Мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдеріне байланысты түсініктерін қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; диалог құрай білу, сөйлеушіні тыңдай білу, тақпақты мәнерлеп айту;
Дамытушылық: балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін, ақыл-ой белсенділігін, тез ойлауға қызығушылығын ояту, тақпақ, мақал-мәтел айтқызу арқылы сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелік: табиғаттың сұлулығын бағалай білуі, еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған тапқырлықтарымен тамсандыратын салауатты саналы етіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, жұмбақ шешу, сұрақ-жауап әңгімелеу, түсіндіру, ойын, шығармашылық жұмыс, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреті, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика,жапсыру,құрастыру.
Балалар топқа кіріп, қол ұстасып шеңберге тұрады.
Жылулық шеңбері: Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарыңмен бір жүру.
Қандай жақсы дос болу,
Қандай жақсы көп білу.
Балалар сәлемдеседі, жылы тілектерін айтады.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Сары түсті,
Төрт түсті, жер үсті.
Балалар жұмбақтың жауабын табады (жыл мезгілдері).
-Балалар сіздер білесіз дер ме бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Балалар: бір жылда төрт мезгіл бар.
-Жыл мезгілдерін атайықшы?
Балалар: қыс, көктем, жаз, күз.
-Балалар бүгін сендер төрт түрлі жыл мезгілдері болып әр бала өзінің жыл мезгілдері белгісіне қарай бөлініп отырамыз.
(балалар отырады).
-Ал, енді балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жыл мезгілдерінің қалай жылжуы турады қызықты ертегі айтқым келіп тұр.
Балалар қызығушылық танытады
Ерте, ерте, ертеде ормандағы кішкентай үйдің қабырғасында біздің сағатқа ұқсамайтын ерекше сағат ілулі тұр екен. Ол сағаттың бір ғана тілі бар, ол жыл мезгілдерін көрсетіп тұрады екен. Қазір осы сағат тоқтап қалыпты.Осы сағаттың жүруіне біз қалай көмектесуіміз керек .
Ғажайып сәт: Жыл Атасы кіріп келеді.
-Армысыңдар ма балалар! Сіздерді осында кездестіретінімді білгенмін. Менің сіздерге айтарым, әлемде күш пен білімнің, ақыл мен парасаттың өлшемімен өлшенетін заттар болады. Менің сағатымда дәл осылай өлшенеді. Менің тапсырмаларымды орындай алсаңдар, сағат жүретін болады. Сәттілік сендерге балалар!(Жайғасып отырады)
Тәрбиеші: -Балалар, Жыл Атасының тапсырмасын орындауға дайынбыз ба? Тапсырмаларды орындап көрейік, мүмкін сағаттың жүруіне көмегіміз тиіп қалар. Балалар сағаттың тілі сары түске келгенде тоқтап қалыпты. Қане, ендеше маған кім көмектеседі.
1-тапсырма. Сурет бойынша күз мезгілі туралы әңгіме құрастыру (слайд).
Балалар: -Бұл күз мезгілі. Күн суытады. Жел соғады. Аспанды сұр бұлт торлайды. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Көкөністер, жемістер піседі.
2-тапсырма. Күз айларын ата
Балалар: -Қыркүйек, қазан , қараша
3-тапсырма. Әдептілік, имандылық туралы сөздер білесіздер ме?
Мысалы: «Сәлеметсіз бе?», «Рахмет», «Өтінемін», «Кешіріңіз». (слайд сурет)
Әдептілік туралы мақал-мәтелдер:
Әдепті бала сүйкімді.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Сағат тілі қыс мезгіліне жылжиды.
1-тапсырма. Сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгіме құрастыру (слайд).
Балалар:-Күн суық болады. Қар жауады. Боран соғады. Балалар далада шанамен сырғанайды.Қар дан аққала жасайды.Қалың киініп жүреміз.
2-тапсырма.Қыс айларын ата.
Балалар:Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Дид.ойын «Жақсы-жаман»
3-тапсырма Жылдам болса қай бала…(сұрақ-жауап).
Аю қыста ұйықтайды,ал коктемде…(оянады).
Кешке күн батады,ал таңертең …(атады).
Қыста кун сүытады,ал жазда …(ысыды).
