«Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»
Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы "Жануарлар қалай дыбыстайды?" сұрағына жауап беруге үйрету. Балалардың төрт түлік туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын дамыту
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: шаттық шеңбері
Қажетті көрнекі құралдар: Үй жануарларының суреттері
Қостілділік компонент: Сиыр - корова, жылқы - лошадь
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастау үшін балаларды орындарынан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
- Балалар адамдардың күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасы қалай атаймыз?
- Үй қандай бөліктерден тұрады?
- Үйдің төбесі, қабырғасы, есігі, терезесі болады.
- Үй бөліктері қандай пішіндерге ұқсайды?
- Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.
- Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдің неше терезесі бар екенін санайық?
- Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде әңгімелейтініміз осы терезелердің ішінде жасырылған. Ендеше, сендер қазір бес терезенің түстерін айтасыңдар, ішінде не бар екенін көрейік, балалар!
- Бұл суреттер сендерге таныс па?
- Дұрыс, үй жануарлары. Енді үй жануарлары туралы толықтай айту үшін бір сәт тақтаға назар аударайық!
Түйе: Үй жануарларының ішіндегі ең ірісі сүт қоректі жануар. Түйе шөппен қоректенеді. Адамдарға жүн, ет, сүт береді. Сүтінен: ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат жасайды. Түйе жүнінен көрпе жасаймыз. Ерте кезде адамдар көшіп, қону үшін көлік ретінде пайдаланған.
Сиыр: Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Сиыр сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді.. Оның терісінен тон киеміз. Адамдарға ет, сүт береді сиыр сүтінен: айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды.
Жылқы: Үй жануарларының ішіндегі ірі сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді. Жылқыны адамдар көлік қылып мінеді. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтінен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды.
Қой: Төрт түлік малдың ішіндегі сүт қоректі, момын жануар. Шөппен қоректенеді. Адамдарға ет, сүт, жүн береді. Түйе жүнінен қалың киім тоқиды, киіз басады, байпақ жасайды.
Ешкі: Ешкінің сүті өте пайдалы. Ешкінің жүні түбіт деп аталады. Одан түрлі қалың киімдер, әсіресе қолғап тоқимыз.
- Үй жануарларының барлығы адамдар, яғни, біз үшін өте пайдалы. Олар адамдардың бағып - қағуымен, асырауымен тіршілік етеді. Адамдар оларға жем, су, шөп береді.
- Үй жануарларының балалары болады. Біз оларды төлдері деп атаймыз.
Қой – қозы
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Түйе – бота
Ешкі - лақ
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
- Балалар, үй жануарларының әрқайсысының өздерінің дыбыстары бар. Сендерге таныс дауыстар шығар. Тақтаға қарайық.
Балаларға үй жануарларының дыбыстарын жасырып, тыңдату.
Сиыр - мөңірейді
Түйе – боздайды
Жылқы - кісінейді
Қой - маңырайды
Ешкі - маңырайды
- Енді, үй жануарларының орысша аудармаларын айтайық:
Қостілділік компонент:
Сиыр - корова, жылқы - лощадь
Дидактикалық ойын:
«Анасын табуға көмектес»
Шарты: сурет бойынша үй жануарларының аналарын тауып, қасына орналастыру.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарлары туралы
Қандай түсініктерді меңгерді: Үй жануарларының адамға пайдасын түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Оларды төлдерімен ажыратып, атай біледі.