К ӨҢ І Л Д І С Е Р У Е Н
№1
Ауа райын бақылау. Ағаштарға бақылау жасау . Қыс мезгілінен киіегі өзгешеліктерді бақылау . Күн сәулесіне тіке қарау
Еңбектену: Аула жинайтын ағайға көмектесу, қоқыс жәшігіне ағаш бұталарын салу.
Қимылды ойын: Жұбыңды тап.
№2
Ауаны бақылау. Аспанда қалықтаған бұлттарды үшып келіп жатқан құстарға бақылау жасау.
Еңбектену: Құмсалғыштағы құмдарды көтеру.
Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық».
№3
Теректерге бақылау жасау. Оларды қандай ағаштар екенін
айыру .Оларды бір –бірінен қалай ажыратуға болады. Көктемнің белгілері қандай Ағаштар туралы түсінік беру білімдерін бекіту .
Еңбектену:Су ағатын жыралар жыру.
Қимылды ойын: «Ұшты -ұшты».
№4
Желдің бағытын бақылау Ағаштардың басының қимылына қарап желдің бағытын анықтау яғни жел дегеніміз –бұл ауадағы қозғалыс жел қайдан пайда болуы мүмкін?
Еңбектену: Ойын алаңындағы қағаз қалдықтарын жинастыру.
Қимылды ойын : «Қатып қал »
№5
Саябаққа саяхат жасау . Көктемгі табиғатты тамашалау Қандай ағашта ең бірінші бүршіқ атқанын сұрау.
Еңбектену :Құс ұяларын жөндеу ағаш бастарына орналастыру.
Қимылды ойын: «Кім бірінші»
№6
Күнді бақылау. Күн шуағын қалай төгеді ?Күн қандай оны қолмен ұстауға блоады ма? Күн туралы тақпақ оқу.
Күн мейрімін төгеді
Алаламай ешкімді .
Сәулесімен өбеді,
Кәрі еменді өскінді.
Жан құағы шуақты ,
Күн анамыз сияқты.
Оқылған өлеңді талқылау.
Қимылды ойын :«Күн мен түн »
Еңбектену: Құстарға сем сауыт дайындау.
№7
Ауа райының қандай екенін бақылау күн, аспан ,ауа райы осы сөздерді таңдау .таңдаған сөздерімен байланыстырып әңгіме құрау. Күн өлеңін еске түсіру.
Еңбектену: Гүл егетін орындарды қопсыту.
Қимылды ойын: «Қуылыспақ»
№8
Жылы жақтан келетін құстарға бақылау жасау. Қандай құстар жылы жаққа үшқан. Аттарын атайық. Кім тез айта алады ? Құстардың қимылдарын салу.
Қимылды ойын: «Ұшады ұшпайды»
Еңбектену: Құс ұяларын әзірлеу.
№9
Көктем мезгілінде адамдардың қалай киінгендерін бақылау . Үстеріне не киген ? Балалар топқа барған соң ,көктем мезгілінде киілетін киімдерді бейнелейміз.
Еңбектену: Алаңдагы жүретін жолдарды тазалау.
Қымылды ойын: Түлкі мен тышқан.
№10
Аула ішіне бақылау жасау. Ойын алаңында қандай өзгерістерді байқадыңдар ?Ағаштар ,жер қандай күйде ?Бір қуаныш бейне сияқты жаңадан көгеріп бүршіктеніп келе жатыр.
Еңбектену: Құмсалғыштағы құмдарды көтеру.
Қймылды ойын: Қуылыспақ.
№11
Ағаштарға бақылау жасау .Қандай ағаштарды танисыңдар.Оларды қалай айырасыңдар? оОлар қазір қалай көрінеді ?Неге? Бұталар мен ағаштарды қалай айырасыңдар ?
Ағаштардың жасын айыра аласыңдар ма ?Ойын ұйымдастыру қалай суреттеп бересің
Көктемттуралы өлең оқу.
Еңбектену : Ағаш бұталарын жинастыру.
Қимылды ойын: «Кім шапшаң»
№12
Бұлттарға бақылау жасау. Бұлт қандай? Бұлт туралы жұмбақтар шешу. Қалықтаған ақ мамық
Қалықтайды қай жаққа?
Бұлт қалай пайда болады ойлап көрейік.
