ашылған қасқырдың аузы қас айырылыпты.
Сөйтіп жылқы үлкен ажалдан аман қалыпты.
-Балалар, ертегі не туралы болды?
-Қасқыр қандай еді?
-Алдымен нені жолықтырды?
-Одан кейін нені жолықтырды?
-Одан кейін нені жолықтырды?
-Ақыры нені жолықтырды?
-Жылқы оған не деді?
-Қасқыр не істеді?
-Жылқы не істеді?
-Сонымен бірге, балалар, жылқымен ойналатын көптеген ұлттық ойындар бар.
-Кім атап береді?
-Ендеше, балалар, қазір біз ойын ойнаймыз
-Ойыннның аты «Жылқының пайдасы» деп аталады. Ол ойынды біз «Теңге алу» ойыны сияқты ойнаймыз, бірақ теңге орнына жылқының жасайтын жұмысы салынған суретті қызыл қалтаға, жылқы жасамайтын жұмысты көк қалтаға саламыз.
-Жылқының суреттерін
-Жылқы –үй жануары
Балалар орындықтарға жайғасып отырады
Балалар зейін салып, мұқият тыңдайды
-Сокровище
1 Әкеміз
2 Анамыз
3 Жылқы
4 Ит
5 Бүркіт
6 Білім
7Мылтық
Балалар ойын ойнап, берілген тапсырмаларды орындайды
Балалар ертегіні үстел үсті суретті театр арқылы көріп, тыңдауға дайындалады.
-Жылқы мен қасқыр туралы
-Қасқыр –ашқарақ болды
-Қойды жолықтырып, жеп қойды
-Сиырды жолықтырып, жеп қойды
-Түйені жолықтырып жеп қойды
-Жылқы оны алдап, сыйлық беремін деді
Балалар сұрақтарға жауап береді
-Бәйге
-Көкпар
-Қыз қуу
-Теңге алу
-Жамбы ату т.б.
Балалар ағаштан жасалған атты аяғының ортасына қойып, атша шауып отырып, суретті алып, тиісті қалтаға салады.
Рефлексивтік -тузетішілік
-Сонымен, балалар, жылқының бізге қандай пайдасы бар?
-Жылқы қандай қазынаға жатады?
-Жылқы мен қандай ойындар ойнауға болады?
-Ендеше, балалар, осымен біздің сабағымыз аяқталды, келген қонақтармен қол, ауыз, мұрын, құлақтарынан ұстап қоштасыңдар.
-Балалардың жауаптары тыңдалады
-Сабақта өткен жаңа білімдерін айтады
-Балалар келген қонақтармен қоштасады
Күтілетін нәтиже: Білім : Балалар жылқы туралы біледі
Білік: Жылқыны өзге жануардан ажыратып, пайдасын біледі
Дағды: Қимылды ойындар ойнай алады