Ақмола облысы
Зеренді ауданы
«Айгөлек» б\б
Викторовка ауылы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Жапырақтар бүр жарды»
[pic]
Өткізген:Буршахбай. А
2015-2016 оқу жылы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Жапсыру.
Тақырыбы: « Жапырақтар бүр жарды.»
Мақсаты:Тікбұрыштың бұрыштарын кесіп тастап, бөлшектерді – жапырақшаларды өз бетінше қиюды,ағаштынң бұтақшасын жасауды үйрету.
Дамытушылық:Қайшымен жұмыс жасау машығын, шығармашылық көзқарасты, қағаз парағы петінде бағдарлай білуді дамыту.
Тәрбиелік:Елестету, туған өлке таби ғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілік құралдары:Төрт мезгілдің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар.Желім, дайндаған заттар.
Ұйымдастыру кезеңі:Балаларды тыныштаңдырып назарларын аудару. Шаттық шеңбер: - Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған,
Сәлем деймін апайға, Қонақтарға, құстарға!
[pic]
Кәне балалар орынымызға отырайық. Балалар мен секндерге жұмақ жасырайын сендер қай мезгіл туралы екенің тауып көріндерші. Балалар: Жарайды. Мұқият тыңдаймыз. Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып
Гүл бәйшешекке толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгіл болады?
Балалар: - Көктем! Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
[pic]
Балалар: Төрт,Күз,қыс,көктем, жаз Дұрыс жарайсындар Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Көктем
[pic]
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар? Балалар: Үш Тәрбиеші:Кәне қандай айлар бар? Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр Тәрбиеші:Көктемде қандай өзгерістер болады? Балалар: Қар ериді ,күн жылынады,күн шығады, жаңбыр жауады,құстар келеді. Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
[pic]
Орындау тәсілін көрсету Прақтын қалай тұратынын анықтау(көлденең) 1.Бұтақшаны парақтың орта тұсына қоямыз. Ол ағаштың діңінен өседі,сондықтан оған жанасып тұруы керек. 2.Мөлшері бірдей үш жапырақты қиямыз.Әрқайсыңның үстелінде сырнай көрінгендей етіп бүктелген жасыл түсті қағаз бар.бүктеме үш тікбұрыштан тұрады. Барлық тікбұрыштарды бірге жалғастырамыз. Пайда болған тікбұрышты қысқа жағынан жоғары көтереміз де,бұрыштарын кесіп тастаймыз: жоғарғы жағының ортасынан, бүйір жақтарының ортасына қарай аздап доғалаймыз, сосын тура сондай етіп төменгі жақтың ортасынан кесеміз. 3. Жапырақшыларды бір түсті параққа жаямыз. 4. Бөлшектерді жапсырамыз: алдымен бұтақшаны,содан кейін жапырақшаларды. Балалар жапырақшаларды өз қалацларымен орналастырады. Бастысы, жапырақшалардың бәрі бір жаққа қарап тұруы тиіс.
[pic] Балалардың өз бетінше жұмыс жасау. [pic]
[pic]
Ойын: «Жаңбыр мен күн»
[pic] Балалардың жұмысын көрмеге қою және талдау. [pic]
[pic] [pic]
Көктем
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел, балалар, әнменен,
Қарсы алайық көктемді.
Ән: «Көктем»
[pic] Қорытындылау:
- Балалар, қазір қай мезгіл? Көктем
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Қар ериді.
- Құстар келеді.
- Ағаштар бүршік жарады.
- Гүлдер өседі.
- Адамдар жеңіл киінеді
Мадақтау. [pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]