Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлінуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, тауықтың суреті.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2.Қазір далада қай мезгіл? Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?
[pic] [pic] [pic] [pic]
3.Педагог балалардан суретте ненің бейнеленгенін сұрайды
[pic]
- Ненің суреті? - Тауықтың суреті.- Тауық сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Т – дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді. Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату: -та; -ата; -ат. «Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасы. Тай, тас, тос, тон, т.б.
[pic]
4. «Т әрпін тап»дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді.
5. Тіл ұстарту жаттығуы: Та-та-таАта, берші бата.
ІІ. Негізгі бөлім. Дәптермен жұмыс.
[pic]
1. Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру.Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.
2. Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.
3. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
4. Т әрпін ауада жазу. Т әрпін бастырып жазу. Т әрпінің кіші жіне бас әріптерін жазады.
5. Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.
[pic]
6. Сергіту сәтін өткізу: Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
7. Топпен жұмыс:
І топ
[pic]
ІІ топ
[pic]
Сұраққа жауап береді
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ойынды ойнайды.
Мозайка құрастырады
Білетін сөздер айтады
Дәптердегі тапсырма-
ларды орындайды.
Мұғалімнің көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды табады.
Сергіту сәтін жасайды.
Топпен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. - Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?- Т дыбысы қандай дыбыс екен? Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:т дыбысы және әрпімен таныстыру.
Қандай түсініктерді игерді:т дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сөйлем құрату.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорларын толықтыру, ойын жеткізе білуге баулу.