Қимылды ойын: «Торғай мен мысық»
Еңбектену:Гүл өсіретін орындарды қопсыту.
№13
Жер бетіне бақылау жасау .жаңадан көгерген кішкене шөптерді қарау .Қандай шөптер екенін айыру.
Қимйлды ойын: «Кім шапшаң»
Еңбектену: аула ішіндегі қағаз қалдықтарын жинастыру.
№14
Ағашқа еріген қарларға бақылау жасау. Айналада қандай өзгерістер пайда болды. Олар неге ерейді?
Еңбектену: Су ағатын жыралар жыру.
Қимылды ойын: «Мысық пен құстар»
№15
Еріген суларды бақылау . Жыраларды тазалау. Өткен сабақты еске түсіру.Судың үш күйі болады мұз, бу, сұйық бұл судың қай күйіне жатады. Сұйық
Жұмбақ жасыру:
Қимылды ойын: өздеріне ұнаған ойындар ойнау.
Еңбектену: Аула сыпырушы ағайға көмектесу.
№16
Жел бағытын бақылау .Тәжірибе жасау таяқшаға лента байлап ,желдің бағытын бақылау.Қар қалай еріп кетіп жатыр.Қардың еруіне желдің әсері барма ?
Қимылды ойын: « »
Еңбектену: Аяқ киімдерін ішке кірерде тазалау
№17
Жем сауытқа ұшып келген құстарды бақылау. Құстар жем жеген кезде өздерін қалай ұстады ? Жемнің қандай түрін ұнатады?Жем сауытқа қандай құстар келеді?
Қимылды ойын «Ұясыз торғай»
Еңбектену: Жем сауытты тазалау.
№18
Ауа райын бақылау. Кешегі күннің ауа рацымен салыстыру .Несімен өзгеше? Халық болжауы бойынша ертеңгі күннің қандай болатынын болжау.
Қимылды ойын :Өз еріктері мен ойнау.
Еңбектену: Аула тазалайтын ағайға көмектесу.
№19
Саябаққа саяхат жасау. Көктем мезгіліне бақылау жасау.
Саябақтын іші қандай түске боялған.
Қимылды ойын: «Жылқылар»
Еңбектену: Жаңа жемсауыттар жасау.
№20
Ылғалды ауаны бақылау .Еріген қардың жерге пайдасы қандай? Көбінесе қандай жерлер ылғалды болады .Күн сәулесі түскен жерлер қандай?
Еңбектену:Ағаш түптерін қопсыту.
Қимылды ойын: «Кім тез»
№21
Қол еңбегі сабағынан жасаған жұмыстарын жел бағытын бақылау үшін пайдалану Күн жылынғанда адамдар қандай киімдер кигендерін бақылау.
Қимылды ойын: Тығылыспақ.
Еңбектену:Шашылған ағаш бұтақтарын жынау.
№22
Көліктерге бақылау жасау. Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Көлік аттарын ата? Көлікті не үшін пайдаланамыз. Көлікті кімдер жүргізеді .
Қимылдй ойын : «Жұргізуші мен жолаушы»
Еңбектену Гүл өсіретін орындар әзірлеу.
№23
Аула ішіне бақылау жасау. Аула ішіндегі ойыншықтар неден жасалған?
Еңбектену:Ауладағы үй шіктерін тазалау.
Қимылды ойын: « Кім шапшаң»
№24
Күннің қозғалысын бақылау . Көлеңкеге назарларын аудару Көлеңке ұзын және қысқа болуы мүмкін –ол күннің жоғары көтерілуіне байланысты .
Еңбектену:Жемсауытты ауыстырып жаңасын ілу.
Қимылды ойын: «Ұшты -ұшты».
№25
Саябаққа саяхат жасау . Қысқа қарағанда көктемде саябақ қалай өзгерген? Ағаштар бұршік атқан ағаштар жер көк шөпке оранған.
Қимылды ойын: «Жұбыңды тап»
Еңбектену: Топқа кірер алдында аяк тарын тазалау.
№26
Құстардың дыбыстарын тыңдау .Қай құстың даусы ?
Құстардың атын атау.
Қимылды ойын: «Ақ серек көк серек»
Еңбектену: топқа кіргеннен кейін топ ішіндегі гүлдерді суару.