№48 «Мұрагер» Бөбекжайы
Әдіскері: Т.Ж.Еркегалиева.
Тексерген:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Балапан» I кіші тобы
Бөлімі: Қатынас
Білім беру саласы: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануардарымен төлдері
Мақсаты: а) Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың
түрлерін бір-бірінен ажыратуға, төлдерін тануға
ә) Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын
дамыту
б) Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Слайд,үй жануарларының мүсіндері,Суреттер
Қостілдік білім: Үй жануарлары – домашные животные, сиыр –корова, жылқы – лощадь, түйе
верблюд, қой – баран, ешкі – коза.
Іс-әрекет кезеңдері
Педогогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балалар естисіңдер ме, біреу есікті қағып тұрған сияқты. Мальвина келеді.
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Сұлу-ару-қыздарым
Ақылды да ұлдарым
Қадірменді қонақтар!
Сендер мені таныдыңдар ма?
Дұрыс таптыңдар, мен Мальвинамын, мен сендерге сиқырлы себет әкелдім.
Оның ішінде не бар екенін білу үшін, сендер ең алдымен бірнеше сөз ұйқасты менімен бірге қайталаңдар.
Себеттің ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
Мальвина: Менің себетімде әртүрлі суреттер бар. Сендер ең алдымен орындарына жайғасып отырыңдар
Иә, сен Мальвинасын.
Мальвина өтінемін айтшы сенің себетінде не бар?
Ах-ах-ах – Секеңдейді лақ
Ой-ой-ой – Қорада тұр қой
Кі-кі-кі – Секіреді ешкі
Мальвина өтінемін айтшы сенің себетінде не бар?
Ұйымдастырушы-
лық ізденіс кезеңі
Балалар, сендер үй жануарларына, яғни төрт түлік жануарға нелер жататынын білесіңдер ме? Ал қандай жануарлар жатады, қанеки атаңдаршы!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды үй жануарлары деп атайды?
- Иә, өйткені адамдар оларды күтіп баптап, жем-шөптерін дайындап береді. Оларды үйде ме, әлде үйдің жанында тұра ма?
- Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе үйдің жанында қорада өмір сүреді. Ал мысық? Ит ?
- Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй жануарлары.
Ертерек заманда, көшпенділік кезінде қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды көліктің орнына мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы осы малды ас қылып етін жеген, сүтін ішіп, айран, қатық, майларын алып отырған. Біздің еліміздің жері, мал өсіруге өте қолайлы. Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес.
«Не қалай дауыстайды?» ойыны
Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Жылқы кісінейді
Түйе боздайды
Ешкі бақырады
«Төлдерді ата» ойыны
- Сиыр төлі
- Жылқы төлі
- Түйе төлі
- Қой төлі
- Ешкі төлі
Сөздік жұмыс:
Бейнероликке қарап қайталау
Сергіту сәті
Тіктеп титтей құлағын
Ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын,
Бұзау былай жүреді.
Иә
Қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы, мысық, ит
Олар адамның жанында өмір сүреді.
Үйдің жанында қорада тұрады.
Үйдің ішінде, ит үйдің сыртында үйшікте тұрады.
-Мә, мә, мә
-Мө, мө, мө
-Ио, ио, ио
-Бө, бө, бө
-Бе, бе, бе
- Бұзау
- Құлын
- Бота
- Қозы
- Лақ
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Балаларды шеңберге жинау.
Өлеңі: С.Асанов, әні: Ә.Бейсеуов «Қошақаным қайда екен?» әнін орындайды
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.
Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шыға келді жүгіріп,
Ақ маңдайлы ай ме екен,
Шекер ме екен, бал ме екен.
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады.
Қандай түсініктерді игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрі екенің игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын, жүрісін бейнелеуге шығармашылықпен қарайды.