Қарға қарқылдайды,мысық…(мияулайды)
Сағат тілі көктем мезгіліне жылжыды.
1-тапсырма. Сурет бойынша көктем мезгілі туралы әңгіме құрайды (слайд)
Жауабы: Бұл-көктем мезгілі. Күн жылы болады. Қар ериді. Күн ұзарады түн қысқарады. Ағаштар бүршік жарады. Бәйшешек гүлдейді. Балалар қуанады, ойнайды.
2-тапсырма. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Сергіп алайық: Жаңбыр жауды тық-тық
Сен далаға шық-шық
Соғады жел гу-гу
Құстар ұшты ду-ду.
Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды.
Көктем қызыл-жасылды
Кемпірқосақ ашылды.
Әттең қолым жетпейді
Әттең бойым жетпейді (Сәйкес қимылдар жасайды).
3-тапсырма. «Ертегілер елінде» (слайд ертегілер суреті)
Балалардың жауабы: «Бауырсақ» ертегісі
«Арыстан мен тышқан» ертегісі
«Үйшік» ертегісі
Дид. ойын: «Көлеңкесінен таны»
Мақсаты: Балалардың байқампаздығын, есте сақтау қабілетін дамыту, ойын қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Тәрбиеші ақ матаның артынан ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсетеді. Балалар оның қай жануар екенін табады.
1-тапсырма. Сурет бойынша жаз мезгілі туралы әңгімелеу
Балалар: Бұл жаз мезгілі. Күн ыстық болады. Аспан ашық болады. Күннің көзі шуағын жерге мол түсіреді. Әдемі гүлдер өседі.Жемістер, көкөністер пісе бастайды. Балалар суға шомылады.
2-тапсырма. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
3-тапсырма. Гүлдер туралы тақпақ, мақал-мәтел. Жаздың әдемілігін гүлдер туралы тақпақтар айтып бейнелеп беріңдерші.
Күн шығады күлімдеп,
Тарап одан жылылық.
Гүл өседі үлбіреп,
Сонда бар ғой сұлулық
Жайнаңдаршы гүлдерім,
Қандай әсем түрлерің.
Ырғалыңдар желменен,
Қандай әсем күлгенің.
Гүлдер толып кетіпті,
Далаларға, тауларға.
Қарай бергім келеді,
Гүлдер толған қырларға.
Мақал – мәтелдер:
1.Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі.
2.Бала тілімен сүйкімді,
Дала гүлімен сүйкімді.
3.Ер-елінде, гүл-жерінде.
Жыл атасы: Балалар, сіздердің көмектеріңіздің арқасында менің сағатым жүріп жыл мезгілдерін көрсете бастады. Сіздерге көп-көп рахметімді айтамын . Меніңде жүретін кезім жеткен сияқты. Қош сау болыңдар, балалар!
Қимылды ойын: «Түсін таңда»
Ойын шарты: Балалар қолдарындағы түсті музыка әуенімен қозғалып жүреді. Музыка аяқталғанда қолындағы түстер бойынша тұрып қалады (балалар қызыға ойнайды)
Ұжымдық жұмыс: Жыл мезгілдері белгілерін құрастырып,жапсыру.
Қорытындылау:
Жұмбақ жасыру: Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды (күн)
Ақ сандықшаның ішінен күн шығады. Осы күнді балалар қолдарына алып, бүгінгі алған әсерлерімен бөліседі.
-Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Сіздер көп нәрсе біледі екенсіздер. Осының арқасында біз сағаттың жылжуы, жүруіне көмектестік.
-Бізге қонаққа кім келеді?
-Қандай тапсырмаларды орындадық?
-Қандай сиқырлы сөздер үйрендік?
-Ертегілер елінде қандай кейіпкерлерді көрдік?
-Бір жылда неше жыл бар екен?
Мақал-мәтел: 1. Қыс азығын жаз жина.
Күн тазартқан тіршіліктің тынысын,
Күндей болмас алтының мен күмісің.
Келген қонақ риза болып аттансын,
Қане, балалар, қонақтармен қоштасайық!
Жыл Атасының сыйлықтарын үлестіреді. Балаларды мадақтайды. Қош сау болыңдар!