Бірге жарысамыз қысқы ойын сауық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқы ойын жаттығулар «Бірге жарысамыз»

(Ересек топтары)

Мақсаты: Қимыл қозғалыс белсенділіктерін арттыру, физиологиялық, эмоционалдық, интеллектуалдық факторларды бала бойында дамыту.

Міндеттері:

  • сөс ұстануға тәрбиелеу;

  • топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • физиологиялық сапаны арттыру: шапшандық, күштілік, ептілік, төзімділік;

  • белсенділік танытып, женіске жетуге талпындыру;

  • қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Қатысатын кейіпкер: дәрігер Айболит.

Нұсқаушы: Сәлеметсіндер ме, балалар. Ойын жаттығуымызды бастайық. Бүгін өзіміздің дайындығымызды көрсетеміз және әліде қандай дағдыларды жаттықтыруымыз керектігін үйренеміз.

Айболит жүгіріп келеді.

Айболит: Сәлеметсіндер ме, балалар. Жаттығудын алдында сендердін денсаулықтарынды тексеруге келдім, көңіл күйлерін жақсы ма? Мен сендерге қысқы ойындарға керекті құралдар жайында жұмбақ жасырғым келіп түр.

Қыс туралы жұмбақтар жасыру.

Ойын: «Мұрын – құлақ - тізе».

Дәрігер Айболит дене мүшелерін атайды( мұрын, тізе , құлақ), балалар дене мүшелерін көрсетеді. Дәрігер дене мүшесін атап шатастырып көрсетеді.

Дәрігер Айболит : Жарайсыңдар, балалар. Жаттығуды бастауға рұқсат етемін.

Балалар екі командаға бөлінеді.

Нұсқаушы: Екі команда бір бірімен амандасыңдар.

Эстафеталар.

«Көңілді пингвиндер»

Міндеті: ептілікке жаттықтыру.

Ойыншылар тізенің арасына қапшықты қыстырып бағытқа дейін секіріп жетуі керек. Эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.

«Мерген хоккейші»

Міндеті: координациялық қозғалыс пен көз мөлшерін дамыту.

Әр команданың қатысушылары клюшкамен шайбаны қақпаға көздеп соғады.

«Достық»

Мәндеті: ұжымдық қарым қатынасты сыйластықты дамыту.

Әр команданың қатысушысы белгіленген бағытқа жұптасып, қол ұстасып жүгіреді.

«Сап тізбекте допты жеткізу»

Міндеті: ептілік және қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

Допты бастан асыра бірінші ойыншыдан соңғы ойыншыға дейін жеткізу, артқа қарай аяқ арасымен , қолдан қолға беру.

«Күштілер»

Міндеті: күш пен төзімділікті дамыту.

Арқан тартысу.

Дәрігер Айболит: Жарайсыңдар! Жақсы жаттықтыңдар, енді ойын ойнайық!

Қимылды ойын: «Қыс қызықтары»

Дәрігер Айболит: Мен қысты жақсы көретіндерді атаймын. Мысалы, орманда түлкілер, ағашта құрлар, бақшада балалар т.б. Бірақ мен «Мұзды мүсіндер!» деп атағанда, сендер тез бір мүсінге айналып, қатып қалуларын керек. Әдемі мұзды композиция жасауға болады.

Мен сендер үшін қобалжып едім! Жарайсыңдар , балалар! Сендер үлкен чемпион боласыңдар, біз сендерді мақтан етеміз!

Спорт пен шынығу

Денсаулықтың кепілі!

Енді мен сендер үшін абыржымаймын, енді басқаларға көмектесейін, олар сендер сияқты спортпен жаттықпады, сондықтан ауырып қалды. Сендерге сыйлығым бар, мына алмаларды жесендер көп дәрумен бар. Сау болындар, балалар.

Нұсқаушы: Бүгін сендердің достықтарына, ептіліктеріне , күштіліктеріне , дендеріңнің саулығына көзім жетті. Осымен мереке аяқталды, сау болыңыздар! Келесі кездескенше!